Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
параграф. "Әлеумет" білім беру саласыСодержание книги
Поиск на нашем сайте
13-параграф. "Әлеумет" білім беру саласы 231. "Әлеумет" білім беру саласының базалық мазмұны әлеуметтік дамыту және еңбекке баулу ұйымдастырылған оқу әрекетінде жүзеге асырылады. 232. Мақсаты - күрделі кемістігі барбалаларды әлеуметтік ортадағы мінез-құлқы мен қарым-қатынастарын қанағаттандыру бойынша өзіне-өзі қызмет ету дағдыларына үйрету. 233. Міндеттері: 1) жақын ортадағы заттар туралы түсініктерін қалыптастыру; 2) қарапайым әлеуметтік-тұрмыстық жағдаяттар туралы түсініктерін қалыптастыру; 3) қарапайым әлеуметтік-тұрмыстық мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру. 14-параграф. 1-жартыжылдық 234. Әлеуметтік дамыту мен еңбекке баулу: 1) тұрмыста, сонымен қатар дидактикалық ойын барысындағы сабақтарда өз-өзіне қызмет көрсету дағдыларын, суреттерді зейін қойып қарап, нұсқауды орындауын қалыптастыру; 2) баланың әртүрлі тұрмыстық жағдайда үстел басында өзінің орнын табуға, тамақтанған кейін үстелін жылжытып қоюға үйрету; 3) ойыншықтарды, құрылыс материалдарын, кітаптарын өз орнына қоюға үйрету; 4) қарапайым нұсқауды орындауға үйрету: алаңдағы құлаған жапырақты нақты орынға жинау, гүл суғару, қар тазалау, топқа ойыншықты жинау, орындықтарды үстелге жақындатып қою; 5) ересек адамның еңбегіне қатысуға үйрету. 235. Күтілетін нәтижелер: 1) баланың әртүрлі тұрмыстық жағдайда үстел басында өзінің орнын табуға, тамақтанған кейін үстелін жылжытып қояды; 2) ойыншықтарды, құрылыс материалдарын, кітаптарын өз орнына қою; 3) қарапайым нұсқауды орындайды: алаңдағы құлаған жапырақты нақты орынға жинау, гүл суғару, қар тазалау, топқа ойыншықты жинау, орындықтарды үстелге жақындатып қояды; 4) ересек адамның еңбегіне қатысады. 15-параграф. 2-жартыжылдық 236. Әлеуметтік дамыту мен еңбекке баулу: 1) тәрбиешінің әрекетіне еліктеп, үстел даярлауға үйрету; 2) топтық бөлмені тазалауына ат салысуға үйрету; 3) бөлме өсімдігі, балыққа күтім жасауға , шан сүртуге үйрету; 4) тәрбиешіге топтағы ойыншықты жинауға, сөреге салу, ойын бұрышын ретке келтіруге көмектесу; 5) тұрмыста мінез-құлық дағдыларын - ұжымда өзін ұстауын қалыптастыру: басқа балалармен мейірімділік қатынаста болу; оларға кедергі келтірмей, көмек қажет болған жағдайда тұрмыстық әеркеттерді орындау (киіну, шешіну, ойыншықты жинау); 6) нақты әрекетті орындау барысында сөздер мен сөздік немесе ым-ишараттық, дактильді формада жеткізуге үйрету: тамақтану, шұлықты кию, шалбарды шешу, шығу есігінен далаға шығу, кәмпит қабығын ашу, таныс заттармен сәлемдесу, қоштасу, сұраққа жауап беру; 7) нақты әрекетті орындауға және оны сәйкес ым, ауызша белгілеуге үйрету: түсіну және айта білу. 237. Күтілетін нәтижелер: 1) ересек адамның әрекетіне еліктеп, үстел даярлайды; 2) топтық бөлмені тазалауына қатысады; 3) бөлме өсімдігі, балыққа күтім жасайды , шан сүртеді; 4) ересек адамға ойыншықты жинауға, сөреге салуға, ойын бұрышын реттеуге көмектеседі; 5) тұрмыстық әрекеттерді орындауға (киіну, шешіну, ойыншықты жинау) көмектеседі; 6) нақты әрекетті орындау барысында сөздер мен сөздік немесе ым-ишараттық, дактильді формада жеткізеді: тамақтану, шұлықты кию, шалбарды шешу, шығу есігінен далаға шығады, кәмпит қабығын ашады, таныс заттармен сәлемдесуеді, қоштасады, сұраққа жауап береді; 7) нақты әрекетті орындайды және оны сәйкес ым, ауызша белгілейді: түсінеді және айтады.
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.225.156.102 (0.009 с.) |