Содержание книги

  1. параграф. 2 - жартыжылдық
  2. параграф. 1-жартыжылдық. параграф. 2-жартыжылдық
  3. тарау. Екінші кіші топ (3-4 жастағы балалар)
  4. параграф. 2 - жартыжылдық
  5. параграф. "Әлеумет" білім беру саласы
  6. параграф. 2-жартыжылдық. тарау. Ортаңғы топ (4-5 жастағы балалар). параграф. "Таным" білім беру саласы
  7. параграф. 1 - жартыжылдық
  8. параграф. 2- жартыжылдық
  9. параграф. "Әлеумет" білім беру саласы
  10. параграф. 2-жартыжылдық.
  11. параграф. 1 - жартыжылдық
  12. параграф. 2-жартыжылдық
  13. параграф. "Әлеумет" білім беру саласы
  14. параграф. 2 - жартыжылдық
  15. тарау. Мектепалды даярлық сыныбы (6 -7 жастағы балалар)
  16. параграф. Ойлауды қалыптастыру
  17. параграф. "Әлеумет" білім беру саласы
  18. Тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы
  19. тарау. Екінші кіші топ (3-4 жастағы балалар)
  20. параграф. 2 жартыжылдық
  21. тарау. Орта топ (4-5 жастағы балалар)
  22. параграф. 2-жартыжылдық
  23. тарау. Ересектер тобы (5-6 жастағы балалар)
  24. параграф. 2-жартыжылдық
  25. тарау. Мектепалды даярлық сыныбы (6-7 (8) жастағы балалар)
  26. Дамуында күрделі бұзылыстары бар балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы
  27. параграф. "Денсаулық" білім беру саласы
  28. параграф. 2-жартыжылдық
  29. параграф. "Коммуникация" білім беру саласы
  30. параграф. 2 - жартыжылдық
  31. параграф. "Таным" білім беру саласы
  32. параграф. 2-жартыжылдық
  33. параграф. "Шығармашылық" білім беру саласы
  34. параграф. 2-жартыжылдық
  35. параграф. "Әлеумет" білім беру саласы
  36. параграф. 2-жартыжылдық
  37. параграф. Арнайы түзеу оқу қызметі
  38. параграф. 1-жартыжылдық
  39. параграф. 2-жартыжылдық
  40. параграф. "Денсаулық" білім беру саласы
  41. параграф. 2-жартыжылдық
  42. параграф. "Коммуникация" білім беру саласы
  43. параграф. 2-жартыжылдық
  44. параграф. "Таным" білім беру саласы
  45. параграф. 2 - жартыжылдық
  46. параграф. "Шығармашылық" білім беру саласы
  47. параграф. 2-жартыжылдық
  48. параграф. "Әлеумет" білім беру саласы
  49. параграф. Арнайы түзеу оқу қызметі
  50. параграф. 2-жартыжылдық


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

параграф. "Денсаулық" білім беру саласы



 2-тарау. 1-деңгей (2 - 4 жас)

 1-параграф. "Денсаулық" білім беру саласы

7. "Денсаулық" білім беру саласының базалық мазмұны дене шынықтыру ұйымдастырылған оқу қызметіарқылы жүзеге асырылады.

8. Мақсаты - дене дамуындағы жетіспеушілігін түзеу; қоршаған ортаны тану мүмкіндігіне сай белсенді қоршаған ортаны тану процесіне қосу; кеңістікте қозғалу барысындағы қорқынышты жеңуге, теріс қимыл дағдыларына жол бермеу; сақталған анализаторлардың негізінде қажетті білік пен дағдыны қалыптастыру; дене дамуындағы ауытқушылықты түзету және компенсациялау.

9. Міндеттері:

1) моторлық мүмкіндіктерін айқындау, оны жаттықтыру, нығайту және ынталандыру;

2) сақталған анализаторлар қызметтерінің негізінде қимыл сфераларын түзеу, қажетті білік пен дағдыны дамыту және қалыптастыру;

3) қимыл стереотип пен кеңістікте қозғалу барысындағы қорқынышты жеңу бойынша жұмыс жасау.

 2-тарау. 1-жартыжылдық

10. Дене шынықтыру.

11. Моторлық мүмкіндіктерін айқындау, оны жаттықтыру, нығайту және ынталандыру:

1) ұсынылатын сүйеніштердің көмегімен отыру қалпында тепе-теңдікті сақтауға үйрету;

2) отыру қалпынан өздігімен еденнен тұрып, жиһазды (әртүрлі пішіндегі) айналып өтуге, қол және тіземен еңбектеуге үйрету;

3) сүйеніш ретінде жиһаздар заттарын қолдануға үйрету;

4) әртүрлі биіктіктегі сүйеніштермен қозғалуға үйрету;

5) сатыға немесе төмен баспалдақтарға еңбектеп түсуге және көтерілуге үйрету;

6) биік емес заттарға шығу және түсуге, отырып-тұруға, еңкеюге, үйрету;

7) секіргіш креслода ересек адам баланы тізесіне отырғызып тербеткенде,ересек адаммен бірге отыру қалпында секіру барысында өз сезімдерін дамытуға ынталандыру;

8) баланың моторлық мүмкіндіктерін айқындау, қимыл мен қалыптың стереотиптік патологияның танылуына қарсы әрекеттер жасау.

12. Моторлық дағдыларын қайта қалпына келтіру, өз денесін саналы түрде түсіну мен қабылдауын дамыту үшін "базалды ынталандыру" әдісін қолдану:

1) вибрациялық базалды ынталандыру тәсілін қолдану: "базалды ынталандыру" - бұл балаға жеке денесін сезінуге көмектесу мақсатында қарқынды тітіркендіргіштермен кешенді педагогикалық ықпал ету әдісі. Пайдаланылатын тітіркендіргіштер өте қарапайым болады және минимумға дейін қысқартылады: тактильді (жанасу, құшақтау); вестибулярлық (дененің бөлек бір бөліктерін шайқау және аудару, жоғары-төмен қимылдау, кейбір қимылдарды жылдамдату-азайту); дірілдік (тербелу, қысым жасау);

2) дірілдейтін жастықтар, ойыншықтар, камертондар көмегімен ауаның қозғалысын сезуін дамыту. Вибрациялық ынталандыру қатты жазықтықта "арқасымен жату" қалпында орындалады. Мөлшері әрбіріне жеке болуы. Вибрациялық жүйені сүйек жүйесіндегі мына органдарға қолданады: саусақ бүйлері, білектік және шынтақтық сүйектер, қолдың шынтақтық, сәулелік және иықтық сүйектері; зеңдік, зеңалды, сандық, балтырлық аяқ сүйектері: қабырғалық доғалар.

13. Сақталған анализаторлар негізінде қимыл-қозғалыс саласын түзетуге бағытталған әрекеттер:

1) қалыпты жағдайдан ауытқуы бар мінез-құлық стереотиптері әдетке айналмай тұрғанда, қалыпты сенсомоторлы дағдыларды дамыту;

2) баланың жауап реакциясын күту;

3) баланың белсенділігін жоғарлату мақсатында басшылық жасауды біртіндеп азайту;

4) белсенді автоматтық қимыл реакцияларын ынталандыру;

5) тепе-теңдікті сақтауға үйрету, басын дұрыс ұстау арқылы тұру дағдысын меңгерту.

14. Үйретілетін біліктер:

1) баланы отырғызу және оның кеудесін отыру қалпында ұстау: кереуетте, үстел басында, аяқтарын төмен түсіріп орындықта отырғызу;

2) бірнеше амалдар арқылы кілемнің үстіне отырғызу;

3) аяғында дұрыс тұру;

4) баланы сүйеп жүргізу;

5) тіреп жүргізу (коляскаға, жүргізгішке);

6) тегіс және еңкіс жазықтықтарда жеке жүруін жаттықтыру (кілем, жол, еден, еңкіс тақтайлар үстінде);

7) табиғи кедергілерден өтуді үйрету: төбе, ор;

8) еденде жатқан заттар арқылы адымдап жүруді үйрету (арқан, таяқ, құрсау шеңбер).

15. Қимыл-қозғалыс саласын, сақталған анализаторлар негізінде қажетті білік пен дағдыны қалыптастыру және дамыту:

1) қалыпты жағдайдан ауытқуы бар мінез-құлық стереотиптері әдетке айналмай тұрғанда, қалыпты сенсомоторлы дағдыларды дамыту;

2) баланың жауапты реакциясын күту;

3) баланың белсенділігін жоғарлату мақсатында басшылық жасауды біртіндеп азайту;

4) белсенді автоматтық қимыл реакцияларын ынталандыру;

5) тепе-теңдікті сақтауға үйрету, басын дұрыс ұстау арқылы тұру дағдысын меңгерту.

16. Күтілетін нәтижелер:

1) жуыну процесіне, өз бетін және қолын жуу және сүрту процесіне қатысу;

2) кеңістікте өз дене бөліктерін саналы түрде түсінеді;

3) өз дене мүшелерін ажыратады және оның қызметін біледі;

4) тыныш қалпында тепе-теңдікті сақтай біледі (балалардың церебралды сал ауруы(бұдан әрі - БЦСА) болғанда мүмкіндігінше);

5) ұсынылатын сүйеніштердің (тұтқаны, орындық, доп) көмегімен отыру қалпында тепе-теңдікті сақтауға үйрету;

6) отыру қалпынан өздігімен еденнен тұрып, жиһазды (алуантүрлі пішіндегі) айналып өтуге, қол және тіземен еңбектеуге үйрету;

7) әртүрлі биіктітегі сүйеніштермен қозғалуға үйрету;

8) сатыға немесе төмен баспалдақтарға еңбектеп түсуге және көтерілуге үйрету;

9) биік емес заттарға шығу және түсуге, отырып-тұруға, еңкеюге үйрету;

10) секіргіш креслода ересек адам баланы тізесіне отырғызып тербеткенде, ересек адаммен бірге отырған қалпында секіру барысында өз сезімдерін дамытуға ынталандыру.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 5; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.191.139.42 (0.006 с.)