Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
параграф. 2 - жартыжылдықСодержание книги
Поиск на нашем сайте
153. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру: 1) сандықтар ұғымдар: теңдік немесе теңсіздікті ажырату арқылы: "тең-тең емес", "соншама-соншама емес"дискретті көптіктерді саны бойынша салыстыру;үш көлеміндегі көптік элементтерін, есту арқылы дыбыстарды, сипау арқылы заттарды, қимылдарды санау;заттар мен дыбыстарды, заттар мен қимылдарды, дыбыстар мен қимылдарды саны бойынша салыстыру: көп, 1, 2, 3; 3 саны көлеміндегі заттарды санау, қорытынды санды атай отырып, таяқшалардың, саусақтардың санымен сәйкестендіру;еліктеу, үлгі және сөздік нұсқау бойынша көптіктен 3 затты ерекшелеу;санауды тексеру тәсілі ретінде пайдалана отырып, 3 затты немесе бейнені санамай-ақ тану; 3 саны көлеміндегі заттар тобын салыстыру: артық немесе кем, артық немесе жетіспейтін элемент; 2) санау: үш көлеміндегі ашық нәтижелі біріктіру және ажырату әрекеттері, нәтижені санау арқылы анықтау; 3 саны көлеміндегі кеңістікте әртүрлі орналасқан, түсі, көлемі әртүрлі заттарды санау;жетіспейтін элементті қосу, артығын алып тастау тәсілімен заттардың екі тобын саны жағынан теңестіру; 3) көлем: заттарды бір-біріне қабаттастыра қою тәсілін пайдалана отырып, биіктігі (биік-аласа) бойынша салыстыру; салыстырылатын екі заттың қайсысының биік (аласа) екенін тану және көрсету; бірінің үстіне бірін қою тәсілімен заттардың енін (енсіз-жалпақ) салыстыру; салыстырылатын екі заттың қайсысының енсіз (жалпақ) екенін тану және көрсету;үш заттың арасындағы көлемдік арақатынасты (үлкен-кіші-ең кіші) табу; 4) геометриялық фигуралар:геометриялық фигураларды:дөңгелекті, шаршыны, үшбұрышты ажыратуға; геометриялық фигураларды пішіні, түсі бойынша біріктіруге; көлемді геометриялық фигураларды ажыратуға; жазық геометриялық фигураларды ажыратуға;үлгі бойынша геометриялық фигураларды белгілі бір дәйектілікпен орналастыруға; геометриялық фигураларды қоршаған заттар сұлбасынан тануға үйрету; 5) кеңістікте бағдарлау:өз дене мүшелерінде бағдарлау: жоғарыда - бас, мойын, кеуде, төменде - аяқ, алдында - бет, іш, артында - арқа, сол, оң қол;педагогтың көрсетуі бойынша заттарды өзіне қатысты орналастыру: алыс-жақын, жанында, онда, мұнда; 6) мезгілдік бағдарлау: жыл мезгілдері (күз, қыс, көктем, жаз); қозғалыс жылдамдығы (жылдам, ақырын); тәулік бөліктері (түн, таңертең, күндіз, кешке). 154. Күтілетін нәтижелер: 1) 3 саны көлеміндегі заттарды санайды, қорытынды санды атайды немесе көрсетеді; 2) үлгі бойынша бір текті және әртүрлі текті көптіктерден 3 көлемінде (1, 2, 3) берілген сандағы заттарды ерекшелейді; 3) үлгінің негізінде заттарды сандық белгілері бойынша топтастыруды жүзеге асырады; 4) дискретті және үздіксіз көптіктерді түрлендіреді (арттырады, кемітеді); 5) үш саны көлеміндегі көптіктерді біріктіру және ажырату әрекеттерін орындайды, нәтижені санау арқылы анықтайды; 6) жетіспейтін элементті қосу, артығын алып тастау тәсілімен заттардың екі тобын саны жағынан теңестіреді; 7) 2-3 затты көлемі, биіктігі бойынша салыстырады; 8) қағаз бетінде (жоғары, төмен, ортасында) бағдарлайды; 9) геометриялық пішіндерді: дөңгелекті, шаршыны, үшбұрышты ажыратады; 10) жыл мезгілдері: күз, қыс, көктем, жаз туралы түсінігі бар; 11) өз дене мүшелерінде бағдарлайды; 12) қозғалыс жылдамдығы (жылдам, ақырын) туралы түсінігі бар; 13) тәулік бөліктері (түн, таңертең, күндіз, кешке) туралы түсінігі бар. 155. Сенсорика: 1) көріп қабылдау мен зейінді дамыту:ересектің әрекетіне еліктеу бойынша 4 элементтен құрастыру процесінде пішіндерді (шар, текше, кірпіш, үшбұрышты призма) ажырату; үлгі бойынша пішіні ерекшеленетін пішінді (дөңгелек, шаршы, тікбұрыш, сопақша) таңдау; бір пішінді басқасына қою тәсілін пайдалана отырып, жазық пішіндерді сәйкестендіру; заттарды берілген бір белгі (пішін, көлем немесе түс) бойынша топтастыру; көлемдерді қабылдауға үйрету: кіші, үлкен, өте үлкен; заттың қолданысынан тыс, пішінді белгі ретінде ерекшелеу ("Қорапқа барлық дөңгелектерді жинаймыз"); заттың қолданысынан тыс, түсті белгі ретінде ерекшелеу ("Жасыл мәшинеге жасыл текшені сал"); практикалық өлшеу тәсілін пайдалана отырып, көлемін ескеріп 3-4 сақиналы пирамидканы, матрешканы жинастыру; 4 бөліктен тұратын кесінді суретті жинастыру; заттар арасындағы кеңістіктік қатынастармен (жоғарыда, төменде) практикалық таныстыру; 2) естіп қабылдау мен зейінді дамыту: дыбысқа еліктеуді 2-3 ұсынылғанның ішінен таңдап жіктеу; дыбысталуы жағынан жақын дыбысқа еліктеулерді жіктеу; суреттерді пайдалана отырып, буындық құрылымы әртүрлі сөздерді жіктеу; қандай да бір аспаптың қатты және ақырын дыбысталуын ажырату; 3) тактильдік-қимылдық қабылдауды дамыту: ересектің сөздік тапсырмасы бойынша ойыншықтарды сипай отырып таңдау (үш ойыншықтың ішінен); заттардың пішіні мен көлемін сипай отырып қабылдау; ересектің сөздік тапсырмасы бойынша заттарды сипай отырып, көлемі бойынша таңдау; заттарды зерделеу, оларға тән белгілерді ерекшелеу; 2 саны көлеміндегі қатты және жұмсақ заттар мен нысандарды қабылдау және жіктеу; материалдың сыртқы беттерінің әртүрлі сапаларымен (темір - суық, ағаш - жылы) таныстыру; 4) дәм сезуді дамыту: тамақты температуралық белгісі бойынша (ыстық, суық, жылы) жіктеу; тамақты әр түрлі дәмдік белгілер ("тәтті-ащы", "тәтті-қышқыл") бойынша жіктеу; тамақты дәмдік белгісі ("тәтті-тұзды") бойынша жіктеу; қышқыл, тәтті, тұзды дәмі бар тағам өнімдерімен таныстыру; тамақты дәмі "тәтті-ащы-қышқыл-тұзды" бойынша анықтау; ұсынылған тамақтардың ішінен тәтті-ащы-қышқыл-тұзды тағамдарды таңдау. 156. Күтілетін нәтижелер: 1) негізгі түстерді (қызыл, сары, жасыл, көк) сәйкестендіреді; 2) көлемді пішіндерді (шар, текше, кірпіш, үшбұрышты призма) ажыратады; 3) берілген сенсорлық белгілері бар нысандарды көптіктің ішінен ерекшелейді; 4) 3-4 құрамды пирамидканы жинастырады; 5) 3-4 бөліктен тұратын матрешканы жинастырады; 6) 4 бөліктен құралатын заттық кесінді суретті құрастырады; 7) заттардың пішіні мен көлемін сипай отырып жіктейді; 8) сипай отырып қатты және жұмсақ нысандарды ажыратады; 9) дыбысталуы жағынан ұқсас дыбысқа еліктеуді жіктейді; 10) музыкалық аспаптың қатты және ақырын дыбысталуын ажыратады; 11) тамақты температуралық белгісі бойынша (ыстық, суық, жылы) жіктейді; 12) тамақтың "тәтті-ащы-қышқыл-тұзды" дәмін анықтайды. 157. Құрастыру: 1) балаларды үлгі бойынша заттарды көлемі, пішіні, түсі бойынша практикалық әрекет арқылы салыстыруға; құрылыстарды шынайы нысандармен және олардың суреттегі бейнелерімен сәйкестендіруге, салған құрылыстарын ойын барысында пайдалануға үйрету; 2) негізгі түстер (қызыл, сары, көк, жасыл) туралы, түстерді сәйкестендіру; заттардың көлемі (үлкен, кіші, бірдей) туралы; заттардың пішіні (текше, кірпіш, пластина, призма) туралы; ағаштан, пластмассадан жасалған құрылыс материалдарының қасиеттері туралыбілімдерін қалыптастыру; 3) құрылыс материалдарынан құрастыру: құрылыс материалдарының бөліктерін (текше, кірпіш, пластина, призма) түсі, көлемі, пішіні бойынша салыстыру; қандай да бір құрылыс үшін әртүрлі құрылыс материалын пайдалана отырып, үлгі бойынша қарапайым құрылыстарды салу; пішінді үстел жазықтығының жағдайына (тұр, жатыр) тәуелсіз тану;үлгі бойынша қуыршақ үшін тар жол, мәшинеге арналған кең жол салу; үлгі бойынша құрылыстарды призманы пайдаланып (үй, шырша, қала көшесі) салу; үлгі бойынша қарапайым құрылымдарды (жиһаз - үстел, орындық, кереует, диван) салу; құрылымдарды әртүрлі жағдайларда (үстелде, еденде) құру; 4) заттық емес құрастыру:ойыншықты жинастыру, бөліктерден бүтін құрау; 2 элементтердің арасындағы өзгеріп тұратын кеңістіктік қатынастарды "жоғарыда-төменде", "алдында-артында" үлгілеу; практикалық әрекеттер барысында өз денесінде бағдарлау: "Ойыншықты сол (оң) қолыңда ұста", "Сол аяғыңды, оң аяғыңды бас";құрылыс жиынтығының элементтерін олардың графикалық бейнелерімен сәйкестендіру; 5) таяқшалардан құрастыру: үлгі бойынша таяқшалардан геометриялық фигураларды салу; үлгі бойынша таяқшалардан қарапайым құрылыстарды (шырша, үй, қайық) салу; 6) құрамалы-жиналмалы ойыншықтарды құрастыру: заттарды оның бейнесінің сұлбасымен салыстыру; трафареттің сұлбасын саусақпен жүргізу арқылы жазық пішінді ерекшелеу; заттың бүтін бейнесін жетіспейтін бөліктерін таңдай отырып толықтыру; 7) дағдыларды қалыптастыру: бірін-бірінің үстіне қою, қатарластырып қою тәсілдерін пайдалану; кірпіштерді жіңішке қырымен қатарластырып бір-біріне тығыздап қою; текшені кірпішке қою; текшені пластинаға қою;екі бөлікті үшіншісімен біріктіріп, қарапайым жабын жасау. 158. Күтілетін нәтижелер: 1) құрылыстарды салуға және олармен бірге ойнауға деген қызығушылық танытады; 2) алған дағдыларды пайдалана отырып, құрылыс материалдарынан және таяқшалардан қарапайым құрылыстар салады; 3) таныс құрылыстарды таниды және көрсетеді; 4) үлгі бойынша құрамалы-жиналмалы ойыншықтарды жинастырады; 5) үлгі бойынша таяқшалардан геометриялық пішіндерді салады; 6) құрылыс жиынтығының элементтерін олардың графикалық бейнесімен салыстырады; 7) кеңістіктік қатынастарды (жоғарыда-төменде, алдында-артында) ажыратады; 8) ойында құрылыстарды пайдаланады. 159. Жаратылыстану: 1) табиғат құбылыстары: жыл мезгілдері (көктем, жаз) туралы түсініктерді қалыптастыру; 2) өсімдіктер әлемі: көкөністер (картоп, сәбіз); жемістер (апельсин, шие, жүзім) туралы білімдерін кеңейту; ағаштармен (шырша) таныстыру; гүлдер (қызғалдақ) туралы түсініктерін қалыптастыру; 3) жануарлар әлемі: жануарлармен (сиыр, жылқы, мысық, ит, түлкі, қоян) және олардың дене құрылысымен танысу; таныс жануарларды, олардың дауыстарын (дыбысқа еліктеу) тану арқылы естіп қабылдауын дамыту; жануарлардың төлдерімен (бұзау, құлын, марғау, күшік, түлкішек, көжек) танысу; үй құстарымен (әтеш, тауық, шөжелер) танысу. жабайы құстармен (қарға) танысу. 160. Күтілетін нәтижелер: 1) педагогтың көмегімен табиғаттағы мезгілдік өзгерістерді анықтайды; 2) иллюстрациядан көктем мен жаздың қарапайым белгілерін көрсетеді; 3) кейбір көкөністер мен жемістерді ажыратады; 4) иллюстрациядағы шыршаны атайды немесе көрсетеді; 5) иллюстрациядағы қызғалдақты атайды немесе көрсетеді; 6) кейбір үй және жабайы жануарларды және олардың төлдерін біледі; 7) жануарлардың дене мүшелерін атайды немесе көрсетеді; 8) үй құстарын атайды немесе көрсетеді; 9) иллюстрациядағы қарғаны атайды немесе көрсетеді.
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 9; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.138.134.247 (0.01 с.) |