Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
параграф. Есту арқылы қабылдау мен айтуды қалыптастыруды дамытуСодержание книги
Поиск на нашем сайте 5-параграф. Есту арқылы қабылдау мен айтуды қалыптастыруды дамыту 122. Оқыту процесінде сөйлеу тілінің үш түрі (ауызша, ауызша-дактилді, жазбаша) пайдаланылады. Ауызша сөйлеу тілі тиянақтымеңгерілген сөйлеу материалы негізінде тікелей қарым-қатынаста қолданылады. Ауызша-дактилді сөйлеу тілі көлемді әңгімелеуде және құрылымы бойынша күрделі сөздерді тұтынуда қолданылады. Жазбаша сөйлеу тілі - жаңа пікірлер мен сөздерді жазу мақсатында, әңгімелерді жазу кезінде қолданылады. 123. Балалардың қабылдауы үшін төмендегідей дыбысталу көздерін ұсынады:дауыс, дабыл, дауылпаз, металлофон, күйсандық, сыбызғы.Балалар келесі тәсілдердің көмегімен жауап береді): дирижерлау, шапалақ ұру, тарсылдату, буындап айта отырып дыбысталатын ойыншықтарда ойнау;дауыстық реакция; геометриялық формалар, фишкалар, қағаздар жолақтардың көмегімен ритмді қою. 124. Оқудың бесінші жылында сөйлеу тілінің фонетикалық жағын нақтылау жалғасады; сөзді дәлме-дәл айту дағдылары жетілдіріледі; фразалық сөйлеу тілі дамиды, өз бетінше ауызша қарым-қатынас жандандырылады. Параграф 6. 1 -жартыжылдық 125. Тілдік емес дыбыстау: 1) есту арқылы сөйлеу тілін, вокалды, аспаптық музыканы ажырату; 2) оркестрлік, хормен және жеке орындауды ажырату; 3) есту арқылы қазақтың ұлттық әуендерін, әндерін ажырату; 4) есту арқылы қайталанатын 2-3 буынды ырғақты ажырату; 5) жануарлар мен құстардың дауыстарын ажырату (4-5тен таңдау бойынша). 126. Тілдік дыбыстау: 1) сөйлеу тіліне деген белсенді ырықты зейіннің болуы, қаратып айтылған сөзді тыңдау, әрі оның мазмұнын түсіну, өзінің және өзгелердің сөйлеу тіліндегі қателерді есту; 2) есту арқылы екі буынды тапсырмаларды нұсқау бойынша орындау; 3) естіп-көріп қабылдау арқылы екі буынды тапсырмаларды нұсқау бойынша орындау; 4) өлеңдер мен мәтіндерді тану; 5) сабақ, балалардың іс-әрекеті, есепті ұйымдастыруға қатысты тілдік материалды тану; 6) балаларға арналған таныс өлеңдер мен әндерді тану; 7) педагогтің сөйлеу тілінің дыбыс күшін, биіктігін, қарқынын анықтау; 8) мәтіннің мазбұны бойынша сұрақтарға жауап беру; 9) есту арқылы ерлер, әйелдер және балалардың дауыстарын ажырату; 10) сабақ, балалардың іс-әрекеті, есепті ұйымдастыруға қатысты тілдік материалды ажырату; 11) телехабарлар, мультфильмдер көруде, экскурсия барысында сөйлеу материалын тану. 127. Ауызша сөйлеу тілін қалыптастыру: 1) сөздер мен сөз тіркестері материалында дауысты дыбыстарды машықтандыру (автоматтандыру); 2) сөздер мен сөз тіркестері материалында дауыссыз дыбыстарды машықтандыру (автоматтандыру); 3) сөздер мен сөз тіркестері материалында дауысты, дауыссыз дыбыстарды айыру (дифференциациялау); 4) әр түрлі ұйқастағы өлең, тақпақтардың айтылу қарқынын өзгерту; 5) қатты дауысты бірте-бірте сыбдырға дейін әлсірету; 6) сыбдырды бірте-бірте өте қатты дауысқа дейін күшейту; 7) дұрыс айтылатын дыбыстардан тұратын құрылымы бойынша күрделі сөздерді айтудағы қиындықтарды жеңу; 8) жаңылтпаштардың айтылу қарқынын өзгертіп айту; 9) өтініш, шаттық, таң қалу, ауырсыну, айыптау, түрткі салу, сұрақ қоюмен байланысты сөз тіркестерін интонациямен айту; 10) дауысты дыбыстарды, буындарды ақырын, өте ақырын, сыбырлап айту; 11) сөйлеуде диафрагмалды тыныс алуды және ауызбен ұзақ дем шығаруды дербес бақылау; 12) сөзде логикалық екпінді бөліп көрсету; 13) дербес сөйлеу тілінде меңгерілген дағдыларды қолдану білігі; 14) сөздер мен сөз тіркестерін әр түрлі күштегі дауыспен айту. 128. Күтілетін нәтижелер: 1) есту арқылы екі буынды тапсырмаларды нұсқау бойынша орындайды; 2) өтініш, шаттық, таң қалу, ауырсыну, айыптау, түрткі салу, сұрақ қоюмен байланысты сөз тіркестерін интонациямен айтады; 3) айтылу қарқынын, күшін өзгертеді; 4) балаларға арналған таныс өлеңдер мен әндерді таниды; 5) сабақ, балалардың іс-әрекеті, есепті ұйымдастыруға қатысты тілдік материалды таниды; 6) естіп-көру арқылы таныс өлеңдер мен мәтіндерді таниды; 7) сөйлеу тілінің дыбыс күшін, биіктігін, қарқынын таниды; 8) мәтіннің мазбұны бойынша сұрақтарға жауап береді; 9) жаңылтпаштарды айтады; 10) дұрыс айтылатын дыбыстардан тұратын құрылымы бойынша күрделі сөздерді айтады; 11) қайталанатын 2-3 буынды ырғақты ажыратады; 12) жануарлар мен құстардың дауыстарын ажыратады (4-5тен таңдау бойынша); 13) ерлер, әйелдер және балалардың дауыстарын ажыратады; 14) сөйлеу тілін, вокалды, аспаптық музыканы ажыратады; 15) оркестрлік, хормен және жеке орындауды ажыратады; 16) сабақ, балалардың іс-әрекеті, есепті ұйымдастыруға қатысты тілдік материалды ажыратады; 17) сөздік және логикалық екпінді сақтайды.
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 51; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.41 (0.01 с.) |