Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Тараудың қорытынды беті

Поиск

Тараудың қорытынды беті

Оқығанды қайталау

Сен не үйрендің?

Тапсырма негіздемесі:Бұл тапсырма арқылы оқушылар алған білімдерін қолдана алуларына және бөлімді қорытындылауға бағытталған.

Тапсырманы қалай орындау керек:Бөлім бойынша сұрақтар жазылған конверттер таратылады.

1. мәтіндегі кейіпкердің мінез-құлқына сәйкес пікір білдіру арқылы өзімнің мінезің туралы айтып көр;

2. әдеп, қамқорлық, үлкеннің жолын кеспеу, қолғанат болудың маңызын түсіндіріп бер;

3. орынсыз еркелік пен қулықтың зиянына мысал келтір;

4. басқалардан өзгеше болудың еш ұяты жоқ екенін дәлелде.

 

Көрсетейік

Тапсырма негіздемесі:Бұл тапсырма оқушылардың осы бөлімен не алғандарын анықтауға бағыт- талған. Оқушылардың бірлесіп жұмыс жасауына, өз ойларынан қорытынды шығара алуларына көмек- теседі.

Тапсырманы қалай орындау керек:Бұл тапсырманы орындау үшін оқушыларға алдын ала тапсырма беріледі. Қабырға газетін жасауға қажетті заттар алып келу тапсырылады. Қабырға газетінің тақыры- бы «Мен осындаймын». Бөлім бойынша жасалған жұмыстардың бәрі сыныпқа әкелінеді, оқушыларға көрнекті жерде болғаны дұрыс. Бұл жұмыстар оқушыларға қажет болады. Мұғалім оқушылардың қа- білеттерін ескереді. Топта рөлдерге бөліп қойған дұрыс. Оқушылар өз қабілеттеріне қарай жұмыста- рын жасайды. Қабырға газетінің қалай болатынын мұғалім өзі көрсетеді. Бірнеше қабырға газетінің суреттері болса, топтарға таратылады. Барлық жұмыстар болған соң сыныпта таныстырылым жасайды. Таныстырылым жасалған соң оқушылар өздеріне ұнаған жұмысты бағалайды.

 

Қосымша тапсырмалар

Алға ұмтыл!

Тапсырманың негіздемесі:Бұл тапсырма оқушылардың ақпараттық құралдарды қолдана дағдыларын дамытуға көмектеседі.

Тапсырманы қалай орындау керек:«Менің туған күнімде» тақырыбында powerpoint презентациясын жасау тапсырылады.

Өздеріне ұнаған суреттерді әкелу тапсырылады. Оқушылар барлық суреттерді өздерінің фантазияла- ры бойынша қолданады. Дайын жұмыстар қорғалады. Бағаланады. Өз ойларын ортаға салады. Бөлім бойынша қарастырылған ақпараттардың қолданылуын мұғалім қадағалайды.

Алға ұмтыл!

Тапсырма негіздемесі:Бұл тапсырма оқушылардың өміріне қажет болатын мәтін түрлерін құра алу дағдыларын дамытуға көмектеседі.

Тапсырманы қалай орындау керек:«Менің бос уақытым» тақырыбында кітапша әзірлеу тапсырыла- ды. Ол үшін мұғалім бөлімде қарастырылған мәтіндер бойынша материалдар таратады.

 

              48    




Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 5; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.138.134.247 (0.006 с.)