Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Білімді бекітуге арналған тапсырма

Поиск

Білімді бекітуге арналған тапсырма

«Еңбекқор құмырсқа» тақырыбында шағын әң- гіме жаз.

 

Оқушылардың қаншалықты меңгергенін тексеру

Мұғалімоқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі қажет.


 

Өзім туралы

Аппақ бала


2.3.2.1 мұғалім көмегімен шағын ертегілер/ жұмбақтар (үлгі бойынша) жазу немесе дайын ұйқастарды қатыстырып, шумақтар мен санамақтар құрау;

2.2.2.1 мұғалім көмегімен қарапайым және нақтылау сұрақтарын қою және оның жауабын шығармадан таба білу;

2.2.2.1 мұғалім көмегімен қарапайым және нақтылау сұрақтарын қою және оның жауабын шығармадан таба білу.


• дайын ұйқастарды қатыстырып, шумақтар құрайды;

• шығармашылық жұмысын ұсынады;

• қарапайым сұрақтар қойып, оның жауабын мәтіннен табады.

 

 

шап-шақ, тақ-тақ, суық сөз, талпыну.


 

 

таныстырылым көрсетуге графопроектор.

 


 


Сабаққа қатысты нұсқаулар


Тапсырманың негіздемесі:тапсырма арқылы оқушылардың білімді шығармашылықпен пайда- лану дағдысы дамиды. Өз ойлары мен идеяларын, сезімін білдіруге дағдыланады. Оқылатын өлең арқылы тақырыпты ашуға негізделген тапсырма.

Тапсырманың орындалуы:мұғалім оқушы- ларға «Сен қандай баласың?» тақырыбы бой- ынша алдын ала таныстырылым дайындатады.

«Сен қандай баласың?» сауалына таныстырылым көмегімен жауап береді. Оқушылар үйде ата- аналарымен бірлесіп жасаған таныстырылымын қорғайды. Мұнда оқушының сәби кездегі, туған күніндегі, демалыс орындарындағы түскен сурет- терінен қызықты сәттері көрсетіледі. Ата-анасы баласы жөнінде жақсы сөздер, тілек, қызықты сәттері туралы айтуларына болады. Бұл тапсыр- маны орындай алмайтын оқушылар мен ата-ана- лар кездессе, оларды мәжбүрлеуге болмайды. Ол оқушыға өзі жайлы шағын әңгіме жазуға болады. Таныстырылым 2-3 минуттық жұмыс болуы керек. Мұғалім оқушыларға мынадай сауалдар қояды:


1. Күніне неше рет тісіңді тазалайсың?

2. Тамақтанар алдында қолыңды неге жуасың?

3. Киімді неге күтіп кию керек деп ойлайсың?

Саралау мүмкіндіктері:тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Бұл барлық оқушыларға ұсы- нылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.

Сыныпты ұйымдастыру:таныстырылым көр- сетуге қажетті заттар болуы қажет.

 

Тапсырманың негіздемесі:тапсырма қосым- ша ақпарат беруге және ойлануға негізделген.

Тапсырманың орындалуы: «Автор» тура- лы қысқаша мәліметті оқуды ұсыныңыз. Мұғалім ақын Өтебай Тұрманжанов жайлы қосымша ақпа- ратты алдын ала әзірлеуі тиіс. Сыныпта автор жай- лы қысқаша мағлұмат береді.

Саралау мүмкіндіктері:тапсырма арқылы са- ралау жүргізіледі. Бұл тапсырма барлық оқушы- ларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.

Сыныпты ұйымдастыру:оқушыларға қолай- лы жағдай жасалады.


 


 

Тапсырманың негіздемесі:тапсырма оқушы- лардың оқылым және сын тұрғысынан ойлау дағ- дысын жетілдіруге көмектеседі. Мәтіннің мазмұ- нын түсінуге негізделген.

Тапсырманың орындалуы:мұғалім оқушы- лардың назарын оқулықта берілген «Аппақ бала» өлеңіне аудартады. Өлеңнің авторы – Өтебай Тұр- манжановтың шығармалары негізінен балаларға арналған. Алғашқы өлеңі Ташкентте қазақ тілінде шығатын «Ақ жол» газетінде 1920 жылы жария- ланған. Оқулықта берілген өлеңді мұғалім өзі оқып шығып, оқушылардың өздеріне оқуға уақыт бе- реді. Мәтінді оқып отырғанда оқушыларға өлең- дегі кейіпкерді суреттейтін көркем сөздер мен сөз тіркестерін тауып оқу тапсырылады. Өлеңді суретпен салыстырулары қажет. Оқулықта беріл- ген «Аян қандай бала? Суретті қалай толықтырар едің?» деген сауалдарға жауап береді.

Саралау мүмкіндіктері:тапсырма арқылы са- ралау жүргізіледі. Бұл тапсырма барлық оқушы- ларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.

Сыныпты ұйымдастыру:оқушылардың бір-біріне бөгет жасамай, тыныш отырып оқула- ры ескертіледі.


Тапсырманың негіздемесі:тапсырмада оқушылар шығармашылық жұмыстарды орындау арқылы жазылым дағдысын дамытады.

Тапсырманың орындалуы:барлық сынып оқушыларына дайын ұйқастар беріледі.

Оқулықта берілген «аппақ, тақ-тақ, шап-шақ, мақтап» ұйқастарын қатыстырып, бір шумақ өлең құрайды. Өлеңге тақырып қояды. Мұнда әрбір ба- ланың шығарған өлеңі құнды екендігі ескеріліп, барлық жауаптар жазылады, ешқандай шектеу жасалмайды, идеялар сыналмайды, түзету ен- гізілмейді. Оқушы қандайда бір дұрыс емес қо- рытынды жасаған кезде де оның қызығушылығын арттырып, оған қолдау көрсетіледі. Сыныптағы өлең ұйқастарын пайдаланып немесе өз бетімен шығара алатын оқушылар тапсырманы өлең үлгісі бойынша орындап болса, өз еркімен тағы да өлең шығаруына мүмкіндік беріледі. Ал қабілеті төмен оқушыларға үлгі бойынша өлең шығаруларына қосымша уақыт беріледі. Өлең ұйқастарын қол- дана алмаса, тапсырманы орындауға тырысады. Оқушыны мәжбүрлеп өлең шығартуға болмайды, тек талпындыруға жағдай жасалады. Оқушылар ұйқас бойынша жазған өлеңдерін барлық сыныпқа оқиды және дәптерлеріне жазады.

Саралау мүмкіндіктері:тапсырмада уақыт арқылы саралау жүргізіледі. Көмек қажет ететін оқушыларға бұл тапсырманы орындау үшін


 

көбірек уақыт қажет болуы мүмкін. Ал қабілеті жоғары оқушылар қосымша тапсырмаға көшу- леріне болады.

Пәнаралық байланыс:тапсырмада «Қазақ тілі» пәнімен байланыс жүргізіледі.

Сыныпты ұйымдастыру:оқушылардың жұмыс жасауына жағдай жасау.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 6; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.133.133.39 (0.007 с.)