Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Оқушылардың қаншалықты меңгергенін тексеру

Поиск

Оқушылардың қаншалықты меңгергенін тексеру

Мұғалім оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі қажет.


 

Өзім туралы

Мен күштімін


2.1.5.1 өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізу;

2.3.4.1 мұғалімнің көмегімен орфографиялық, пунктуациялық, стилистикалық қателерді табу және түзету;

2.1.4.1 сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану.


• мұғалімнің көмегімен сөйлемдерінің дұрыс құрылуын тексереді.

 

 

алты батпан ауыр, алшаю, көк шұнақ.

 

 

флипчарт, фломастерлер.


 

 

• тыңдалған материалға сүйеніп, өз ойын білдіреді;



Сабаққа қатысты нұсқаулар


Тапсырманың негіздемесі:тапсырма оқушы- лардың айтылым дағдысын дамытуға көмектеседі. Келесі орындалатын тапсырмаларға негізделген.

Тапсырманың орындалуы:ойын: Оқушылар- ды шеңберге тұрғызып, барлық сыныппен келесі өлең айтылады. Өлең тақтада жазулы тұрады.

Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын. Ізгі, әрі нәзік, жарық, мейірімді.

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

Барлық оқушылардың қатысуы қадағаланады. Содан соң «Ең күшті не болуы мүмкін? » дегенде ойға не келеді деп, оқушылардан сұрап, «Сурет- тегі аңдарды күштілігіне қарай орналастыр. Ой- ыңды дәлелдеп айт.» деген тапсырма беріледі. Ол үшін қабілеттері әртүрлі оқушылар топтастырыла- ды. Әрбір оқушы бір-екі сөйлеммен ойды аяқтап жазады. Барлық оқушылардың жазғандары тек- серіледі. Ресми емес талқылауда оқушылар өз ойларын ортаға салады, әрбір топ мүшесі өз ойын ортаға салады. Мұнда әрбір ойдың құнды екендігі ескеріледі, ешқандай шектеу жасалмайды, идеялар сыналмайды, түзету енгізілмейді. Оқушы теріс қо-


рытынды жасаған кезде де, оның қызығушылығын арттырып, оған қолдау көрсетіледі. Барлық тізім- дер оқылып қорытынды шығарылады. Мұғалім

«Күшті» сөзін оқушылармен бірге талдайды: Адам қай жағынан күшті болады? Оқуда күшті, сурет са- луда, өлең айтуда, тағы да басқа жағынан адамнан асқан «күшті» жоқ деген пікірге келеді.

Саралау мүмкіндіктері:тапсырма бойынша са- ралау жүргізіледі. Бұл барлық оқушыларға ұсыны- лады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.

Пәнаралық байланыс:тапсырмада «Қазақ тілі» пәнімен байланыс жүргізіледі. Оқушылар сөйлем- дердің дұрыс жазылуы, тыныс белгілердің қойылуы туралы алған білімдерін қолдана алады.

Сыныпты ұйымдастыру:оқушылардың бел- сенді қатысуы үшін қолайлы орта жасалады.

 

Тапсырманың негіздемесі:тапсырма оқушы- лардың ертегі желісіндегі оқиғаны өмірмен бай- ланыстыру дағдысын жетілдіруге және ертегіні түсініп оқуына негізделеді.

Тапсырманың орындалуы:мұғалім ертегінің тақырыбын дауыстап оқып, ол ертегі жайлы қандай мәлімет беретінін сұрайды. Әңгіменің авторымен таныстырады. М. Әлімбаев 5 жасында әріпті әліп деп біліп, кітап оқи бастаған. 6-сыныпта бір қыс


 


 

ішінде ауыл кітапханасының 150-ден аса кітабын («Бауырсақтан» ертегісінен бастап, «Батырлар жы- рына» дейін) оқыған. Мұғалім оқушыларға «Ертегіні оқы. Есіңе сақтауға тырыс. Түсінгеніңді өз сөзіңмен айтып бер» деген тапсырма береді. Ертегіні тыңдап болған соң, оқушыларға жаңа сөздерді түсіндіріп, оларды есте сақтауға, дұрыс айтуға көмектеседі.


Саралау мүмкіндіктері:мұнда тапсырма бо- йынша саралау жүргізіледі. Бұл барлық оқушы- ларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.

Тапсырманың негіздемесі:тапсырма оқушы- лардың шығармашылықпен өз ойларын дамытуға және тыңдалған мәтінді түсінуге негізделген.

Тапсырманың орындалуы:оқушылар ал- дыңғы тапсырмаларда отырған топтарымен отыра береді. Яғни қабілеті әртүрлі оқушылар топтасты- рылады. Топтың әрбір мүшесі белсенді қатысуы үшін қолайлы орта жасалады. Мұғалімнің көме- гімен тыңдалған ертегідегі оқиғаны оқулықтағы суретпен салыстырып, ретімен мазмұнын айтып береді.

Саралау мүмкіндіктері:тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Бұл барлық оқушыларға ұсы- нылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.

Пәнаралық байланыс:тапсырмада «Қазақ тілі» пәнімен байланыс жүргізіледі. Оқушылар сөйлемдердің дұрыс айтылуы және жазылуы бой- ынша алған білімдерін қолданады.


Сыныпты ұйымдастыру:оқушылардың бел- сенді қатысуы үшін қолайлы орта жасалады.

Тапсырманың негіздемесі:тапсырма оқушы- лардың зерттеу жұмыстарын жүргізе білу дағды- ларын дамытуға көмектеседі. Оқыған ертегінің мазмұнын түсінуге негізделген.

Тапсырманың орындалуы:тапсырмада оқушы- лар алдыңғы бөлінген топтарымен отыра береді. Мәтіндегі құмырсқаның сөзін  оқиды. Ертегіде- гі «Алты батпан ауырды арқалаған күштімін, жеті батпан ауырды желкелеген күштімін, – деген құ- мырсқаның сөзімен келісесің бе? Құмырсқа неге бәрінен күшті болды? Өз ойыңды білдір, дәлелде. Топтарға флипчарттар таратылады. Олар ортаға құмырсқаның суретін салып, шетіне неге «құмырс- қа күшті» деп ойлайтындарын жазады. Мұғалім оқушыларға ертегі бойынша өз ойларын ортаға са- луға, яғни ертегінің ұнаған немесе ұнамаған тұста- ры жөнінде әңгімелеседі. Автордың айтайын деген ойын оқушылардың қалай түсінгендерін білу үшін сұрақтар қояды.

Шағын топта жұмыс бастамас бұрын тапсыр- ма нақты және анық түсіндіріледі, оқушылардың бірінен нұсқаулықты қайталап сұрауға болады. Мұғалім жиі бір топтан екінші топқа барып, олар-


 

дың жұмыстарын бақылауы керек. Оқушылар- дың жұмысына мұғалім сыпайы түрде араласып, оқушыларға ұсынылатын әдістерді модел деуіне болады.

Саралау мүмкіндіктері:тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Бұл барлық оқушыларға ұсы- нылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.

Пәнаралық байланыс:тапсырмада «Қазақ тілі» пәнімен байланыс жүргізіледі. Оқушылар сөйлемдердің дұрыс айтылуы және жазылуы бой- ынша алған білімдерін қолданады.

Сыныпты ұйымдастыру:оқушылардың бел- сенді қатысуы үшін қолайлы орта жасалады.

 

Тапсырманың негіздемесі:тапсырма оқушы- лардың сын ойлауын және топта жұмыс жасай алу дағдысын дамытуға көмектеседі. Келесі орындала- тын тапсырмаларға негізделген.

Тапсырманың орындалуы:қабілеттері бір- дей оқушылар топтастырылады. Мұғалім оқулықта берілген сөз бұлтшасына жазылған сөздерге қа- рауды ескертеді. Бұл сөздерді қолданып, ерте- гі жоспарын құрау тапсырылады. Жұптарымен жазған жоспарларды тексереді. Қабілеттері жоға- ры оқушылар өз пікірлеріне қалай тоқталғанын сы- ныппен бөліседі. Оның жауабы қалған оқушыларға үлгі болады. Өз ойларын жеткізуде қиналып жатқан оқушыларға көмек көрсетіледі. Құрастырған ертегі жоспары бойынша сюжеттік сурет салуға да бо- лады. Әртүрлі қабілетті оқушылардың топтарын бағалау өлшемі де тапсырмалардың орындалу деңгейіне байланысты болады.

Саралау мүмкіндіктері:топ бойынша саралау жүргізіледі.

Пәнаралық байланыс:тапсырмада «Қазақ тілі» пәнімен байланыс жүргізіледі. Оқушылар сөйлемдердің дұрыс жазылуы, тыныс белгілердің қойылуы туралы алған білімдерін қолданады. Со- нымен қатар «Бейнелеу өнері» пәнімен де байла- ныс орнатылады.

Сыныпты ұйымдастыру:оқушылардың бел- сенді қатысуы үшін қолайлы орта жасалады.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 6; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.225.98.39 (0.007 с.)