тарау. Менің отбасым және достарым 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

тарау. Менің отбасым және достарым

Поиск

ралау орын алады. Сөздер тізбегін жасауда қо- сымша материалдар беруге болады. Қосымша материал керек пе, қажеттілігі жоқ па өздері таңдау жасайды.

Пәнаралық байланыс:«Қазақ тілі» пәні мен байланыс жүргізіледі. Оқушылардың жасаған сөз тізбегінің орфографиялық сауаттылығына назар аудартылып, өзара тексеру ұсынылыды.

Сыныпты ұйымдастыру:тапсырма жұптық жұмыс түрінде ұйымдастырылады. Қатар отырған екі оқушы бір жұп болады.

 

Тапсырманың негіздемесі:тапсырма арқылы өзіне жақын адамдармен бірге өткізілетін уақыт туралы жоспарлап, ол күнді қадамдар бойынша жүйелі жоспарлап таныстыруға мүмкіндік жаса- лады.

Тапсырманың орындалуы:оқушылардан демалысты қалай өткізуге болатыны сұралады. Олар табиғат аясында, ойын-сауық орталығын- да, аулада, спорт алаңында өткізуге болатынын айта алады. Топта өз жақындарыңмен (отбасың, достарың, көршілерің) демалысты қызықты өт- кізудің бір түрін таңдап, сол демалыс күнінің күн


 


 

тәртібін жасау ұсынылады. Күн тәртібін суретпен, шартты белгімен жасап, таныстырылым жасау жоспарланады. Демалыс күнінің алғашқы шара- сынан бастап, әр қадамдарын тиянақтап жазу та- лап етіледі.

Саралау мүмкіндіктері:ресурс бойынша сара- лау орын алады. Мұғалім қосымша материалдар- мен қамтамасыз етеді.

Пәнаралық байланыс:«Бейнелеу өнері» пәнімен пәнаралық байланыс орын алады.


Сыныпты ұйымдастыру:тапсырма топтық жұмыс түрінде ұйымдастырылады.

Тапсырманың негіздемесі:алдыңғы тапсыр- мада жоспарланған іс-шараны сызбаға түсіріп, таныстыру арқылы өз жұмыстарын жинақтап, ол күнді таныстыруда сөздік қорларын еркін пайда- лана алу дағдысын көрсетуге мүмкіндік жасалады. Тапсырманың орындалуы:оқушылардан алдыңғы жоспарларын сызбаға түсіру сұралады. Плакаттар беріледі, күндік жоспарды суретпен, шартты белгімен ретімен беру керек. Плакат дай- ындалғаннан кейін таныстырылымға дайындай- ды. Таныстырылымды топ болып немесе тағайын- далған спикер орындайды. Әр топтың жұмысын тыңдағаннан кейін «екі жұлдыз, бір тілек» бойын-

ша өзара бағалау айтады.

Саралау мүмкіндіктері:ресурс бойынша сара- лау орын алады. Мұғалім қосымша материалдар- мен қамтамасыз етеді.


Пәнаралық байланыс:«Бейнелеу өнері» пәнімен пәнаралық байланыс орын алады. Сы- ныпты ұйымдастыру: тапсырма топтық жұмыс түрінде ұйымдастырылады.

Тапсырманың негіздемесі:берілген алғысхат үлгісін пайдаланып, алғысхат жазу арқылы жа- зылым дағдысы қалыптасады.

Тапсырманың орындалуы:оқушыларға мей- ірімді, қамқор, әділ, адал, жанашыр, сүйкімді, сыпайы, данасөздерін қолдана отырып, өзі құр- меттейтін адамға арнап алғысхат жазу тапсырыла- ды. Алдымен «алғысхат» дегеніміз не, оны кімге жазатыны туралы әңгіме жүргізіледі. Оқулықта берілген алғысхат үлгісімен таныстырылады. Онда бос берілген сөздердің орнына өздеріне басқа сөздер жазу ұсынылады. Алғысхатты безендіру, ондағы сөздердің орфографиялық сауаттылығы жұпта тексеріледі. Өзара бағалау жүргізіледі.

Үлгі:

Құрметті анашым!

Сіз – мен үшін ең қымбат жансыз. Сіздің маған қамқорлығыңыз, мейіріміңіз, тәрбиеңіз, жанашыр- лығыңыз үшін алғыс айтамын.


 

Қызыңыз Айжан.

Саралау мүмкіндіктері:нәтиже бойынша сара- лау орын алады. Әр жұптан әртүрлі нәтиже күтіледі. Сыныпты ұйымдастыру:Жұптық жұмыс ұсы-

нылады.

Көрсетейік

Тапсырманың негіздемесі:тапсырма арқылы оқушылар берілген алғысхаттың үлгісіне қарай отырып тексереді және алғысхаттың сауаттылығы да қаралып, өзара тексеру, бағалау, өңдеу жұмы- сын жүргізуге дағдыланады.

Тапсырманың орындалуы:мұғалім оқушы- лардың жұмысын жұппен алмастырады. Алғыс- хаттың үлгісі беріледі. Оқушылар өздерінің алғыс- хаттарын оқиды. Үлгіге сүйене отырып, оқушылар алғысхат құрылымын тексеріп, өңдеу жасайды. Екінші кезекте сауаттылығын тексереді. Өзара тек- серген жұмыстарын бір-біріне айтып талдайды. Қателер түзетіліп, өңдеу жүргізіледі.

Саралау мүмкіндіктері:ресурс бойынша сара- лау орын алады. Мұғалім қосымша материалдар- мен қамтамасыз етеді.

Сыныпты ұйымдастыру:тапсырма топтық жұмыс түрінде ұйымдастырылады.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 5; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.217.5.77 (0.008 с.)