Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Білімді бекітуге арналған тапсырмаСодержание книги
Поиск на нашем сайте
Білімді бекітуге арналған тапсырма Сен бағаны кім үшін аласың? Өз ойыңды жаз. Қосымша тапсырма Мейірімді мұғалімнің қасиеттерін тізіп жаз. Мы- салы: қамқор, мейірімді, т.с.с. Оқушылардың білімін бағалау Мұғалім оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі қажет.
2.2.5.1 мұғалімнің көмегімен көркем шығармадағы оқиғаның басталуын, дамуын мен аяқталуын анықтау; 2.2.8.1 мұғалімнің көмегімен сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтау; 2.3.1.1 мұғалім көмегімен оқылған шығарманы бөліктерге бөліп, жоспар құру. • сюжеттің дамуындағы өзгерістерді анықтай алады.
есіл-дерті, күнұзақ, еркінсу, көрсоқыр, қылдай ой, дәу.
• ертегінің басталуын, жалғасуы мен аяқталуын айта алады; • мәтінді іштей түсініп, қажетті ақпаратты тауып оқи аламыз; ертегі мазмұнын ашуға негізделген суреттер, оқушыларды ынталандыруға смайликтер, үлестірме парақшалар т.б.
Сабаққа қатысты нұсқаулар Тапсырманың негіздемесі:бұл тапсырма оқу- шылардың айтылым, тыңдалым дағдысын жетіл- діреді. Өз пікірін айтуға, ойымен бөлісуге жетелей- тін тапсырма. Сонымен қатар алдында орындала- тын тапсырманы ашуға негізделеген тапсырма. Тапсырманың орындалуы:оқушылар шең- берге тұрып, 4 топқа бөлінеді. Әр топ «еуро- палықтар», «жапондықтар», «африкандықтар» және «италияндықтар» болып бөлінеді. Мұғалім оқушыларды шеңбер бойымен жүріп, «өз аман- дасу тәсілімен» барлығымен сәлемдеседі: «еу- ропалықтар» қолдарын қысады, «жапондықтар» бастарын иеді, «африкандықтар» мұрындарымен, «италияндықтар» құшақтасады. Оқушылардың әртүрлі рөлдерде болуы үшін, жаттығуды қайтала- уға болады. Мұғалім оқулықтағы жұмбақты оқып шығуды және шешімін табуды сұрайды. Мұғалім шағын топтарға суреттер (теледидар, кітап, бала) таратады. «Суреттер арқылы болжау» стратегиясы бойынша ертегіні оқушылар болжай- ды. Мұнда әрбір ойдың құнды екендігі ескеріліп барлық жауаптар жазылады, ешқандай шектеу жа- салмайды, идеялар сыналмайды, түзету енгізілмей- ді. Жазылған ертегіні оқушылар оқып шығады. Әр топтың ертегілері әртүрлі болады. Мұғалім барлық жазылған ертегіні де жақсы деп мадақтайды. Саралау мүмкіндіктері:бұл тапсырмада топ- тық саралау жүргізіледі, қабілеті бірдей оқушылар бірін-бірі қолдайды, өздерін еркін сезіне алады. Пәнаралық байланыс:тапсырмада «Қазақ тілі» пәнімен байланыс жүргізіледі. Оқушылар сөйлемдердің дұрыс жазылуын, тыныс белгілердің қойылуы туралы алған білімдерін қолдана алады. Сыныпты ұйымдастыру.оқушылар 4-5 бала- дан бірнеше топқа бөлінеді.
Тапсырманың негіздемесі:бұл тапсырма оқу- шылардың оқылым дағдысын жетілдіруге көмекте- седі. Әңгіменің мазмұнын түсінуге негізделген. Тапсырманың орындалуы:мұғалім оқу- лықтағы Әділ Балтаның «Кітаптың мұңы» әңмесімен танысатындарын айтады. Алдымен әң- гіменің авторымен таныстырып, оның портретін/
көрсетіп, ол туралы қысқаша мәлімет беріп түсін- діріледі. Содан соң ертегіні іштей оқу ұсынылады. Түсініп оқу барысында оқушыларда елес, ұғым, бейне, жоғары сезімдер пайда болады. Мұғалім оқушылардан оқып отырғанда нені елестеткен- дерін сұрайды. Сол бойынша оқушылардың ай- тқандарын сыныпта талқылайды. Барлық оқушы- лар елестете алмауы не елестеткендерін айта алмауы мүмкін. Сондықтан барлық оқушылардан жауап алынбайды, тек өз еріктерімен айтула- ры керек. Мұғалім «есіл-дерті, күнұзақ, еркінси, көрсоқыр, қылдай ой» тірек сөздермен жұмыс жасайды. Мұғалімнің көмегімен көркем шығар- ма үзіндісін иллюстрациялық суреттегі үлгісімен салыстырады, ойларын ортаға салып бір-бірін толықтырады. Содан соң оқушыларға ертегіні басқаша аяқтауға мүмкіндік беріледі. Ол үшін өз топтарында өз ойларын жазып, мәтінді басқаша аяқтап жазады. Өз жазғандарын барлық топта оқиды. Саралау мүмкіндіктері:бұл тапсырамада қа- білеті жоғары оқушылар қабілеті төмен оқушы- ларға көмек көрсетеді. Тапсырманың негіздемесі:бұл тапсырма оқушылардың айтылым дағдысын дамытуға және оқыған мәтінді терең түсінуге негізделген. Тапсырманың орындалуы:мұғалім оқушы- ларға автордың айтайын деген ойын оқушылар- дың қалай түсінгендерін білу үшін оқулықтағы сұрақтарды қояды. Саралау мүмкіндіктері:мұнда тапсырма бой- ынша саралау жүргізіледі. Бұл барлық оқушы- ларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Сыныпты ұйымдастыру:оқушылардың бел- сенді болуына мүмкіндік жасалады.
ертегінің ұнаған немесе ұнамаған тұстары жөнін- де әңгімелеседі. Өздерінің жазған болжамда- рымен салыстырады. Ұнағаны не ұнамағандарын айтады, себептерін түсіндіреді. Саралау мүмкіндіктері:мұнда тапсырма бой- ынша саралау жүргізіледі. Бұл барлық оқушы- ларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Пәнаралық байланыс:бұл тапсырмада «Қа- зақ тілі» пәнімен байланыс жүргізіледі. Оқушы- лар сөйлемдердің дұрыс айтылуы және жазылуы бойынша алған білімдерін қолданады. Сыныпты ұйымдастыру:оқушылардың бел- сенді болуына мүмкіндік жасалады.
Тапсырманың негіздемесі:бұл тапсырма оқушылардың шығармашылық пен сыни тұрғы- дан ойлауын дамытуға жәнежазылым дағдыла- рын дамытуға бағытталған Тапсырманың орындалуы:мұғалім оқушы- ларға хат жазу үшін рөлдерді бөліп береді. 1-топ. «Менің саған айтарым» (Кітап Теледи- дарға хат жазады) 2-топ. Түзелуге сөз беру.» (Теледидар кітапқа хат жазады) 3-топ. «Тағанбайдың кешірім сұрауы» (Тағанбай кітапқа хат жазады). Саралау мүмкіндіктері:мұнда тапсырма бой- ынша саралау жүргізіледі. Бұл барлық оқушы- ларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Пәнаралық байланыс:бұл тапсырмада «Қа- зақ тілі» пәнімен байланыс жүргізіледі. Сыныпты ұйымдастыру:оқушылардың бел- сенді болуына мүмкіндік жасалады.
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 6; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.145.16.251 (0.007 с.) |