Сабаққа қатысты нұсқаулар 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Сабаққа қатысты нұсқаулар

Поиск

бағалау

Мұғалім оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі қажет.


 

 


2.1.4.1 сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану;

2.1.5.1 өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізу;

2.3.3.1 мұғалімнің көмегімен сурет/ каллиграмма/ аппликация/ фотосуреттер пайдаланып, шығармашылық жұмыс жазу.


 

бүй деді, зергер, жөн-жосық, безіну, үрку.

 

 

үлестірме парақшалар.


 

• сөйлеу барысында мақал-мәтелді қолдануды үйренеді

• шығармашылық жұмыстарын ұсына алады

 


 



Тапсырманың негіздемесі:бұл тапсырманы орындау арқылы оқушылар айтылым дағдысын, айтылғын ақпарат бойынша өз пікірлерін қосу дағ- дысын дамытады. Оқушыларды алда орындайтын тапсырмаларға дайындайды.

Тапсырманың орындалуы:бұл тақырып осы бөлімді соңғы тақырып болған соң оқушылардың осы бөлімдегі алған білімдерін жинақтау үшін де ең алдымен «Мақалдар сайысы» ұйымдастырылады. Ол үшін оқушылар топқа бөлінеді. «Өз жұбыңды тап» жаттығуы. Оқушылар шеңбер құрап отырады. Мұғалім жануарлардың аттары жазылған үлестірме парақшалар таратып береді. Жануарлардың атта- ры 4-6 үлестірме парақшада қайталанған. Мысалы, егер сіздің қолыңызда піл деп жазылған болса, онда басқалардың қолында сондай сурет бар екенін біледі. Әрқайсысының міндеттері өз тобын табу. Оқушылар топқа бөлініп болған соң сайысты бастайды. Оқушы- лар мектеп, оқу құралдары, ұстаз, білім туралы білетін барлық мақалдарын ортаға салады. Барлық оқушылардың бірін-бірі тыңдауына және бірге ой- лануына мүмкіндік береді.


Оқулықта берілген мақалдар жазылған ағашты оқушылар өздері жатқа білетін мақалдармен то- лықтырады.

Саралау мүмкіндіктері:мұнда нәтиже бой- ынша саралау жүргізіледі. Қабілеттері әртүрлі оқушыларға бірдей тапсырма ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.

Сыныпты ұйымдастыру:оқушылардың бел- сенді болуын жағдай жасалады. Өз ойларын еркін жеткізе алады.

 

Тапсырманың негіздемесі:бұл тапсырма оқушылардың тыңдалым дағдысын жетілдіруге көмектеседі. Әңгіменің мазмұнын түсінуге негіз- делген.

Тапсырманың орындалуы:оқушыларға «Ақ дәптердің олақ қаламға зары...» өлеңі мәнерлеп оқылады. Содан соң оқушылар оқылған мәтін бойынша оқулықтағы сұрақтарға жауап береді.

Саралау мүмкіндіктері:бұл тапсырмада қа- білеті жоғары оқушылар қабілеті төмен оқушы- ларға көмек көрсетеді.


 


 

Сыныпты ұйымдастыру:Өлеңді түсініп оқуға жағдай жасалады, яғни оқушылардың қабілеті, ерекше мінездері ескеріледі.

Ойлан, тап!

Тапсырма негіздемесі:мәтін мазмұны бой- ынша қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы мәтінде не туралы айтылғанын түсінгенін анықта- уға көметеседі.

Тапсырманың орындалуы:Мұғалім осы са- бақта өлеңді қаншалықты түсінгенін анықтау үшін

«Жалған» және «Рас» ойынының шартымен та- ныстырады. Оқулықты барлық оқушылар жаба- ды. Мұғалім сұрақты өзі оқып тұрады. Оқушылар

«иә», «жоқ» деп жауап береді. Бұл тапсырма сы- нып болып орындалады.

1. Қалам мен дәптер таласты. ( иә)

2. Кір дәптер сөйледі, Қаламға кеп, бүй деді. (жоқ)

3. Өрнегіндей зергердің Болмайтын ба сөз деген?! ( иә)

4. Таза аяқпен бес баттам

Төрге шыққан баладай. ( жоқ)

5. Қиын болды-ау ұнауың, Көрген пенде қуанар. ( жоқ)

6. Қалам емес, мынауың – Су себердің өзі!- дер. (иә)

7. Сен сияқты «жақсыдан» Дәптер біткен үріккен. (жоқ)

8. Қалам жазбайды екен-а, Ақыл мен ой жазады. (иә)

Саралау:нәтиже бойынша саралау жүргізіледі. Сыныпқа бірдей сұрақ қойылады. Әр оқушы қа- білетіне қарай жауап береді.


Сыныпты ұйымдастыру бойынша кеңестер:Әр оқушы өз жұмыс орнында тапсырманы орын- дайды.

Тапсырманың негіздемесі:тапсырма арқылы оқушылардың дұрыс шешім қабылдау дағдылары дамиды, өзара идея алмасу мен мәселені бірлесіп шешуді үйренеді.

Тапсырманың орындалуы:әрбір оқушының белсенді қатысуы үшін қолайлы орта жасалады. Мұғалім оқушыларға «Сенің дәптерің қаламыңа не айтар еді? Сен өз дәптерің мен қаламың болып сөйлесіп көр» деп тапсырады. Ол үшін оқушылар жұпқа бөлінеді. дәптер мен қалам болып рөлдер- ге бөлінеді. Оқушыларға дайындалуына уақыт беріледі. Оқушылар өз дайындағандарын сахна- лап көрсетулері керек.

Саралау мүмкіндіктері:нәтиже арқылы сара- лау жүргізіледі. Қабілеті әртүрлі оқушылар бірге жұмыс жасап, өз идеяларын еркін айтуға үйре- неді.


 

Сыныпты ұйымдастыру:қабілеттері әртүрлі оқушылардың бірлесіп жұмыс жасауына мүмкін- дік беріледі. Яғни, рөлдер оқушылардың қабілет- теріне қарай бөлінеді.

Жоспарлайық

Тапсырма негіздемесі:Бұл тапсырманы орын- дау арқылы оқушылар айтылым дағдысын жетіл- діре алады. Сабақ барысында алған білімдерін бекітеді.

Тапсырманың орындалуы:Әр топқа текше та- ратып беріледі. Мұғалім текшеге не жазу керектігін түсіндіреді. Текшенің алты қырына мектеп туралы не білгендерін жазатынын түсіндіреді. Топтың әр мүшесі алғашқы мектеп туралы сипаттаушы сөз- дерді жазып шығады. Оқушылар жазу барысында сабақтан алған ақпаратты қолдана отырып жазады. Жазылған сөздер барлық топтарда ортаға салып оқылады, бірақ оқушыны мәжбүрлеп оқытуға бол- майды. Сынып оқылған барлық жұмысты қошемет- теп отырады. Бұл тапсырма жеке түрде орындалады. Уақыттың біткенін мұғалім қызыл үлестірме парақша көрсету арқылы белгі беріп отырады. Үш минут біт- кеннен кейін сыртқы топ орнынан тұрып жылжиды. Мұғалім қызыл үлестірме парақшаны көрсеткеннен кейін тоқтайды, басқа қатысушыға қарсы отыра- ды. Оқушылар жазбаларын тыңдап, бағалау үшін оларды жұпқа бөлу керек. Сыныптағы оқушыларды жұпқа бөлу үшін оқушыларды орындарынан тұрғы- зып, тез ырғақты би әуенімен билету керек. Бұл әдіс

«Билейтін» жасуша деп аталады. Билеп жүрген то- пқа мұғалім «Жасуша 4» десе, оқушылар төртеуден бірігу керек. Ал егер «Жасуша 6» деген нұсқау беріл- се, оқушылар алтаудан топтасады. Сөйтіп мұғалім оқушыларды бірнеше рет топтастырып, әуенді қай- та жалғастырып, оларды қайта билетеді. Ең соңында мұғалім: «Жасуша 2» деген нұсқаулық беріледі. Сол кезде оқушылар екі-екіден жұп болып, орындары- на отырады. Әр жұп бір-біріне жазған жазбаларын оқып береді, қажет болса, жазған мәтінінің мазмұ- ны бойынша сұрақ қояды. Ең соңында жұбының жазбасы бойынша «Екі жұлдыз, бір тілек» бойынша рефлексия жасайды.

Саралау:Нәтиже бойынша саралау жүргізіледі. Қабілеті әртүрлі оқушыларға бірдей тапсырма ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.

Сыныпты ұйымдастыру бойынша кеңестер:Оқушылардың белсенді болуына мүмкіндік жаса- лады.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 57; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.119 (0.01 с.)