Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Сабаққа қатысты нұсқаулар

Поиск


Тапсырманың негіздемесі: сурет арқылы өз ойларын айтуға, тақырыпты болжау дағдысы қа- лыптасады.

Тапсырманың орындалуы:оқулықтағы ұсы- нылған суретке назар аудартылады, суреттен кімді көріп тұрғандарын айтады. Суреттегі адамның си- патын айта отырып, тауды не үшін көтеріп келе жатқандығына болжам жасалады, оған мінездеме беріп, суреттегі адамның батыр екендігі анықта- лады. Батырдың тауды не үшін көтеріп келе жатуы мүмкіндігіне өз болжамдары айтылады. Суретке қандай тақырып қоятындарын ұсынады. Топтар- дың болжамы мен суретке қойған тақырыптарға- тыңдалады, сыныпта ең ұтымды тақырыбы қолдау көрсетіліп немесе сұрақтар қойылып нақтыланады. Саралау мүмкіндіктері:диалог бойынша са- ралау орын алады. Сұрақ қоюда кей оқушыларға жауабын тез тауып айтуға болатын сауалдар қой-

ылады.

Сыныпты ұйымдастыру:тапсырма барысы жеке - сыныппен жұмыс ұсынылады. Болжам жа- сап, суретке тақырып қоюда топпен жұмыс ұй- ымдастырылады.


 

Тапсырманың негіздемесі:тапсырмада мақал мазмұны мен берілген суреттің байланысын тауып, осы тақырып бойынша өз пікірін, идеясын таныта алу дағдысы қалыптасады.

Тапсырманың орындалуы:оқушылар топта мақал мазмұнына өз ойларын айтады. Өздері көрген кино, мультфильмнен, оқыған ертегі- ден мысалдар келтіріп мақалда берілген ойды дәлелдейді. Тау көтеріп келе жатқан Толағайдың суретін осы мақалмен байланыстыруда оның ісі ерлік екендігін және жанқиярлық ерлікті елі үшін жасап отырғандығы анықталады.

Саралау мүмкіндіктері:Нәтиже бойынша са- ралау көрініс табады. Барлық оқушыға бірдей тапсырма болғанмен, әр топтағы оқушылардың қабілетіне қарай әртүрлі нәтиже күтіледі.

Сыныпты ұйымдастыру:жеке жұмыс ұсыны- лады.

 

Тапсырманың негіздемесі:алдыңғы тапсырма- дағы тақырып бойынша өз ойларын қалыптасты- ра алса, бұл тапсырмада өз ойларын жалғастыру- да кейіпкер сипаты, кейіпкер әрекетінің себептері туралы ойларын жинақтауға мүмкіндік беріледі.


 


 

Тапсырма оқушының ой-өрісін, шығармашылығын дамытады.

Тапсырманың орындалуы:оқушылар бе- кетті аралай жүріп өздеріне берілген кейіпкер парақтарына әр бекет тапсырмасын орындай- ды. Мұғалім кейіпкер парағын алдын ала дайын- дайды. Оқушыларға парақтарды тиянақты тол- тыруға кеңес беріледі. Кейіпкерінің әрекеті мен сол әрекетті жасаудағы себептері тақырыппен байланысты болуы ескертіледі.

Саралау мүмкіндіктері:нәтиже бойынша сара- лау көрініс табады. Барлық оқушыға бірдей тапсы- рма болғанмен, әр оқушыдан қабілетіне қарай әр түрлі нәтиже күтіледі.


Сыныпты ұйымдастыру:сыныпта әр оқушы тапсырманы жеке орындайды.

Тапсырманың негіздемесі:алдыңғы тапсырма- ның логикалық жалғасы болып табылады. Оқушы- ның шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік жасалады. Тапсырма оқушының ой-өрісін дамыта- ды.

Тапсырманың орындалуы:оқушылар ал- дымен суретте не берілгені туралы өз жұптарымен талқылайды.

- Суретте қандай жер бейнеленген?

- Суреттегі балалар не істеп тұр деп ойлайсыңдар?

- Ауыл ақсақалдары кіммен сөйлесіп тұр?

- Олар не туралы әңгімелесіп тұр деп ойлай- сыңдар? т.б. сұрақтарды мұғалім қоя отырып, сурет бойынша оқушыларды сөйлетеді.

Суретпен таныстық аяқталғаннан кейін осы су- ретті бір оқиға етіп, әңгіме құрау тапсырылады. Әң- гіме 40-50 сөз шамасында болады.

Аяқтаған әңгімелерін жұп арасында оқып, үздік- терін сыныпта автор орындығында оқуға ұсынады. Саралау мүмкіндіктері:нәтиже бойынша сара- лау көрініс табады. Барлық оқушыға бірдей тапсы- рма болғанымен, әр оқушыдан қабілетіне қарай

әртүрлі нәтиже күтіледі.

Сыныпты ұйымдастыру:сыныпта әр оқушы тапсырманы жеке орындайды.


 

Кел, сөйлесейік!

Тапсырманың негіздемесі:алдыңғы тапсырма- ларда алған білім мағлұматтарын бүгінгі өмірмен байланыстырып, өз ойларын айта алуға, оқушыны сыни ойлауға жетелейтін тапсырма болып табыла- ды.

Тапсырманың орындалуы:оқушылар жұ- бымен бір-біріне қарсы қарап отырады. Бір оқушы берілген бірінші сұрақ бойынша өз ойын айтуды бастайды. Осы жауаптан «неге?» деген сауал арқылы туындатып, екінші оқушы сұрақ қояды. Ол сұрақтың жауабынан тағы да «неге?» деген сауал туындатып қойылады. Осылайша бірінші оқушыға 5 сұрақ қойыла- ды. Ұсынылған «Бүгінгі күні батыр атану үшін қандай ерліктер жасайды?» сауалы бойынша екінші оқушы жауап беріледі. Сонымен қатар

«Бүгінгі күннің батыры кімдер?» сауалы қойы- лады. Ол оқушыға да жұбындағы оқушы жау- аптары арқылы «5 неге» сұрағын қояды.

Саралау мүмкіндіктері:диалог бойынша сара- лау көрініс табады. Оқушылар ашық және жабық сұрақтар қояды.

Сыныпты ұйымдастыру:тапсырма жұппен орындалады.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 5; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.146.152.119 (0.009 с.)