Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Сабаққа қатысты нұсқауларСодержание книги
Поиск на нашем сайте
Тапсырманың негіздемесі:отбасындағы ең жақын адамдар және оларға деген өзінің жылы сөздері мен сезімдерін айту арқылы ойларын ер- кін айтуға дағдыланады. Тапсырманың орындалуы:тапсырманы сы- ныпты ішкі және сыртқы шеңберде әңгімелестіру арқылы ұйымдастырылады. Ішкі шеңбердегілер ең жақын адамдар туралы және олар өзіне қандай жылы сөздер айтатынын айтады. Сыртқы шеңбер- дегілер өз кезегінде өздеріне ең жақын адамдар кім және оларға деген қандай жылы сезімде бола- тыны туралы әңгімелейді. Мұғалім сыныпты шең- бер бойымен әңгімелестіруді ұйымдастырады. Шеңберде тыңдағандарын топта ортаға салады. Топта отбасының адамға жақындығын, олардың жылы сезімдерін айтуы арқылы отбасында адам бойында қалыптасатын жақсы қасиеттер туралы талқылау жасайды. Өз ойларын сызбаға түсіру сұралады. Оқушылар кластер немесе өрмекші сы- збасын естеріне алады. Саралау мүмкіндіктері:ресурс бойынша сара- лау орын алады. Кей оқушыларға мұғалім сөздер мен сөз тіркестерін айтып көмектеседі. Пәнаралық байланыс:тапсырмада «Өзін-өзі тану» пәнімен байланыс жүргізіледі. Сыныпты ұйымдастыру:сыныппен бірге орындау ұсынылады. Тапсырманың негіздемесі:өлең мәтінін оқу, өлең не туралы екенін анықтау арқылы оқушы- ның оқылым дағдысы қалыптасады. Тапсырманың орындалуы:өлеңді мұғалім- мен ілесіп оқиды. Оқығаннан кейін оқушылардан мәтін түрін анықтау сұралады. Оқушылар өлең оқылғаннан кейін жанры поэзия екендігін айта- ды. Өлеңнің өзіндік ерекшеліктері анықталады. Өлеңнің шумақтан, тармақтан тұратынына, белгілі ырғақтан, ұйқастан құралатынына назар аударты- лады. Екінші рет оқығаннан кейін өлең не туралы екендігі жайлы жұбымен ой бөліседі. Оқулықтағы сұрақтарға назар аударылады: Өлең кімге арналған? Сен өз әжеңе қандай сөздер арнар едің? «Нағыз ана тілі – әжем» деген өлең жолын қа- лай түсінесің? Саралау мүмкіндіктері:диалог бойынша сара- лау орын алады. Қабілеті төмен оқушыларға ашық
сұрақтар қойылып, жауап беруге мүмкіндік жаса- лады. Сыныпты ұйымдастыру:жеке жұмыс ұсыны- лады. Табайық Тапсырманың негіздемесі:берілген өлеңнің тіл көркемділігіне назар аударып, сөздердің қол- данылуы мен мағынасына өз пікірлерін білдіру арқылы талдауға, өз ойын айтуға дағдыланады. Тапсырманың орындалуы:өлең мәтініне на- зар аударып, мәтіндегі әжеге арналған көркем сөздер мен сөз тіркестерін жұп арасында анықтау тапсырылады. Жұппен анықтаған сөздерін дәп- тердегі кестеге жазады.
Өлеңдегі көркем сөздер Мағынасы Ұл мен қыздың бағы
Гүл әжем
Алтын әжем
Күн әжем
Нағыз ана тілі
Мұғалім кесте үлгісін тақтада көрсетеді. Жұппен көркем сөздерді тауып, кестеге жазғаннан кейін сыныпта таныстырылады. Сөздердің мағынасын сыныпта талдай отырып ашады. Мұғалім неге, неліктен осылай атағанын сұрақтар қоя отырып, оқушылардың ойларын еркін айтуына мүмкіндік жасайды. • Әже неге ұл мен қыздың бағы деп ойлай- сыздар? • Әжесі бар балалар мейірімге бөленеді, әже- ге еркелейді, «Әже – баланың бағы, бақыты», деп айта аламыз. • Гүл әжем деуінің себебі неде? • Гүл – әдемі өсімдік, әжесінің әдемілігін, өзі үшін көрікті екендігін айтады. • Алтын әжем деуінің себебі неде? • Алтын – бағалы, құнды зат, әжесін алтынға балап тұр. • Күн әжем деуінің себебі неде? • Күн ең шуақты, жарқыраған, мейірімділіктің белгісі болғандықтан күн әжем деп айтып отыр. • Нағыз ана тілі деуінің себебі неде? • Әжелер баламен көп сөйлесіп, аналық мейірімін білдіреді, бала тілінің дамуына әсер етеді. Саралау мүмкіндіктері:ресурс бойынша сара- лау орын алады. Жекелеген оқушыларға мұғалім кейбір сөздер мен сөз тіркестерінің қасиетін та- ныту үшін суреттерін көрсету арқылы қолдау жа- сайды. Сыныпты ұйымдастыру:жұппен жұмыс ұсы- нылады. Мағынаны ашуда сыныппен жұмыс орын
алады. Ізденейік Тапсырманың негіздемесі:берілген мақал бойынша сын тұрғысынан ойлап, өз ойын білдіру- де шығармашылық таныту дағдысын дамыту көз- делген. Тапсырманың орындалуы:берілген сурет атаулары анықталады. Оқушылар сол суреттен та- уды, бұлақты, құрақ шөпті кімге теңейтінін айтады және неліктен олай ойлайтыны сұралады. Атаға, анаға, балаға лайық ұғымдарды осы суреттегі ұғымдармен байланыстыруға болатынын ойлауға мүмкіндік беріледі. Осы мақал мағынасын ашып таныстыруда шығармашылық таныту сұралады. Мұғалім топтарды аралай жүріп, олардың ойын тыңдайды. Оларға бағыт береді. Өз ойларын, иде- яларын танытуға, таныстырылым жасаудың ұтым- ды жолдарын таңдауға кеңес береді. Әр топты өлеңмен, суретпен, рөлдік ойынмен, ассоциация арқылы танытуға бағыттайды. Саралау мүмкіндіктері:жылдамдық бойын- ша саралау орын алады. Қабілеті төмен оқушы- ларға тапсырманы орындау үшін қосымша уақыт беріледі. Сыныпты ұйымдастыру:топтық жұмыс ұсы- нылады.
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 6; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 52.15.173.197 (0.01 с.) |