Сабаққа қатысты нұсқаулар 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Сабаққа қатысты нұсқаулар

Поиск


Тапсырманың негіздемесі:бұл тапсырманы орындау арқылы оқушылар айтылым дағдысын, айтылған ақпарат бойынша өз пікірлерін қосу дағ- дысын дамытады. Оқушыларды алда орындайтын тапсырмаларға дайындайды.

Тапсырманың орындалуы:«Қошеметтер бұрқасыны» стратегиясы арқылы оқушылардың көңіл күйін көтеру. Оқушыларға кішкентай кесілген қағаз әзірлеп, бір сөзден тұратын жағымды сөздер жазуын ұсынады.

Кішкентай кесілген қағазға сынып оқушыларына арнап жағымды сөздер жазып, лақтырады. Әркім алдына түскен қағазды ашып, дауыстап оқиды.

Содан соң мұғалім оқулықтағы «Талабым тау- дай» дегенді қалай түсінесің? Түсіндіріп көр» деген тапсырма береді. Оқушылардың түрлі пікірі тыңда- лады. Соңында жаңа сабақтың тақырыбы айқын- далады.

Саралау мүмкіндіктері:мұнда нәтиже бойын- ша саралау жүргізіледі. Қабілеті әртүрлі оқушы- ларға бірдей тапсырма ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.


Сыныпты ұйымдастыру:оқушылардың бар- лығын сабаққа қатыстыру үшін оқушылардың аттары жазылған таяқшалар пайдаланылады. Бұл үшін оқушылардың аттары жазылған таяқшалар қажет. Мұғалім таяқшаларды өзі таңдап оқушы- лардың қабілетіне қарай сұрақтарды қояды.

 

Тапсырманың негіздемесі:бұл тапсырма оқу- шылардың оқылым дағдысын жетілдіруге көмекте- седі. Өлеңнің мазмұнын түсінуге негізделген.

Тапсырманың орындалуы:мұғалім бірігіп оқу стратегиясы арқылы өлеңді өзі оқып береді, оқушылар ілесіп отырады. Бірігіп оқу стратегия- сынан кейін оқушылар өздері оқу стратегияларын жалғастырады, яғни өлеңді іштей оқиды. Содан соң өлеңді барлық оқушы мәнерлеп оқып шыға- ды. Оқып болған соң, оқулықта берілген мына са- уалдарға жауап береді:

«Білгіш» деп кімді айтамыз?

«Ізетті» деп кімді айтамыз?

«Өнерпаз» деп кімді айтамыз?

Саралау мүмкіндіктері:бұл тапсырмада қа- білеті жоғары оқушылар қабілеті төмен оқушы- ларға көмек көрсетеді.


 


 


Сыныпты ұйымдастыру:өлеңді мәнерлеп оқуға жағдай жасалады, яғни оқушылардың қа- білеттері, ерекше мінездері ескеріледі.

Тапсырманың негіздемесі:тапсырма оқушы- лардың оқылым және сын тұрғысынан ойлау дағ- дыларын жетілдіруге көмектеседі. Өлеңнің мазмұ- нын түсінуге негізделген.

Тапсырманың орындалуы:оқушыларды «Жұ- быңды тап!» ойыны арқылы жұпқа бөледі. Ол үшін түрлі түсті парақшаларды, суреттерді т.б. заттарды қолданады. Содан соң оқушыларға мәтін бойын- ша сұрақтар қойып, оның жауабын мәтіннен табу тапсырылады. Жұмысты келесі кезеңдер бойынша орында:

1. Өлең бойынша сұрақтар құрастыр.

2. Жұбыңа сұрақтарыңды қой.

3. Жұбыңның қойған сұрақтарына жауап бер. Сұрақтарды келесі үлгіде оқушыларға көрсетіп,

сұрақтар құрастыруға көмек көрсетіледі.

1. Қандай баланы «білгіш» деп атаймыз?

2. Неге «ізетті» баланы мақтаймыз?

3. «Өнерпаз» деп кімді айтамыз?

Сұрақтарға жауап бергеннен кейін, сұрақтар бойынша жоспар құрылады. Мұғалім жоспардың құрылуына көмектесуі керек.

Оқушылардың барлығы өлең бойынша мұғалімнің көмегімен өлеңдегі кейіпкерді сурет- тейтін үзіндіні және ондағы көркем сөздер мен сөз тіркестерін тауып оқиды. Өлеңдегі кейіпкердің та- лабы мен алдағы тапсырмадағы өздерінің ойларын салыстырып, «Таудай талап» дегеннің не екендігі түсіндіріледі. «Таудай үлкен талап, қастерлеу, қадір- леу, ізетті» деген тірек сөздер бойынша түсіндірме жұмыстар жүргізіледі. «Сөздік дәптеріне» жазыла- ды. Келешекте бұл сөздерді шығарма жазуда қол- дануға болатыны ескертіледі.

Саралау мүмкіндіктері:тапсырма бойынша са- ралау жүргізіледі. Бұл барлық оқушыларға ұсыны- лады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.

Сыныпты ұйымдастыру:жұппен жұмыс жүр- гізуге жағдай жасалуы керек.


 

Тапсырманың негіздемесі:тапсырмада оқушы- лардың жазылым дағдысы дамиды, өлең кейіпкері арқылы өзіне баға бере алуына негізделген.

Тапсырманың орындалуы:Оқушы өзі құрған жоспарды пайдаланып, «Еркін жазу» стратегиясы арқылы «Менің талабым таудай» тақырыбында өзі туралы досына хат жазады. Ол үшін төмендегі жоспарды пайдалану керек:

1. Мен білімдімін.

2. Мен ізеттімін.

3. Мен өнерлімін.

Жазып болғаннан кейін «Автордың орындығы» стратегиясы арқылы оқушылар өздері жазғанда- ры бойынша оқып береді. Ол үшін ортаға орын- дық қойылады. Оқушылар орындыққа отырып, өз жазғандарын оқиды. Барлық оқушылар автор болғысы келсе, өз қалауларымен орындыққа оты- рады. Белсенділігі жоғары оқушыларға кезекпен сөйлеу, белсенді тыңдау керектігі ескертіледі.

Саралау мүмкіндіктері:тапсырма бойынша саралау жүргізіледі. Бұл барлық оқушыларға ұсы- нылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.

Сыныпты ұйымдастыру:оқушылардың жұ- мыс жасауына жағдай жасау.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 6; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 52.15.209.178 (0.009 с.)