Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Сабаққа қатысты нұсқаулар

Поиск

Сабаққа қатысты нұсқаулар


Тапсырманың негіздемесі:ертегіні іштей оқып, түсініп оқу дағдысын дамытады.

Тапсырманың орындалуы:«Үш көбелек» ер- тегісін оқу үшін мұғалім оқушыларды оқулықтағы ертегіге назар аудартады. Мұғалім мен оқушылар ертегіні бірге оқиды. Мұғалім екпінмен оқиды, ал оқушылар сөздерді саусақтарымен көрсетіп, мұғаліммен бірге оқиды.

Алдыңғы болжағандарын еске түсіріп және болжамдарын оқығандарымен байланыстырып, жұп арасында әңгімелейді. Оқушылар ертегінің соңында берілген сұрақтарға жауап береді.

Саралау мүмкіндіктері:жұбымен әңгімелеу тапсырмасы нәтиже бойынша саралау жүзеге асырылады.


Сыныпты ұйымдастыру:ертегіні оқуда оқушылар бірге ілесіп іштей жеке оқу ұйымдасты- рылса, әңгімелеуде жұптық жұмыс ұсынылады.

Тапсырманың негіздемесі:оқушының мәтінге үңіліп, мәтінмен жұмыс жасау дағдысы қалыпта- сады.

 

              52    2-тарау. Менің отбасым және достарым


Тапсырманың орындалуы:Оқушылар кейіп- керлерді атап, олардың сырт бейнесін сурет арқылы өздері сипаттайды. Мұғалім суретке назар аудартып,

«Көбелектер қандай?» деген сұрақ қояды. Сурет арқылы олардың түсі, нәзіктігі, әдемілігі айтыла- ды. Үш көбелектің мінезін сипаттайды. Одан кей- ін мәтінде олардың сипаты қалай берілгеніне на- зар аудартылады. Мәтінмен жұптар жұмыс істейді. Мәтіндегі көбелектердің сипаттарын тауып оқиды. Бір-бірін толықтырады. Көбелектерден кейін ертегі- дегі гүлдердің сипатын табады. Күннің сипатын сурет арқылы және әрекеті арқылы айтуға бағыттау үшін мұғалім сұрақтар қояды. Бұл мәтін туралы сөйлесуге және тереңірек ойлануға мүмкіндік береді.

Саралау мүмкіндіктері:диалог бойынша са- ралау орын алады. Сұрақ қоюда кей оқушыларға жауабын тез тауып айтуға болатын сауалдар қойы- лады.

Сыныпты ұйымдастыру:тапсырма барысын- да суретпен, мәтінмен жұмыста жұптық жұмыс орын алса, кейіпкер рөлінде жеке - сыныппен жұмыс ұсынылады. Кейіпкер рөліне оқушыны ал- дымен қалауы бойынша, екінші кейіпкерді сана- мақ арқылы алу қызықтырақ болмақ.


 


 

Сен білесің бе?

Тапсырманың негіздемесі:оқушылардың тыңдалым жене айтылым дағдысы дамиды.

Тапсырманың орындалуы:мұғалім оқушы- ларға " мақал - мәтел- тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні. Әрі ықшам, әрі көркем түрде жасалып, те- рең ой, кең мазмұнды қамтиды" деп түсіндіреді.


Тапсырманың негіздемесі:оқушылардың оқылым дағдысы қалыптасады.

Тапсырманың орындалуы:оқушылар мақал-мәтелдерді оқып, мағынасын түсіндіреді.

Саралау мүмкіндіктері:нәтиже бойынша са- ралау орын алады.

Сыныпты ұйымдастыру:тапсырма сыныппен ұйымдастырылады. Оқушылар сынып алдында өз ойларымен бөліседі.


 

ралау орын алады.

Сыныпты ұйымдастыру:жағдаятты талдауда, диалог жазуда жұптық жұмыс орын алса, жұптар өз ойын топта жинақтап, шығармашылық жұмы- сын топта таныстырады. Топтағы үздік жұмыстар сыныпқа таныстырылады.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.141.41.109 (0.005 с.)