Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Сабаққа қатысты нұсқауларСодержание книги
Поиск на нашем сайте
Тапсырманың негіздемесі:оқушылар нағыз дос ұғымына келу үшін берілген сұрақтар бойын- ша жауап беру барысында өз ойларын дәлелдеп айту арқылы айтылым дағдысы дамиды. Тапсырманың орындалуы:оқулықта берілген «Досың қуанғанда, қиналғанда қандай сезімде бо- ласың?» сұрағына топта жауап береді. Оқулықта мультфильм кейіпкерлерінің суреттері берілген. Оқушылар өз сөздерін мультфильм кейіпкер- лерімен байланыстыра отырып сөйлейді. Саралау мүмкіндіктері:қабілеті аралас жұп- тарға беріледі. Оқушылар бір-біріне қолдау көр- сетіп, нәтижелі болады. Сыныпты ұйымдастыру:тапсырма орындар алдында сыныпты топтарға бөліп, топтық жұмыс ұйымдастырылады. Сынып бөлмесін топтық жұ- мысқа ыңғайлап, парталарды топтап орналастыру ұсынылады.
Тапсырманың негіздемесі:әңгіме мәтінін- тыңдап танысу арқылы оқушының тыңдалым дағ- дысы қалыптасады. Тапсырманың орындалуы:алдымен оқулықта берілген сурет арқылы әңгіме мазмұны болжа- нады. Оқушылар әңгіме не туралы болатынын, қандай оқиға болатынын болжайды. Содан кейін әңгіме мәтіні тыңдалады. Әңгімеде қандай кейіп- керлер бар екендігі сұралады. Екінші тыңдағаннан кейін мазмұнды бірінен соң бірі айтып шығады. Оқушылар әңгімеге қайта назар аударып, оқиға- ның басы, ортасы, соңын анықтайды. Әңгіме не туралы? деген сұраққа достық туралы, адал достық туралы екендігін оқушылар айтқаннан кейін, ав- тордың осы әңгімеде қандай ой ұсынып отырғаны анықталады. Оқушылар оқулықта берілген сауал- дарға жауап береді, жеткіліксіз болған жағдайда мұғалім оқушыларға негізгі сұрақтар қоя отырып, шынайы, адал достықты таныту әңгіменің негізгі ойы екендігін түсіндіреді Саралау мүмкіндіктері:нәтиже бойынша са- ралау жүзеге асады. Топтағы оқушылардың қа- білетіне байланысты рөлді ойнауда әртүрлі нәти- же күтілетіні ескеріледі.
Тыңдалым мәтіні Нағыз дос Екі дос көше бойымен жайбарақат әңгімелесіп келе жатты. Оның біреуі Аблан да, екіншісі – Абыз. Абыздың денсаулығы нашар, көп жүгіре алмай- тын сырқат еді. Бір үйдің жанынан өте бергендерінде дәу қара төбет арсылдап, тура алдынан шыға келді. Абыз: – Аблан, қаш, әне ит келіп қалды! – деп қатты қорқып, айғайлап жіберді. Аблан жерден бір шыбық алып, итке қарсы ұмтылды. Ашулы ит Абланның шалбарынан бір- неше рет жұлқылап та үлгерді. Үлкендер келіп, Абланды құтқарып алды. Абыз Абланның жанына келіп: – Мен қаш дегенде неге қашпадың? Қашып кет- кенімізде шалбарыңды бүйтіп ит жыртпаған бо- лар еді, – деді. – Мен қашатын болсам, сен тұтылатын едің. Өй- ткені сен қатты жүгіре алмайсың ғой. Сені иттен қорғайын деп әдейі қалып қойдым, – деді Аблан. – Достар деген осылай болар, – деді олардың сөзін естіген үлкендер сүйсініп. Тапсырманың негіздемесі:ұсынылған сұрақ- тарға жауап беру арқылы оқушының мәтін мазмұ- нын меңгеруі тексеріледі. Түсіну дағдысын пы- сықтауға арналған тапсырма. Бұл тапсырманы орындаған соң, оқушыларда оқыған мәтін мазмұ- нын кейіпкер атынан мазмұндау дағдысы пайда болады деп күтіледі. Тапсырманың орындалуы:мұғалім тапсы- рманы жұппен талқылап орындауды ұсынады. Белгіленген уақытта жауап береді. Өз жауапта- рын топтағы екінші жұппен тексереді. Егер жау- аптары сәйкес келмесе, топта талқылау жасайды. Мұғалім оқушыларды бағыттап, көмек береді. Саралау мүмкіндіктері:тапсырмада диалог арқылы саралау орындалады. Топ талдау талқылау барысында қабілеті жоғары оқушыға ашық не- месе күрделі сұрақ қойылады. Ал қабілеті төмен оқушыға үлгісі бар сұрақ қойылады. Сыныпты ұйымдастыру:Жұптық, топтық жұ- мыс ұсынылады. Пәнаралық байланыс:«Өнер пәні». Сыныпты ұйымдастыру:Тапсырманы сынып- пен орындау ұсынылады.
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 5; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 13.59.5.179 (0.007 с.) |