Білімді бекітуге арналған тапсырма
Білімді бекітуге арналған тапсырма
Достар арасындағы жақсы қасиеттерді ата. До- стықты бұзатын мінездер туралы өз ойыңды
айт. Оқушылар адамның қасиеттері мен жағым- сыз мінез ерекшеліктері туралы өз ойларын айту арқылы достар арасындағы қарым-қатынас тура-
лы өз ойларын еркін айтуға дағдыланады.
Оқушылардың білімін бағалау
Мұғалім оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі қажет.
Тапсырманың негіздемесі:оқушының қи- ялын дамыта түседі.
Тапсырманың орындалуы:Жануарлар мен құстар арасында достық бола ма? деген сауалға оқушылар жауап береді. Қалағандары өз сөзін мысалдармен дәлелдейді.
Оқушылар топтарға бөлінеді. Олар жануарлар мен құстар арасындағы достықты мазмұндайтын ертегі құраулары қажет. Әрбір топ қабілеті әртүрлі оқушылардан құралуы тиіс. Топ мүшелеріне ақыл- дасуға белгілі бір уақыт беріледі. Дайын болған кезде топ мүшелері өз рөлдерін сомдайды.
Саралау мүмкіндіктері:бұл тапсырма аралас топтарды саралау арқылы жүзеге асады.
Пәнаралық байланыс: өз мәтіндерін рөл- дік ойын арқылы таныстыру жолында «Өнер» пәнімен пәнаралық байланыс жүзеге асады.
Сыныпты ұйымдастыру:тапсырма топта орындалады. Топтарға дайындалуға сынып бөл- месінен орын бөлініп беріледі. Ал қойылым қою кезінде арнайы орын дайындалады.
2.2.1.2 мәтінді іштей түсініп, қажетті ақпаратты тауып оқу;
2.2.7.1 мұғалімнің көмегімен шығармадағы көркемдеуіш құралдарды (салыстыру, кейіптеу) табу.
көрші, жанашыр, шұрқырасып, жылы шуақ.
плакаттар, бояу қарындаштар.
• мәтінді түсініп оқып, маңызды ақпаратты таба алады;
• кейіпкерді суреттейтін көркем сөздерді анықтай алады.
|