Сабаққа қатысты нұсқаулар
Тапсырманың негіздемесі:бұл тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағды- сы дамиды, айтылғын ақпарат бойынша өз пікір- лерін білдіре алады. Оқушыларды алда орындай- тын тапсырмаларға дайындайды.
Тапсырманың орындалуы:Бұл уақытта оқушылар мақал-мәтелдердің не екенін біледі және 1-сыныптан бері көптеген мақалдарды жат- тады. Сондықтан сабақты мектеп туралы қандай мақалдар білесіңдер деген сұрақтан бастауға болады. Оқушылардан айтқан мақалының мағы- насын өзі қалай түсінетінін сұраған дұрыс не- месе ол мақалдың мән-мағынасы туралы басқа оқушыларға өз пікірлері айтқызылады. Бұл бар- лық оқушылардың бірін-бірі тыңдауына және бірге ойлануына мүмкіндік береді. Балалар өздері бұрыннан білетін мақалдарын айтқан соң мұғалім балаларға оқулықтағы суретті көрсетеді. Суретте шетсіз-шексіз теңіз және оның бетінде кеме тәрізді қалықтап жүзіп бара жатқан мектеп бейнеленеді (мектеп-кеменің ішіне оқушыларды, ұстаздарды, т.б. бейнелеуге болады). Мұғалім жаңа сабақты
осы сурет бойынша сұрақтар қоюдан бастайды: Суреттен не көріп отырсыңдар? Неліктен мектеп ұшан-теңіз су айдынында жүзіп жүр? Бұл нені біл- діреді? Бұл қандай мақалды еске түсіреді? т.с.с. Осыдан соң халық ауыз әдебиетінде білімді теңіз- ге, мектепті қайыққа неліктен теңеп отыр деген сұрақ төңірегінде балалардың әртүрлі пікірлерін тыңдаған жөн. Бұл суреттегі мақал екендігі түсін- діріледі. Тапсырманың соңында оқушылар білім алудың маңызды екенін дәлелдей алады. Осы сияқты 1-2 мақалдың мағынасын сурет арқылы белгілеп, олардың мазмұны туралы оқушылардан не білетінін, оны қалай түсінетінін сұрау жұмысын жалғастырға болады. Оқушылардың жұмыстарын қолдап отыру, қызығушылықтарын тудырады.
Тапсырманың жауаптары, орынды болса:
Оқушылар суреттің мазмұнына қарап ойланып,
«Білім – теңіз, мектеп – қайық» деген мақалды та- булары тиіс.
Саралау мүмкіндіктері:Мұнда нәтиже бой- ынша саралау жүргізіледі. Қабілеттері әртүрлі оқушыларға бірдей тапсырма ұсынылады, бірақ түрлі нәтиже күтіледі.
Сыныпты ұйымдастыру:Оқушылардың бел- сенді, еркін қозғалуына жағдай жасалынады.
|