Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Білімді бекітуге арналған тапсырма

Поиск

Білімді бекітуге арналған тапсырма

Бұл сабақта өткен үш маңызды ақпаратты жаз. Маңыздылығына пікір айт.

 

Үш маңызды ақпарат

Неліктен?

 

 

Мұғалім мәтін бойынша жаңа үш маңызды ақпаратты анықтап, оның маңыздылығына өз ойын берілген кестеге жазуды ұсынады.

Қосымша тапсырма

Астананың бір көрікті жерінің суретін сал.

Оқушы Астана қаласындағы өзі білетін жерлер туралы жұп арасында әңгімелеу сұралады. Ол жер өзіне неге ұнайтынын, неге көрікті деп санайты- нын айтады. Астанадағы көрікті жерлер туралы ойын жинақтап алғаннан кейін, бір көрікті орын- ның суретін салу сұралады.

 

Оқушылардың білімін бағалау

Мұғалім оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі қажет.


 

 


2.1.1.1 шығарманың мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беру;

2.2.1.1 шығарманы дауыстап дұрыс әрі түсініп оқу/рөлге бөліп/ мәнерлеп оқу.


қалану, тоғыз жолдың торабы, інжу-маржан.

 

 

парақтар, бояу қарындаштар.


 

 

• шығарманың мазмұнын түсініп, қарапайым сұрақтарға жауап береді;

• мәтінді іштей түсініп, қажетті ақпаратты тауып оқиды.


Сабаққа қатысты нұсқаулар


Тапсырманың негіздемесі:бұл тапсырманы орындау барысында оқушылардың сөзді мағы- насына сай орынды қолданып, берілген ұғымды сипаттай алу дағдысы дамиды.

Тапсырманың орындалуы:мұғалім оқушы- лардың назарын суреттерге аудартады. Олардан не көріп тұрғандары сұралады. Астана қаласы бейнеленген, себебі неде деп ойлайсың деп сұра- лады. Қазақстанның бас қаласы Астананы сендер қалай суреттер едіңдер, бір әсем жерді суреттеу үшін сипаттап айту сұралады. Дайындыққа 5 ми- нут уақыт беріледі. Сынып шеңберге тұрып Аста- надағы өздері таңдаған бір жерді сипаттап таны- стырады.

Саралау мүмкіндіктері:нәтиже бойынша са- ралау орын алады. Әр оқушыдан әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілетті оқушылар толық сипаттап таны- стыра алса, қабілеті төмен оқушылар өз деңгейін- де нәтиже көрсетеді.

Пәнаралық байланыс:тапсырмада «Қазақ тілі» пәнімен байланыс орын алады.

Сыныпты ұйымдастыру:Тапсырма топта орындалады.


Тапсырманың негіздемесі:ұсынылған мәтін- мен танысады, мәтіндегі негізгі ақпараттарды анықтау арқылы мәтінмен жұмыс жасау дағдысы қалыптасады.

Тапсырманың орындалуы:оқушылар мәтінді жұппен оқып танысады. Жұп арасында өзара әң- гімелейді. Әңгімелеу барысында негізгі ақпарат- тарды түртіп отырады.

Саралау мүмкіндіктері:нәтиже бойынша са- ралау орын алады. Әр оқушыдан әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілетті оқушылар мәтіндегі көркем сөз- дерді толық тапса, қабілеті төмен оқушылар жар- тылай ғана таба алады.

Пәнаралық байланыс:тапсырмада «Бейнелеу өнері» пәнімен байланыс жүргізіледі.

Сыныпты ұйымдастыру:тапсырма барлық сыныппен бірге орындалады.

Тапсырманың негіздемесі:тапсырма оқушының мәтінмен жұмыс жасау дағдысын дамытады. Оқыған мәтін мазмұны бойынша жұмыс жасау арқылы оқушының білімді бекітуі орын алады.

Тапсырманың орындалуы:мұғалім оқушы-


 


 

ларға «дұрыс-бұрыс» ойыны парағын таратады. Парақта берілген мәліметтерді жұбымен талқы- лайды. Талқылау барысында жауаптарды белгілеп отырады. Тапсырманы жұптар жұмыстарын ауы- стырып, өзара тексеру орын алады.

Саралау мүмкіндіктері:нәтиже бойынша са- ралау орын алады. Қабілетті оқушылар толық дұрыс жауап берсе, қабілеті төмендерден ішінара қате кездеседі.

 

Мәліметтер

дұрыс

бұрыс

Астана – жаңа қала

+

 

Астана ретінде аталуы

– 1997 жыл 10 маусым

 

Астана 1968 жылы Целиноград болып өзгертілді

+

 

Қаланың негізі 1986 жылы қаланған

 

Астананың шекарасы 710 шақырым

+

 

 

Шетелдік қонақтар Астананы дүниенің жетінші кереметіне теңейді.

 

 


Сыныпты ұйымдастыру:бұл тапсырманы жұппен орындау ұсынылады.

Тапсырманың негіздемесі:алдыңғы тапсыр- маның жалғасы болып табылады. Оқушының тіл- дік қорын, кретивті ойлауын қалыптастырады.

Тапсырманың орындалуы:Оқушыларға Астана қаласына қандай үлес қосатындары сұралады. Онда кешендер, ескерткіштер, ерек- ше ғимараттар ұсынуға болатыны айтылады. Оқушыларға қажетті ресурстар беріледі. Олар өз туындыларының макетін жасап, оны сыны- пқа таныстырады. Туындыларының ерекшелігі,


 

түсі, көлемі, орналасытын орны туралы толық мәлімет беру сұралады.

Саралау мүмкіндіктері:ресурстар арқылы са- ралау орын алады. Тапсырма толыққанды орын- далуы үшін мұғалім ресурстармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады.

Пәнаралық байланыс:бұл тапсырмада «Бей- нелеу өнері» мен «Музыка» пәндерімен байланыс жүргізіледі.

Сыныпты ұйымдастыру:тапсырманы топта орындау ұсынылады.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 6; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.133.124.80 (0.007 с.)