Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Білімді бекітуге арналған тапсырма

Поиск

Білімді бекітуге арналған тапсырма

Өзің тұратын өлкенің өзіне ғана тән 5 ерекшелі- гін жаз.

Қосымша тапсырма

1. Өлеңді оқы.

2. Өлең не туралы.

3. Ата мен немере арасындағы жылы қатынас туралы өз ойыңды айт.

Қымбат Әбілдәқызы Атам келгенде

 

Алақай, алақай! Келді атам ауылдан Көп хабар әкелді, Елдегі бауырдан.

 

Сұрадым атамнан, Ауылдың хал - жайын. Өзімдей баланың, Көңілі қандайын.

Оқушылардың білімін бағалау

Мұғалім оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі қажет.


 

 


2.2.2.1 мұғалім көмегімен қарапайым және нақтылау сұрақтарын қою және оның жауабын шығармадан таба білу;

2.3.3.1 мұғалімнің көмегімен сурет/ каллиграмма/ аппликация/ фотосуреттер пайдаланып, шығармашылық жұмыс жазу.


ақбас бура, Күміскөл, қасиетті, «әулие жануар», боздау.

 

 

«әңгіме тауы» сызбасы.


 

 

• шығарма мазмұны бойынша сұрақтар қояды және жауап береді;

• шығармашылық жұмыстар жасайды.


 


Сабаққа қатысты нұсқаулар


Тапсырманың негіздемесі:берілген сурет ту- ралы, оған ат қойып суретпен жұмыс жасау және осы суреттегі көріністі басқа сипатта бере алу арқылы оқушылардың тыңдалым және айтылым дағдылары артады.

Тапсырманың орындалуы:алдымен оқушы- лардың назары оқулықтағы суретке аудартылады. Суреттен не көргендерін оқушылар айтады. Мұғалім толық айтылмаған жағдайда сұрақ қойып нақтылай- ды. Суреттегі табиғат көрінісі қазақ елінің қай жеріне тән екендігін сұрайды. Сынып айта алмаған жағдай- да мұғалім Көкшетау екендігін өзі айтады. Суретте- гі Көкшетаудың сипатын оқушылардың өздеріне айту сұралады, соңынан мұғалім толықтыру үшін сұрақтар қояды. Суретке ат қойылады.

Суреттегі табиғат көрінісі жаз мезгіліне тән, ал қыс пен күзде осы көріністер қалай берілетінін сипаттау тапсырмасы топта орындатылады. Сыныптағы екі топ күз мезгілін, екі топ жаз мезгілін сипаттайды.

Саралау мүмкіндіктері:нәтиже бойынша са- ралау орын алады.


Сыныпты ұйымдастыру:сурет бойынша жұ- мыс сыныппен орындалады, ал тапсырма соңын- да жұмыс топта орындауға ұсынылады.

 

Тапсырманың негіздемесі:аңызды тыңдап, аңыз мазмұны не туралы екенін анықтау арқылы оқушылардыңтыңдалым дағдылары қалыптаса- ды.

Тапсырманың орындалуы:Бурабай туралы аңызды тыңдауда алдымен мұғалім оқушылар- дың назарын оқулықтағы суретке аудартады. Су- рет арқылы не туралы тыңдайтындары болжана- ды. Ертегіні алғаш тыңдағанда мұғалім не туралы тыңдағандарын сұрайды. Оқушылар түсінгендерін айтқаннан кейін аудиомәтін екінші рет тыңдала- ды. Алдыңғы болжағандарын еске түсіріп және оқығандарымен байланыстырып, жұп арасында талқылайды.

Саралау мүмкіндіктері:қабілеті әртүрлі жұп арқылы саралау орын алады.

Сыныпты ұйымдастыру:Жұптық жұмыс ұсы- нылады.


 


 

Ойланайық

Тапсырманың негіздемесі:оқиға бөліктерін дұрыс орналастыра алу арқылы сабақта танысқан аңыз мазмұнын қолдану дағдысы қалыптасады.

Тапсырманың орындалуы:сынып топтарға бөленеді. Алдымен аңыздағы оқиғаларды бөлік- терге бөледі. «Әңгіме тауы» сызбасы таратылады. Осы сызбаға аңыздағы оқиғалардың басталуын, дамуын, шарықтау шегін, шешімін түсіреді. Оқиға- ларды қысқаша екі сөйлеммен немесе суретпен беру ұсынылады. Топтардың орындаған тапсыр- масы тексеріледі. Қателерін өздері тауып, өзгерту- ге ұсыныстар беріледі.

Саралау мүмкіндіктері:тапсырма аралас топ- тар арқылы сараланады. Қабілетті оқушылар қа- білеті төмен оқушыларға қолдау көрсету арқылы бірдей нәтижеге жетеді.


Сыныпты ұйымдастыру:Топтық жұмыс ұсы- нылады.

Тапсырманың негіздемесі:берілген пікірге өз ойларын айту арқылы сөздік қорлары қалыптаса- ды, пікірталас мәдениетін үйренеді.

Тапсырманың орындалуы:мұғалім талқыға ұсынылатын ойды ортаға салады. Сыныптың үш бұрышына «келісемін», «келіспеймін», «қалыс қа- ламын» деген сөздерді жазып іліп қояды. Оқушы- лар осы пікір бойынша өздері таңдаған бұрышқа барады. Өзімен пікірлес балалармен бірге бұл бұрышты таңдау себебін талдайды. Ортақ ойла- рын сыныпқа айтады. Мысалы «ақбас бура туралы аңыз шындыққа жанаспайды» деп келіспейтіндер тобы келіспеу себебін санамалап, өз дәлелдерімен айтуы керек. Үш топты таңдағаннан кейін пікірін өзгертетіндер болса, бұрыш өзгертуге болады, бірақ не үшін өз ойын өзгертетінін айтып өтеді.

Мұғалім оқушыларды бағыттап, көмек береді. Жауап толық болмаған жағдайда, мұғалім сұрақты жеңілдетіп қайтадан қояды.

Саралау мүмкіндіктері:ресурс бойынша са-


 

ралау орын алады. Қабілеті төмен оқушыға жауап беруде көмек болатын сөз тіркесі немесе сөздер тізбегі суретпен немесе картаға жазылып көр- сетіледі.

Сыныпты ұйымдастыру:Тапсырманы топта орындалады.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 6; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.116.37.200 (0.007 с.)