Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Білімді бекітуге арналған тапсырмаСодержание книги
Поиск на нашем сайте
Білімді бекітуге арналған тапсырма Адамда туған жерге деген қандай сезімдер бола- ды? «Туған ел» ұғымына өз ойыңды сызбамен бер. Алдымен туған жерге қандай сезімдер болаты- нын дәптерлеріне еркін жазады. Осы сөздерді жұп- та қандай топтарға бөліп жазатынын талқылап, топ- тастыру сұралады. Туған ел туралы ойларын ақ параққа «туған ел» деп жазып, айналдыра жазуға кеңес беріледі. Қосымша тапсырма Мақалды оқы, мағынасын түсіндір. Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас. Мұғалім оқушыларға мақалды оқуды ұйымдасты- рады. Оқыған мақал мазмұны бойынша өз ойла- рын «5 неге» деген сауал қойғызып, жауап айтқызу арқылы талдатады. Оқушылардың білімін бағалау Мұғалім оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі қажет.
2.2.1.2 шығарманы іштей оқып, ондағы қажетті ақпараттарды белгілеп оқу; 2.2.2.1 мұғалім көмегімен қарапайым және нақтылау сұрақтарын қою және оның жауабын шығармадан таба білу; 2.1.5.1 өз ойы мен сезімін тірек сөздерді пайдалана отырып жеткізу. жұмақ, ғажап, тікенек.
парақтар, «білемін, білгім келеді, білдім» парағы.
• туған жер туралы аңызбен танысады; • аңыз мазмұны бойынша сұрақ қойып, жауап бере алады. Сабаққа қатысты нұсқаулар Сыныпты ұйымдастыру:жұптық жұмыс ұсы- нылады.
Тапсырманың негіздемесі:тапсырма оқушы- лардың суретпен жұмыс жасау дағдысын дамыта- ды және өз ойларын толық жеткізе алу дағдысын дамытуға мүмкіндік береді. Тапсырманың орындалуы:оқулықтағы су- ретке назар аудартылады. Оқулықта берілген су- реттер топтамасы бойынша не көргендерін айта- ды. Сурет бойынша болжау сұрақтары қойылады: – Суреттегі құстың туған елі бар ма? – Еркіндіктегі құстар мен торда ұстайтын қан- дай құстарды білесің? Сурет не туралы екені анықталғаннан кейін «Түртіп алу» стратегиясы бойынша жұмыс жасау ұсынылады. Онда «білемін, білгім келеді, білдім» бағандарына мәліметтерді қысқаша орналастыра- ды. Тапсырма жұппен орындалғандықтан, өзара талқылап, ортақ жазу ұсынылады.
Саралау мүмкіндіктері:қабілеті әртүрлі оқушыны жұпқа бөлу ұсынылады. Қабілетті оқушы өз жұбына көмек жасайды. Пәнаралық байланыс:бұл тапсырмада «Дү- ниетану» пәнімен байланыс жүргізіледі. Тапсырманың негіздемесі:тапсырма оқушы- лардың оқылым дағдысын қалыптастырады. Ұсы- нылған мәтінді оқу арқылы жаңа мәліметпен та- нысады. Тапсырманың орындалуы:оқушылардан аңыз не жайында жазылғаны сұралады. "Аңыз не туралы? Аңыздың мазмұны бойынша сені не таңғалдырды?" деген сұрақтар арқылы жұбымен ой бөліседі. Жұбымен бір айтқаннан кейін мәтінге қайта назар аудартылады. Екінші оқығаннан кейін мәтін толық меңгерілді деп есептеледі. Саралау мүмкіндіктері:қабілеті әртүрлі оқу- шыны жұпқа бөлу ұсынылады. Қабілетті оқушы өз жұбына көмек жасайды. Сыныпты ұйымдастыру:Жұптық жұмыс ұсы- нылады. Мәтін. Ертеде бір құсты ұстап алып, торға қамап қой- ыпты. Торға түскен құс күні-түні бірдей: «Елім, елім, елім, елім», – деп қақсай беріпті. Құс иесі ойлапты: «Мұның елі қандай екен, ол қай- да болды екен? Мүмкін мұның елі, жұмақтағы ағаш өсіп, жұмақтағы құс мекендейтін гүл жай-
Тапсырманың негіздемесі:аңыз мазмұны- бойынша сұрақтар қоя отырып, мазмұнға жоспар құру арқылы оқушының алған білім мазмұнын қолдану дағдысы қалыптасады.
Тапсырманың орындалуы:тыңдалым мәтіні бойынша сұрақтар қоя отырып, аңыз жоспарын жасау талап етіледі. Жоспар құруда аңыз оқиға- сын бөліктерге бөледі. Әр бөліктегі тірек сөздер анықталады. Негізгі оқиғаларға сұрақ қояды. Осы сұрақтар арқылы аңыз жоспарын жасайды. Саралау мүмкіндіктері:нәтиже арқылы сара- лау орын алады. Мұғалім қабілетті оқушылардан тиянақты дұрыс нәтиже көре алады. Ал қабілеті төмен оқушылар да өз деңгейінде жоспарларын жасайды. Тапсырманың негіздемесі:аңыздағы оқиғаны жалғастырып жазу арқылы шығармашылық қа- білетінің артуына мүмкіндік жасалады. Тапсырманы қалай орындау керек:алдымен аңыз кұстың өз ұясына жетуімен аяқталды. "Егер аңыз әрі қарай жалғасса, қандай оқиға орын алар еді деп ойлайсыңдар?" деп аңызда әр қа- рай қандай оқиға болуы мүмкін екендігі сұрала- ды. Оқушылардың болжамы тыңдалғаннан кейін, өздері оқиғаны жалғастырып жазуға тапсырма беріледі. Оқиға жалғасын парақтарға жазады. Су- реттермен көркемдеуге кеңес беріледі. Соңынан сыныпта таныстырылады. Оқушылардың жұмы- сына «ең қызықты», «ең тапқыр» деген марапат- тар беріледі. Саралау мүмкіндіктері:нәтиже арқылы са- ралау орын алады. Әр топтағы оқушылардың шығармашылық қабілетіне қарай әртүрлі нәтиже күтіледі. Пәнаралық байланыс:тапсырмада «Бейнелеу өнері пәнімен» байланыс жүргізіледі. Сыныпты ұйымдастыру:жұмыс топта орын- далады.
Кел, сөйлесейік! Тапсырманың негіздемесі:ұсынылған мақалға пікір білдіруде өз ойын, идеясын еркін жеткізе алу алдыңғы тыңдалған пікірлерді қолда- на алу дағдысы қалыптасады. Тапсырманың орындалуы:мақалды топта талқылайды. Өз ойларын айтуға жоспар құра- ды. Мәтін туралы өз ойларын айтуда алдыңғы тыңдалған пікірлерді байланыстыру талабын ескереді. Өз ойларын өмірден мысалдар алып, дәйектеп беру сұралады. Өзінің туған жерімен байланыстырады. Оқушыларға мұғалім бағыттап көмек береді. Топтан 1-2 спикер шығып топ жұ- мысын таныстырады. Саралау мүмкіндіктері:тапсырма арқылы са- ралау орын алады. Мұғалім оқушылардың қамты- май кеткен сұрақтарын өзі қабілетті деген балаға соңынан арнайы қояды. Сыныпты ұйымдастыру:Топтық жұмыс ұсы- нылады.
|
||||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 6; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.116.49.38 (0.011 с.) |