Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Оқушылардың      білімін бағалау

Поиск

Оқушылардың      білімін бағалау

Мұғалім оқушылардың сабақты қаншалықты

меңгергенін тексеруі қажет.


 

 

 


Сабаққа қатысты нұсқаулар


Тапсырманың негіздемесі:бұл тапсырма оқушылардың жазылым дағдысын дамытуға бағытталған. Ертедегі мектептердің қандай болға- ны жөніндегі білетіндері мен білгілері келетіндері жөнінде анықтауға көмектеседі.

Тапсырманың орындалуы:тапсырманы мұғалім барлық сынып оқушыларына «Ертедегі алғашқы мектептер қандай болды? Онда қандай заттар болды?, «Қандай заттар болған жоқ» деген жетекші сұрақтар қою арқылы «Білемін» кестесін толтырудан бастайды. Оқушылар жұмыс дәптер- леріне кестені сызады, білемін кестесін жеке тол- тырады. Содан соң оқушылар білетіндерін ортаға салып жазғандарын оқиды, барлық оқушылардың жауаптары тыңдалады. Барлық оқушылардың жауаптары тыңдалған соң «Білгім келеді» кестесі толтырылады. Оқушылар ертедегі алғашқы мек- тептер жөнінде не білгілері келетіндерін кестеге жазып толтырады. Барлық оқушылардың не біл- гілері келетіндері талқыланады.


Саралау мүмкіндіктері:бұл тапсырмада нәти- же бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма бар- лық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәти- же күтіледі.

Сыныпты ұйымдастыру:берілген тапсырма жеке жұмыс болған соң, оқушылардың қабілет- теріне қарай ойланып жазуларына уақыт беріледі.

 

Тапсырманың негіздемесі:бұл тапсырма әңгімеден үзінді оқыу арқылы, шығарманың мазмұны не жайында екенін түсінуге негізделген. Оқушылардың түсініп оқу дағдысын дамытуға көмектеседі.

Тапсырманың орындалуы:мұғалім оқу- лықтағы Б.Соқпақбаевтың «Балалық шаққа са- яхат» әңмесімен танысатындарын айтады. Ал- дымен әңгіменің авторымен таныстырып, оның портретін көрсетіп, ол туралы қысқаша мәлімет беріп түсіндіріледі. Сонан соң балалар әңгімені іштей түсініп оқып танысып шығады. Түсініп оқу барысында оқушыларда елес, ұғым, бейне, жоға- ры сезімдер пайда болады. Мұғалім оқушылардан оқып отырғанда нені елестеткендерін сұрайды.


 


 

Сол бойынша оқушылардың айтқандарын сы- ныпта талқылайды. Барлық оқушылар елестеткен- дерін айта алмайды, не елестете алмауы мүмкін. Сондықтан барлық оқушылардан жауап алынбай- ды, тек өз еріктерімен айтулары керек. Мұғалім

«малдас құру, киіз үй, сыз, қызыл жабқыш»тірек сөздермен жұмыс жасайды. Мұғалімнің көме- гімен көркем шығарма үзіндісін иллюстрациялық суреттегі үлгісімен салыстырады, ойларын ортаға салып бір-бірін толықтырады. Мұғалімнің нұсқа- уы бойынша «Үйрендім» кестесін мәтіннен және иллюстрациялық суреттен түсінгендері бойынша толтырады. Кестені толтыруда оқушылар ертедегі мектептер туралы білгендерін және авторы тура- лы да жазуларына болады. Кесте бойынша бар- лық оқушылардың жауаптары тыңдалады.

Саралау мүмкіндіктері:мұнда тапсырма бой- ынша саралау жүргізіледі. Бұл тапсырама барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.

Сыныпты ұйымдастыру:мәтінді іштей оқуда оқушылардың қабілеті ескеріліп уақыт беру мүм- кіндігі ерекшелінеді.


 

Анықтайық

Тапсырманың негіздемесі:бұл тапсырма жа- зылым дағдысын жетілдіруге арналған.

Тапсырманың орындалуы:сөйлемдердің дұрыс немесе бұрыстығын анықтайды.

Саралау мүмкіндіктері:бұл жұмыста нәтиже бойынша саралау жүргізіледі. Қабілеттері әртүрлі оқушыларға бірдей тапсырма беріледі, нәтижесі әртүрлі болады.

Сыныпты ұйымдастыру:тапсырманы орын- дау үшін сынып дайындалады, жұмыс жасауға ыңғайлы болатындай етіп орналастырылады.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 5; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.188.113.189 (0.008 с.)