Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Білімді бекітуге арналған тапсырмаСодержание книги
Поиск на нашем сайте
Білімді бекітуге арналған тапсырма Елі үшін ерлік жасаған батыр туралы мәлімет жина. Ол мәліметті таныстыру үшін шағын плакат әзірле. Қосымша тапсырма «Батыр» сөзіне сөзжұмбақ құрастыр.
Оқушылардың білімін бағалау Мұғалім оқушылардың сабақты қаншалықты меңгергенін тексеруі қажет. Сонымен қатар, бет- те орналасқан Кіріспедегі көлемі мен құрылымын көрсететін секциядан тиесілі бағалау стратегия- сын таңдауы керек.
2.2.4.1 мақал-мәтел, жұмбақ, ертегі, тұрмыс- салт жырлары, әңгіме, өлеңнің жанрлық ерекшеліктерін анықтау; 2.2.6.1 кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалау. • тыңдаған мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажырата алады; • шығарманың жанрын анықтайды және кейіпкерді бағалайды.
туған ел, ер жігіт.
парақтар, бояу қарындаштар.
Сабаққа қатысты нұсқаулар Тапсырманың негіздемесі:Тапсырма оқушы- лардың берілген екі ұғымның байланыстылығын ажырату арқылы өз ойларын еркін айтуға және басқа оқушылардың пікірін тыңдай отырып, ой жинақтауға мүмкіндік жасауға бағытталған. Тапсырманың орындалуы:оқушылар ішкі және сыртқы шеңберде тұрып берілген екі ұғым бойынша өз ойларын айтады. Алдымен ішкі шең- бердегілер сыртқы шеңберде тұрған оқушыға отыз секунд туған ел туралы өз ойын айтады. Шеңберде қозғала отырып, щеңбердегі барлық оқушымен сөйлесіп шығады. Келесіде ер жігіт туралы сыртқы шеңбердегі әр оқушы да отыз се- кундтан өз ойын айта отырып, шеңбердегі бар- лық оқушыға өз ойын айтып шығады. Оқушылар шеңберде тыңдағандарын жинақтай отырып, топ- та «ер жігіт» пен «туған ел» ұғымдарының бай- ланысын сызбаға түсіреді. Оқушыларға парақтар беріліп, ойларын сызбамен беру ұсынылды. Сыз- ба жасауда қиындық туғанда мұғалім топтастыру сызбасын жсауға кеңес беруіне болады. Саралау мүмкіндіктері: тапсырма бойынша са- раланады, әртүрлі нәтиже күтіледі. Сыныпты ұйымдастыру:алдымен сыныппен жұмыс орын алады, ойларын жинақтауда топта жұмыс жасау ұсынылады.
Тапсырманың негіздемесі:тапсырма оқушы- ның (аудио) тыңдалым дағдысын дамытуға ар- налған. Тыңдалым мәтінінің мазмұнын анықтап, кейіпкерлері мен оның ерлік істеріне өз ойларын айту арқылы оқушының тыңдалымды түсінуге мүм- кіндік жасалады. Тапсырманың орындалуы:оқушылардан оқу- лықта берілген суретке назар аударады және он- дағы оқиғаларды өздері әңгімелеу сұралады. Су- ретте берілген алып баланың тауды көтеріп келе жатқанын, таумен бірге жаңбыр жауып келетіні айтылады. Оқушыларға сұрақтар қойылып, су- рет бойынша әңгіме өрбітіледі. «Бала тауды неге көтеріп келе жатыр деп ойлайсыңдар?» «Таумен бірге жаңбырдың келе жатуының себебі неде?», «Ел-жұрт баланы қалай қарсы алып жатыр?» деген сұрақтарды қою арқылы жаңбырдың қажеттілігін, бала халқына жақсылық жасап осындай әрекет жа- сағаны болжанады. Аудиомәтін бірінші тыңдалғанда, сыныптан не туралы, қандай оқиға болғаны ғана сұралады. Екін- ші тыңдағанда жұп арасында аңыз мазмұнын өза-
нәтижелі болады. Тапсырманың негіздемесі:тапсырма алдыңғы тапсырманың логикалық жалғасы болып табыла- ды. Бұл тапсырманы орындау барысында оқушы- лар мәтін мазмұнын қолданып, талдау жасауға дағдыланады. Тапсырманың орындалуы:тапсырманы орындауда аңыз құрылымы қандай бөліктерден тұратыны сұралады. Оқушылар аңыздың басы, ортасы, соңы екенін еске түсіреді. «Әңгіме тауы» тапсырмасының сызбасы таныстырылады. Әр топқа парақтағы сызбалар беріледі. Аңыз мазмұ- нын осы сызбаға түсіру тапсырылады. Аңыздың басы қандай оқиғамен басталды, ортасында қан- дай негізгі оқиға болды, соңында оқиға қалай аяқталғанын екі-үш сөйлеммен жазу ұсынылады. Топта талқылай отырып сызбамен жұмыс орын- далады. Тапсырманы аяқтағанда, тақтаға іліп әр топтың жұмысы таныстырылады. Саралау мүмкіндіктері: қабілеті әртүрлі оқушыларды топтау арқылы саралау орын алады. Топта бір-біріне қолдау көрсетіп нәтижелі болады. Тапсырманың негіздемесі:сұрақ-жауап тапсырмасы арқылы әңгіме мазмұнын пысықтауға әрі бағалауға қол жеткізіледі. Тапсырманың орындалуы:тапсырманы ұй- ымдастыруда мұғалім сынып оқушыларына кей- іпкеріміз Толағайға сұрақтар дайындауды тапсы- рады. Сұрақ дайындағаннан кейін ортаға санамақ арқылы таңдалған немесе қалауымен оқушы шығады. Ортадағы оқушының әңгімедегі рөліне лайық дайындалған сұрақтар қойылады. Сұрақтар қайталанбауы сұралады. Басқа да кейіпкерлерге сұрақтар қойылады. Жақсы сұрақ қойған оқушыға да, сұраққа жауап беріп отырған оқушыға да қол- дау көрсетіледі. Саралау мүмкіндіктері:нәтиже бойынша са- ралау орын алады. Қабілетті оқушыдан толық тия- нақты жауап күтілсе, қабілеті төмен оқушы нақты жауапты айтуы арқылы жда жақсы нәтиже көр- сетті деп саналады. Сыныпты ұйымдастыру:сыныппен орындай- тын жұмыс.
Ойланайық Тапсырманың негіздемесі:тапсырма оқушы- ның тақырып арқылы алған білімдерін өмірмен байланыстыра алуын және сыни ойлауын дамы- тады, өз ойларын, сезімдерін ортаға салу арқылы айтылым дағдылары дамиды және бір-бірін тыңдау арқылы сөздік қорлары кеңейеді. Тапсырманың орындалуы:алдымен «Толағай қандай адам?» деп сұрақ қойылып, оның елінің қамын ойлаушы, халық қамқоршысы екендігі тағы да айтқызылады. Оқушылардан Толағаймен кез- дессе, қандай ұсыныс немесе тілек айтуға болаты- нын ойлану сұралады. Оқушылар екі минуттай ой- ланғаннан кейін ойлары айтқызылады. Толағайға ұсыныстарының халық қамы, ел жағдайы туралы болуына мұғалім бағыттап отырады. Саралау мүмкіндіктері:нәтиже бойынша са- ралау орын алады. Қабілетті оқушылар жақсы пікірлер, ойларын толық айта алса, қабілеті төмен оқушылар толық айта алмауы мүмкін. Мұғалім он- дай жағдайда сұрақтар қойып, қолдау жасайды. Сыныпты ұйымдастыру:Сынып жұптарға бөлініп, жұмыс жасайды.
|
||||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 49; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.119 (0.008 с.) |