Сабаққа қатысты нұсқаулар
Тапсырманың негіздемесі:тапсырма оқушылар- дың әңгіменің басталуын анықтай алуын, айтылым дағдысын дамытады. Сонымен қатар өзара идея ал- масу мен мәселені бірлесіп шешуді үйренеді.
Тапсырманың орындалуы:сабақты бастамас бұрын мұғалім оқушыларды екі шеңберге тұрғызады. Сыртқы және ішкі шеңбер сағат тілі бойынша жүреді. Оқушылар бір-біріне кеше не істегені жөнінде айтып береді. Бұл тапсырманы орындату арқылы оқушы- лардың сабаққа деген қызығушылығын оятады. Сонымен қатар мәтінді бастауларына көмектеседі, оқушыларға «"Қамқорлық" деген сөзді қалай түсі- несің? Кеше кім қамқорлық көрсетіп еді?» деген сұрақтар қойылып, анықталады. Егер қамқорлық көрсеткен оқушылар болса, әңгімені әрі қарай өр- бітіп, тақырып ашылады. Содан кейін оқушылар шағын топтарға бөлінеді. Әрбір топ оқулықтағы иллюстрациялар бойынша өз ойларымен бөліседі. Саралау мүмкіндіктері:топтық саралау. Қабілеті төмен оқушылар қабілеті жоғары оқушылармен
бірге жұмыс жасап, өз идеяларын айтуды үйренеді.
Сыныпты ұйымдастыру:оқушыларды шең-
берге тұрғызғанда барлығын бақылау оңай. Оқушылар өздерін еркін ұстайды. Кейбір оқушы- ларға оңай түспеуі де мүмкін, сондықтан мұғалім шеңберде барлығы ашық сөйлесіп, ойларын біл- діріп және идеяларымен бөлісе алатындарын түсіндіреді.
Тапсырманың негіздемесі:тапсырма оқушы- лардың мәтін желісіндегі оқиғаны өмірмен бай- ланыстыру дағдысын жетілдіруге және мәтінді түсініп оқуына негізделеді.
Тапсырманың орындалуы:мұғалім әңгіменің тақырыбын дауыстап оқиды. Әңгіменің авторымен таныстырады. Ысқабаев Әли Әпекұлы – жазушы. Оның балаларға арналған «Менің інім» (1961),
«Солдат ағаға хат» (1979), «Еңбекқор құмырсқа» (1988), «777 жұмбақ» (1994), «Бесік жыры» (1996) атты өлендер жинағы, «Тайқасқа» (1992) атты по- вестері мен әңгімелері бар. Әңгімені мұғалім өзі оқып береді. Мәтінді оқу барысында мұғалім оқу техникаларын қолдану арқылы оқушыларды өз бетінше оқуға тартады. «Сөздерді оқу» стратеги- ясы оқушыларға жаңа сөздерді түсініп, оларды есте сақтауға, мәтіннің ішінен табуға, дұрыс айтуға көмектеседі. Мұғаліммен «Бірігіп оқу» стратегиясы
төмендегі техникалардың бір немесе бірнешеуін қолдануына болады: сөздерді буындап оқытады, дыбыстарды бір-біріне байланыстырып, сөз құра- тады. Жаңа сөздердің мағынасы анықталады. Со- дан соң мәтіннің басталуын, ортасы мен соңын анықтатып, бөліктерге бөліп оқытады. Ол үшін мұғалім дайын жоспар береді. Жоспар:
1. Арайлымның үйіне асығуы.
2. Жылаған баланың жанына келуі.
3. Баланы үйіне апаруы.
Саралау мүмкіндіктері:мұнда тапсырма бой- ынша саралау жүргізіледі. Бұл барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.
Сыныпты ұйымдастыру:Оқушылардың бір-біріне бөгет жасамай оқып шығулары қадаға- ланады.
Тапсырманың негіздемесі:тапсырма оқушы- лардың айтылым дағдысын жетілдіреді.
Тапсырманың орындалуы:оқушылар су- реттер мен мәтінді салыстырып, өз ойларымен бөлісуі тиіс. Қамқорлық жайында өз пікірлерін айтады. Тағы қандай іс-әрекеттер қамқорлыққа жататынын айтып, себебін түсіндіреді.
Саралау мүмкіндіктері:тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.
Сыныпты ұйымдастыру:оқушылардың жұ- мыс жасауына жағдай жасалады.
мытады.
Тапсырманың орындалуы:тапсырма жұптық жұмыс түрінде ұйымдастырылады. Оқушыларға
«Сурет бойынша әңгіме құра» деген тапсырма беріледі. Оқушылар жұбымен тапсырманы орын- дап, әңгімені барлық топтың алдында қорғайды.
Саралау мүмкіндіктері:тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі.
Сыныпты ұйымдастыру:оқушыларды жұпқа түрлі түсті үлестірме парақшалар арқылы бөліп, жұптық жұмыстың болуын қадағалау.
|