алыптас- тырушы бағалау стратегиялары
Қалыптас- тырушы бағалау стратегиялары
Нұсқаулық ескертпелері
Сауалнама
Түсінуді бағалау үшін жабық сұрақтарға қысқа жауап және ашық сұрақтарға ұзақ жауап беру комбинациясын пайдаланыңыз. Сұрақтар блокта, тақырыпша- да немесе тарауда қамтылған тақырыптарға және дағдыларға қатысты ұғымды және білімді бағалауға арналған.
Жабық сұрақтарға қысқа жауап берудің мысалдары:
• Мектепте күніне қанша сабақ болады?
• Гүлнардың сүйікті тамағы қандай?
Ашық сұрақтарға ұзақ жауап берудің мысалдары:
• Сүйікті өлеңіңді не үшін жақсы көретініңді түсіндір.
• Өзіңді досыңа сипаттау үшін қандай сөздер пайдаланар едің?
Қол сигналдары
Оқушылар түсінгенін білдіру үшін сұрақтарға жауап ретінде қолдарымен белгі көрсетеді. Мысалы:
• Бас бармақты жоғары қарату – "Мен түсіндім және оны түсіндіріп бере аламын".
• Бас бармақты төмен қарату – "Әлі түсіне алмадым".
• Қолын бұлғау – "Толықтай сенімді емеспін".
Бұл стратегияны алдағы сауалнаманы немесе блок тапсырмаларын орындату үшін пайдаланыңыз.
Рөлдік ойын
Тапсырма ретінде берілген диалог креативті түрде талқылануы үшін жұптарға немесе шағын топтарға арнап, тақырыптар тағайындау. Бұл ойынды мұғалім- оқушы, жұп немесе шағын топ тапсырмасы ретінде орындауға болады.
Өрмекші картасын жасау
Жазылған сөздер мен сызықтар топтастырылған және байланыстырылған қа- рапайым суреттердің тіркесімін пайдалану арқылы тақырыптарды немесе қара- пайым түсініктерді білдіретін кілт сөздер диаграммасын жасаңыз.
Жалған ұғымға тексеру
Блок тақырыптары негізінде оқушыларға жалпы немесе болжамды жалған ұғымдарды ұсыныңыз. Олардан келісетіндерін немесе келіспейтіндерін және жауаптарын түсіндіріп беруін сұраңыз.
|