Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Бір сөздік мазмұндама

Поиск

Шапалақтау

Оқушылар мұғалім дауыстап айтқан шумақ, өлең немесе буындарға сәйкес шапалақтайды.

А-Б-В жинағы

Оқушыларға әліппенің әртүрлі әріптері беріледі және олар блок тақырыбына байланысты сол әріптен басталатын сөзді таңдаулары тиіс.

Тірек сөз карталары

Тақырыпшадағы немесе тараудағы бірнеше тірек сөздері бар карталарды ұсы- ныңыз. Әр оқушыға тірек сөздер картасы беріледі. Оқушылар мұғалім айтқан сөздерді тыңдап, оларды тірек сөздер карталарынан тексереді.

Бір сөздік мазмұндама

Оқушылар өздері үшін блок тақырыбын, ең жақсы мазмұндайтын бір сөзді таңдайды.

Ойлан – жұпқа бөлін – айт

Оқушылар сұрақтың жауабына жеке ойланып, кейін жұптарға бөлініп, жұпта- рымен талқылайды және жауаптарын сыныпқа айтады.

Білімді/ дағдыларды тексеру сұрақтары

Оқушылар білімді немесе дағдыларды тексеру сұрақтарына жазбаша, ауызша немесе көрнекі түрде жауап беретін ақырғы тапсырма.

Жұбыңа бұрыл

Оқушылар алдымен сұрақтардың жауабын ойланып алып, кейін жұбымен бөліседі. Мұғалім жауабын сыныпқа айтуы үшін кез келген бірнеше жұпты шақы- рады.

Сұрақ тармақтары

Сұрау стратегиялары мұғалімге оқушының, жұптың, топтың немесе сыныптың білімін жылдам бағалауға мүмкіндік береді. Мысалы:

• Оқушылардың ұқсастығы мен айырмашылығы қандай?

• Отбасы өзара қалай байланысады?

• Отбасы туралы қандай ойлар/мәліметтер қоса аласың?

• Түстерге мысал келтір.

• Мына тапсырмада қандай қате бар?

• Мына баланың ісі туралы не ойлайсың?

• Тыныс белгілері есіңде ме?

• Ойыншықтар туралы не білесің?

• Саяхат туралы не білгің келеді?

• Егер оқушы басқаша жасаса, не болуы мүмкін?

• Жауаптың дұрыс екенін қалай білеміз?


 

 

Қалыптастырушы бағалау стратегияларының жазба пішімі

Алдыңғы беттерде көрсетілген формативті стратегияларын және мұғалімге арналған нұсқаулығын оқытуда пайдаланылатын басқа да формативті бағалау стратегияларын, қалай және қашан пайдаланы- латынына және оларды формативті бағалауда пайдалану қандай жетістікке әкелетініне қатысты қысқа пікірлерін жазу мұғалім үшін пайдалы болуы мүмкін. Сонымен қатар мұғалім бұл стратегиялардың оқу жағдайларында қолданылуына қатысты пікірлерін білдіре алады.

Бағалау стратегияларын жазу үлгісі төменде көрсетілген.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 6; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 52.14.223.136 (0.008 с.)