Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Жоспарлауға қолдау көрсету

Поиск

Жоспарлауға қолдау көрсету

Сабақты жоспарлау

Сабақты жоспарлау кезінде мұғалім тақырып бойынша оқушыларды қызықтыратын және ілгерілеуі- не септігін тигізетін тапсырмаларды таңдауы тиіс.

Мұғалім жалпы оқу мақсатын және сабаққа берілген уақытты алдын ала жоспарлайды. Сонымен қатар, жоспарланған сабақ алдыңғы сабақпен тығыз байланысты болуы керек.

Сабақ құру

Мұғалім сабақ құру барысында тапсырмаларды таңдауы тиіс. Тапсырмаларды және сабақтың жалпы жұмыс сызбасын сыныптың ерекшелігіне байланысты таңдағаны жөн. Бір сабақта тап- сырмаларды орындауға кететін уақытты қалауы бойынша ескереді.

Мұғалім әр сабақты бастаған кезде мазмұнына, мақсатына және дағдыларға бағытталған материал- дарды алатынын түсінуі керек. Мұғалім оқушылар қабілетінің ілгерілеуі үшін әртүрлі тапсырмаларды түрлендіріп беру қажеттігін түсінеді.

Сабақты толықтыру

Мұғалімдердің көбі сабақтарын оқушылардың қабілет ерекшелігіне, қызығу- шылығына және оқыту стильдеріне сәйкес бейімдеу және толықтыру қажеттігін анықтайды. Осы жағдай туындаған кезде мұғалім оқулықта берілген тақырыптарды бекіту және тереңдету үшін CD дискіні пай- даланулары тиіс. Сонымен қатар, жұмыс дәптері оқушыларға оқулықта берілген тіл мен дағдыларды қосымша жаттықтыру мүмкіндігін береді.

Бағалау

Мұғалім оқушылардың үлгерімін әртүрлі деңгейде бағалауы тиіс. Қосымша ақпаратты XX беттегі

«Бағалау» тақырыбынан және мектептің суммативті және формативті бағалау үрдісіне қатысты жеке саясатынан қараңыз.


 

Қалыптастырушы бағалау стратегиялары

Төменде берілген стратегиялар оқыту барысында қалыптастырушы бағалауды жоспарлауда және оны орындауда пайдалы болуы мүмкін. Оларды мұғалімге арналған нұсқаулық блогының беттерінде кез келген ұсыныстарға және оқушылардың қажеттілігін бағалау үшін пайдаланылатын кез келген қа- лыптастырушы бағалау стратегияларына қосымша ретінде пайдалануы тиіс.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 6; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.141.21.199 (0.007 с.)