Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Мұғалім-оқушы өзара әрекеттесуі

Поиск

Мұғалім-оқушы өзара әрекеттесуі

Түсінік деңгейін тексеру үшін оқушылармен бірге сұхбат жүргізіңіз. Сондай-ақ, бұл әдісті мұғалім берген кеңестер негізінде әрі мұғалімнің жұптарды бақыла- уымен оқушы-оқушы өзара әрекеттесуі ретінде пайдалануға болады.

Өзін-өзі бағалау

Оқушыларға өздерінің білімін, түсінігін, ілгерілеуін және келесі қадамды баға- лауға жетелейтін сұрақтар немесе көмекші тұжырымдамалар.

Сонымен қатар, өзін-өзі бағалауды символдар пішімінде пайдалануға болады, мысалы, бағдаршам түстері. Оларды жеке сұрақтармен немесе тұжырымдама- лармен бірге пайдалануға болады.

Бос орындарды толтыру

Қарапайым бос орындарды толтыру тапсырмаларын блок тапсырмасының барысында немесе соңында оқушының түсінігін айқындау үшін пайдалануға болады. Сабақ алдындағы дайындық уақытты азайту мақсатында оқушыларға ауызша тапсырма беруге немесе тақтада тапсырманы орындауына болады.

Суретті анықтау

Мұғалім (немесе оқушы) блокта оқытылған тақырыпқа немесе атауына қатысты суретті тақтаға салады және оқушылар оны дұрыс анықтауы тиіс. Сипаттамаларды пайдалану арқылы оны түрлендіруге болады.


 

 


Сауалдар

Сауалдарды нақты ақпаратты және ұғымды бағалау үшін пайдалануға болады.

Мысалы:

• рас/жалған

• қысқа жауап

• көп таңдау

• сәйкестендіру тапсырмалары

• кеңейтілген жауап

• сызбалар.

Журнал жазбалары

Оқушылар тақырыпты, ұғымды немесе тапсырманы түсінгендерінің негізінде журналға жазбалар жазады немесе ауызша жазбалар жасайды. Егер жазбаша болса, қажетінше қамтамасыз етілген сызбаларға немесе суретке негізделген өте қысқа, қарапайым сөйлемдер болуы мүмкін. Тақырыпша немесе тарау бойынша оқушылардың түсінгенін және үлгерімін тексеру үшін, бұл жазбаларды мұғалім- дердің тексеруіне болады.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-17; просмотров: 6; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.223.159.143 (0.007 с.)