Дәріс 26. Күрделі эфирлер. Майлар.
Дәріс 26. Күрделі эфирлер. Майлар.
Күрделі эфирлер иондарға ыдырамайтын қосылыстар.
Олар гидролиздену, тотықсыздану реакцияларына қатысады. Күрделі эфирлер қатарына, биологиялық маңызы өте зор майлар жатады.
Майлар дегеніміз үш глицеридтердің күрделі қоспалары. Үш глицеридтер деп үш атомды глицерин мен жоғарғы май қышқылдарының күрделі эфирлерін айтады.
(Майлардың құрылысын былай көрсетуге болады)
(глицеридтердің күрделі қоспалары. Үш глицеридтер деп үш атомды глицерин мен жоғарғы май қышқылдарының күрделі эфирлерін айтады).
Майлардың құрылысын былай көрсетуге болады:
О О
СН2 – ОН НО- С - С17Н35 СН2 – О- С С17Н35
│ О │ О
СН- ОН + НО- С -С17Н35 → СН- О- С С17Н35
│ О -3Н2О │ О
СН2- ОН НО- С -С17Н35 СН2- О- С -С17Р35
Глицерин үшстеарин
Табиғи майлардың құрамында үнемі глицерин және әр түрлі қышқылдар болады.
Майлардың физикалық қасиеттері олардың құрамындағы қышқылдарға байланысты.
Егер майдың құрамында қанықпаған қышқылдар көп болса, онда майлар сұйық болады
(зығыр, мақта, күнбағыс майы). Егер қаныққан қышқылдар көп болса, онда майлар қатты болады (жануар майы).
Майлар судан жеңіл және суда ерімейді.
Химиялық қасиеттері.
Майларды гидролиздеу.
Майларды сумен автоклавта қыздырса, олар глицерин мен карбон қышқылдарына ыдырайды.
О
СН2- О- С -С17Н35 СН2- ОН
│ О │
СН- О- С -С17Н35 + 3Н2О → СН- ОН + 3С17Н35СООН
│ О │ стеарин қышқылы
СН2- О- С -С17Н35 СН2- ОН
Глицерин
Майлар гидрлеу реакциясына түседі, гидрленген май сабын алу үшін де қолданылады.
Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1. Эфирлеу реакциясындағы күкірт қышқылының ролі.
2.Эфирлер номенклатурасы.
3.Эфирлерді алу және химиялық қасиеттері.
4.Дифенил эфир, метил изопропил эфир, метил этил эфир, ди-н-пропил эфир формулаларын жазу керек.
5.CH3OCH2CH2CH3 эфирін синтездеу реакциясының теңдеуін жазу керек.
6.0,2 моль эфирді жағуға 268,8 литр ауа ( қ.ж.) жұмсалған болса, эфирдің формуласы қандай?
7.14,8 грамм бутил спирті мен метил пропил эфирінің қоспасы натрий металымен әрекеттескенде, 0,025 моль сутегі газы бөлінген болса, қоспадағы спирттің массалық үлесі канша болады? Жауабы: 25%.
|