Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву
Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Дәріс 7. Тотығу-тотықсыздану реакцияларыСодержание книги
Поиск на нашем сайте Мазмұны: 1. Тотығу тотықсыздану реакциялар. Классификациясы. 2. Электронды баланс әдісімен химиялық реакциялар теңдеулерін құру. 3. ТТР жүруіне факторлар әсері
1. Тотығу-тотықсыздану реакцияларына (ТТР) заттардың құрамындағы элементтердің тотығу дәрежелері өзгеру арқылы жүретін химиялық процестер жатады. Бұл қосылыстағы кальцийдің тотығу дәрежесі +2, оттегінікі -2. Осы мәліметтерді пайдаланып, теңдеу құрамыз да фосфордың тотығу дәрежесін табамыз. (+2)∙3 + 2х + (-2)∙8=0 2х=+10 х=+5 Фосфордың кальций фосфатындағы тотығу дәрежесі +5. Тотығу-тотықсыздану реакциялары жүруінің басты шарты оған міндетті түрде тотықзыздандырғыш пен тотықтырғыш қатысуы қажет. Реакция кезінде электрондарын беретін бөлшектерді (атомдарды, ионды немесе молекуланы) тотықсыздандырғыш дейді, ал электронды қосып алатын бөлшекті тотықтырғыш деп атайды. ТТР кезінде тотықсыздандырғыш тотығады, ал тотықтырғыш тотықсызданады. ТТР молекулааралық, молекула ішінде жүретін, диспропорцияланатын болып үш топқа бөлінеді: 1. Молекулааралық ТТР әр түрлі молекулалардағы элементтердің тотығу дәрежелері өзгеру арқылы жүреді. Мысалы: Mn4+O2 + 4HCl ↔ Mn2+Cl2 + Cl20 + 2H2O 2. Молекула ішіндегі ТТР бір молекула ішіндегі әр түрлі элементтердің тотығу дәрежелері өзгеру арқылы жүреді. Мысалы: 2KCl5+O32- ↔ 2 KCl- + 3O02 3. Диспропорциялану ТТР бір элементтің тотығу дәрежесі әрі жоғарылау, әрі төмендеу арқылы жүреді. Мысалы: 4KCl5+O3 ↔ 3 KCl7+О4 + KCl- 2.Электрондық баланс әдісі. Тотықсыздандырғыштың берген электрондарының жалпы саны тотықтырғыштың қосып алған электрондарының жалпы санына тең. Теңдеуді құру бірнеше сатыда жүреді: 1.Реакция теңдеуін коэффициентсіз жазады: Br2 + H2S + H2O → HBr + H2SO4 2.Тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыштың тотығу дәрежелерін көрсетеді: Br20 + H2S2- + H2O → HBr- + H2S6+O4 3.Электрондық теңдеу құрады, яғни тотығу және тотықсыздану процестерін көрсетеді: Br20 +2ē → 2Br- - тотықсыздану процесі, Br2- тотықтырғыш. S2- - 8 ē → S6+ - тотығу процесі, S2- - тотықсыздандырғыш. 4.Тотықсыздандырғыш берген электрон саны тотықтырғыштың қосып алған электрон санына тең болу керек. 4 Br20 +2ē → 2Br- 1 S2- - 8 ē → S6+ Осылай тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыш үшін коэффициенттерді анықтайды. 5.Реакцияға қатысқан басқа қосылыстар үшін коэффициенттерін іздейді: 4Br2 + H2S + 4H2O ↔ 8HBr + H2SO4 Тотықсыздандырғыш пен тотықтырғыш бір-бірімен өздерінің тотығу-тотықсыздану эквиваленттері қатысында әрекеттеседі. Тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыштың эквивалентінің молярлық массасы былай есептеледі: тотықтырғыштың не тотықсыздандырғыштың молярлық массасын (М(В) эквиваленттік факторға (fэкв(В)) көбейтеді: М(fэквВ)= fэкв(В)∙М (В) fэкв(В) эквиваленттік фактор, ол тотықсыздандырғыштан тотықтырғышқа ауысқан электрон санының кері мәніне тең. Мысалы: М(fэкв KMnO4)= 1/5 ∙158 = 31,8 3. ТТР жүруіне көптеген факторлар әсер етеді: Тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыштың химиялық табиғаты, олардың активтіктері, рН, температура т.б. ТТР жүру-жүрмеуін изобаралық-изотермиялық потенциалды (ΔG) есептеу арқылы анықтайды. ΔG=ΔH- TΔS немесе ΔG= -RT lnK. ΔH, ΔS- энтальпия мен энтропия өзгеруі, К – қайтымды реакцияның тепе-теңдік константасы, R – универсалды газ тұрақтысы, 8,31 л∙кПа (моль∙К) T – абсолютті температура, К
Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар: 1. Тотығу дәрежесі деген не? Оны қалай анықтайды? 2. Реакция кезінде тотықтырғыштың және тотықсыздандырғыштың тотығу дәрежесі қалай өзгереді? 3. Периодтық жүйедегі қай топта және қай топшаларда тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыш орналасқан? 4. Элементтердің тотығу-тотықсыздану қасиеттері: а)период бойынша (солдан оңға қарай) б)негізгі топшаларда (жоғарыдан төмен қарай) қалай өзгереді? 5. Эквиваленттің молярлық массасын тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш үшін қалай есептейді?
Ұсынылған әдебиеттер: 1.Омаров Т.Т.,Танашева М.Р. Бейорганикалық химия (таңдамалы тараулар) Алматы,2008ж,-543 б 2.Шоқыбаев Ж.Ә. Бейорганикалық және аналитикалық химия. Алматы, «Білім» 2004 ж,-316 б. 3. Ділманов Б.М.,Ділманова З.Б. Жалпы химияның теориялық негіздері. Аматы,2009ж, -194 б. 4. Яшкарова М.Г.,Омарова Н.М., Кабдулкаримова К.К., Мусабаева Б.Х. Бейорганикалық хмиядан зертханалық жұмыстар.Семей,2007,-79б. 5. Шоқыбаев Ж.Ә.,Өнербаева З.О. т.б. Бейорганикалық химия практикумы. Алматы,2004 ж,-164 б. 6. Бишімбаева Г.Қ. Жалпы химия.Студенттердің өздік жұмыстарына арналған оқу-әдістемелік құрал.Алматы,2007 ж, -39 б. 7. Кабдулкаримова К.К., Омарова Н.М. Студенттің өздігінен орындауына арналған әдістемелік құрал.Семей, 2007, -39 б. 8.Д.Шрайвер.,П.Эткинс. Неорганическая химия.1,2 том.Москва«Мир» 2009г
|
||
|
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 67; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.220 (0.007 с.) |