Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Дәріс 22. Ароматты көмірсутектер (Арендер).

Поиск

СНСI3 + ─ O2 → COCI2 + HCI

2 Фосген

  Фосгеннің түзілуін болдырмау үшін, хлороформге 1% - тік сусыз этил спиртін 

  қосады.

  Хлороформ каучукты, шайырларды жақсы ерітеді. Сондықтан органикалық еріткіш ретінде қолданылады. Сондай- ақ медицинада наркоз ретінде пайданылады.

 

4.Төртхлорлы метан (тетрахлорметан) ССI4.

     Түссіз сұйықтық, қайнау температурасы 76,50С. Шайырларды, битумды, каучук пен майларды жақсы ерітеді. Жанбайды, содықтан арнайы өрт сөнгіштерді төртхлорлы метанмен толтырады. Өндірісте төртхлорлы метанды металл сурьма ұнағының қатынасында күкіртті көміртегі мен хлорды әрекеттестіру арқылы алады.

 

СS2 + 3CI2  → CCI4 + S2CI2

 

5.Фреон (дихлордифтор метан) ССI2F2. Түссіз, иіссіз газ. Қысым әсерінен -340С температурада қайнайды, сұйыққа оңай айналады. Фреон жанбайтын және зиянсыз болғандықтан, хладоагент ретінде суытқыштарда қолданылады. Өндірісте фреон- 12-ні төртхлорлы метанды фторсутекпен әрекеттестіру арқылы алады. Реакцияны бесхлорлы сурьма катализаторы қатысында жүргізеді.

                SbCI5

ССI4 + 2HF → CF2CI2 + 2HCI

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1. Изомерия. Номенклатура. Мысалдар келтіру керек.

2 Алу, физикалық, химиялық қасиеттері.

3. Структуралық формулаларын жазу керек: 1,1,1,2,2-пентахлорэтан; 1,4-дибромбутан; 3-хлор-1-пропен; поливинилхлорид; гексахлорэтан. 

Ароматты көмірсутектер (арендер) деп – молекуласында циклогексатриендік цикл бар, физикалық және химиялық қасиеттерімен ерекшеленетін көмірсутектерді атайды.

Ароматты қосылыстардың барлығына циклдік құрылыс және жоғары қанықпаушылық тән.

Жалпы формуласы: СnH2n-6.

Ароматты көмірсутектердің қарапайым өкілі- бензол- С6Н6. Бензол молекуласында көміртек пен сутек атомдары бір жазықтықтың бойында орналасқан. Көміртек атомдар арасындағы барлық байланыстардың ұзындығы бірдей- 1,4А0, байланыстар арасындағы бұрыш 1200 тең болады. Бензол молекуласы С6Н6.

Бензолдың қарапайым моноорынбасқан туындыларын атау үшін, «Бензол» деген сөздің алдында орынбасарды атайды. Мысал: нитробензол С6Н5NO2; Этилбензол С6Н5С2Н5

Бензолдың кейбір орынбасарлы туындыларын тривиалдық атаулармен атайды.

Мысалы: метилбензол- толуол С6Н5СН3; аминобензоланилин С6Н5NH2



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.226.187.224 (0.008 с.)