Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Дәріс 17. Органикалық қосылыстардың реакциялары.

Поиск

Дәріс 17. Органикалық қосылыстардың реакциялары.

Химиялық байланыстардың түрлері. Химиялық байланыстың түрлері өте көп,

олар табиғаты бойынша бөлінеді. Молекулалар арасындағы байланыстар электроваленттік және коваленттік болып екіге бөлінеді.

Электрваленттік байланысқарама- қарсы зарядталған бөлшектердің арасында пайда болады. Мұнда үш түрлі әрекеттесу болады: иондық байланыс, ион мен диполь, диполь мен диполь арасындағы байланыс.

  Иондық байланыс деп катион мен анион арасындағы тартылу күшінің әсерінен пайда болатын байланысты атайды.

Иондық қосылыстардың балқу температурасы жоғары және олар қатты заттар болып келеді.

Коваленттік байланыс. Екі не одан да көп атомдардың арасында жұп электрондар болса, байланыс пайда болады. Демек, екі атом орбитальдарының бүркесуі арқылы түзілетін байланысты коваленттік байланыс деп атайды.

Сутектік байланыс коваленттік байланысқан сутек атомымен екінші молекуланың бос электроны арқылы түзіледі. Бұл байланыстың энергиясы аз, 3- 10 ккал/ моль, сондықтан мұндай байланыстар тез үзіледі, бірақ заттың физикалық қасиеттеріне әсері болады.

   Органикалық қосылыстардың реакциялары төрт топқа бөлінеді:

1. Орын басу реакциялары. Мұнда атом немесе атомдар топтарының орнын басқа атомдар басады.

Мысалы: С2Н5СI + OH- → C2H5OH + CI-

              Хлорэтан гидроксид этанол     хлорид

                                    ионы                               ионы

2. Қосылу реакциялары.Екі молекула қосылып, бір молекула түзеді.

     Мысалы: СН2 = СН2  + Вг2 → ВгСН2СН2Вг

                           Этилен    бром     1,2- дибромэтан

3. Бөліну (элимирлену) реакциясы.Молекула екі немесе одан да көп басқа  

     молекула түзеді.

         Мысалы: С2Н5ОН → СН2 = СН2 + Н2О

                            Этанол       этилен      су

4. Қайта топтасу.Бір молекула екінші молекулаға айналады.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.225.92.60 (0.007 с.)