Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Азотты органикалық қосылыстар. Амин қышқылдары. Ақуыздар (белоктар).

Поиск

№ 29 Дәріс

Азотты органикалық қосылыстар. Амин қышқылдары. Ақуыздар (белоктар).

  Азотты органикалық қосылыстарға аминдер, аминоспирттер, амин қышқылдары, қышқылдардың амидтері, ақуызды заттар, цианды қосылыстар, ароматты аминдер, диазоқосылыстар жатады.

Аминдер.

Аминдер деп- аммиак молекуласындағы сутегінің бір немесе бірнеше атомының орнын көмірсутек радикалдары басқан органикалық қосылыстарды айтады.

Құрамындағы алмасқан радикалдардың санына қарай аминдер біріншілік: СН3NH2, С2Н5NH2.

  Екіншілік: (СН3)2NH

  Үшіншілік: (CH3)3Nболып бөлінеді.

Аминдерді жүйелік номенклатурасы бойынша атау үшін құрамындағы радикалдың атауына амин деген сөзді қосып атайды.

Мысалы: СН3NH2- метиламин                  CH3-NH- C2H5- метилэтиламин

Аминдер табиғатта ақуыздар мен амин қышқылдары шіріген кезде пайда болады.

Химиялық қасиеттері:

Аминдер аммиак тәрізді негіздік қасиет көрсетеді.

1. Аминдердің судағы ерітінділері айқын негіздік қасиет көрсетеді.

СН3- СН2 – NH2 + HOH → [CH3- CH2- NH3+]OH-

 

2. Тұз түзу реакциялары.

Аминдер минералды қышқылдармен әрекеттесіп, тұз түзеді.

 

СН3- СН2 – NH2 + HСІ → CH3- CH2- NH3 СІ

 

3. Азотты қышқылымен әрекеттесуі. Біріншілік аминдер азотты қышқылмен әрекеттесіп, спирттер, ал екіншілік аминдер нитрозоаминдер түзіледі. Үшіншілік аминдер реакцияға түспейді.

 

СН3- СН2 – NH2 + HОNО → CH3- CH2- ОН +N2 + Н2О

Этиламин                            этил спирті

                                CH3

(CH3)NH + HONO →       N – N = O + H2O                             

 Диметиламин     CH3      диметилнитрозоамин

Амин қышқылдары. Ақуыздар (белоктар).

Амин қышқылдары деп- карбон қышқылының молекуласындағы көмірсутегідегі

сутегінің орнын амин тобы басқан органикалық қосылыстарды айтады.

Амин қышқылдарының физиологиялық маңызы өте зор, өйткені олардың қалдықтарынан ақуыздар құрылады және олардан ферменттер, витаминдер, гормондар түзіледі. Амин қышқылдарын көбінесе тривиалды (шығу тегі бойынша) атаумен айтады.

Мыаслы: NH2 – СН2 – СООН- глицин. Сонымен қатар, амин қышқылдарын атау үшін сәйкес карбон қышқылының атына «амино» деген сөз қосып, амин тобының орнын грек алфавитімен көрсетіп атайды.Мысалы:

 

СН3- СН- СООН-аланин немесе α- аминопропион қышқылы.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 9; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.137.174.253 (0.007 с.)