Физикалық қасиеттері. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Физикалық қасиеттері.

Поиск

                                                             │

                                                              СI 2- хлорбутан

 

Галоген туындыларының изомериясы көміртегі тізбегінің құрылысына және галоген атомдарының орнына байланысты болады.

Физикалық қасиеттері.

Қаныққан галоген туындыларының көпшілігі бөлме температурасында түссіз сұйықтар. Хлорлы метил (СН3СI), хлорлы этил (С2Н5СI), бромды метил (СН3Вг), газ тәрізді заттар, йодоформ (СНI3)- қатты зат.

Галоген туындылар суда өте нашар ериді, бірақ органикалық еріткіштерде (спиртте, эфирде) жақсы ериді. Өздеріне тән иісі бар. Әр түрлі органикалық қосылыстарды синтездеу үшін еріткіш ретінде қолданылады.

Химиялық қасиеттері.

    Көмірсутектердің галоген туындыларының реакция түсу қабілеттілігі өте жоғары.

Оның негізінде галоген атомының орнын басқа немесе әртүрлі радикалдар басу реакциясы жатыр.

1. Спирттер алу. Галоген алкилдерді сумен қосып қайнатқанда, галоген атомының орнын гидроксил тобы басады:

СН3 – СН2 – Вг + Н – ОН ↔ СН3- СН2 – ОН + НВг

Бромды этил                             этил спирті

Бұл қайтымды реакция.

 

2. Аминдер алу.Галоген туындыларына аммиакпен әсер етсе маңызды қосылыс- аминдер түзіледі.

 

 СН3 – СН2 – I + NH3 ↔ CH3 – CH2 – NH2 + HI

Йодты этил                        этиламин

 

3. Цианидтердің әсері. Галоген алкилдерге калий цианидімен әсер еткенде, цианидтер түзіледі.

 

  СН3 – СН2 – I + K – CN ↔ CH3 – CH2 – CN + KI

                                                            Этил цианиді

4. Галогенсутектің үзілуі. Галоген алкилдерге концентрлі сілтілермен әсер еткенде, галогенсутек үзіліп, этилен көмірсутектер түзіледі. Мысалы:

 

  СН3 – СН2 – I + NaOH → CH3 = CH2 + NaI + H2O

      

   Галоген туындыларына сілтінің спирттегі ерітіндісімен немесе натрий амидімен (NaNH2) әсер еткенде, ацетилен көмірсутектері түзіледі.

 

Мысалы: СН2Вг – СН2Вг → НС ≡ СН + 2НВг

5. Галоген туындыларының тотықсыздануы.

Иодты сутекпен әсер еткенде, галоген алкил көмірсутекке дейін тотықсызданады.

 

СН3 – СН2 – I + HI ↔ CH3 – CH3 + I2



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 70; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 216.73.216.214 (0.007 с.)