Амин қышқылдарының жіктелуі. 


Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Амин қышқылдарының жіктелуі.

Поиск

      │

       NH2

Амин қышқылдарының жіктелуі.

Амин қышқылдары құрылысы бойынша үш топқа бөлінеді:

1. Ациклді

2. Карбоциклді

3. Гетероциклді

Ациклді амин қышқылдары карбоксил- СООНжәне - NH2 топтарының санына қарай бөлінеді.

1. Моноаминкарбон қышқылдары: аланин СН3- СН(NH2) – СООН

2. Моноаминкарбон қышқылдары: аспарагин қышқылы НООС- СН2- СН(NH2)- СООН

3. Диаминмонокарбон қышқылдары: Н2N (СН2)4 СН(NH2) СООН

Химиялық қасиеттері.

Амин қышқылдарының құрамында негіздік аминді және қышқылды карбоксил топтары болғандықтан, олар амфотерлік қасиет көрсетеді.

1. Тұздар түзу реакциялары.

Амин қышқылдары қышқылдармен де, негіздермен де әрекеттесіп, тұздар түзіледі.

 NH2 – СН2- СООН + НСІ → NH3СІ – СН2 – СООН

Глицин                             тұз қышқылды глицин

NH2 – СН2- СООН + NаОН → NH2 – СН2 – СООNа + Н2О

Глицин                     глициннің натрий тұзы

 

2. Амин қышқылдары қышқылдар сияқты күрделі эфирлер, хлорангидритер, аминдер түзіледі.

 

                                                                               О

СН3- СН - СООН + СН3ОН → СН3 – СН – С + Н2О

     │                                                     │         

     NH2                                                NH2   ОСН3

 

3. Амин қышқылдары декарбоксилденіп, аминдер түзеді.

СН3- СН - СООН → СН3 - СН – NН2 + СО2↑   

     │

     2

 

4. Амин қышқылына азотты қышқылымен әсер етсе, оксиқышқылды және азот түзіледі.

 NH2 – СН2- СООН + НNО2 → НО - СН2- СООН + N2 + Н2О + Н2О

5. Амин қышқылдары дезаминдеу реакциясына түседі, нәтижесінде амин тобы жойылады. Бұл реакция организмдерде ферменттердің әсерінен жүреді.

                      ферменттер

СН3- СН - СООН → СН3 - СН – СООН + NН3 

     │                                           │

     2                                       ОН

 

6. Амин қышқылдарының құрамында негіздік қасиет беретін амин тобы және қышқылдық қасиет беретін карбоксил тобы болғандықтан олардың молекулалары өзара әрекеттесіп, полимерлер түзіледі.

                               O                                         O

nH2N – CH2- C             → (-HN – CH2- C )n

                              OH  -nH2O

 

Екі немесе бірнеше амин қышқылдарынан су бөлінгенде, түзілетін заттарды пептидтер деп атайды. Бұл жағдайда амин қышқылдарының арасында пептидтік байланыс пайда болады.

(-С – НN-).  Егер пептидтер екі амин қышқылынан түзілсе дипептид, үшеуден түзілсе

 ││               трипептид, ол көп амин қышқылдарынан түзілсе- полипептид деп аталады.

О                         Пептидтердің аталуы қатысқан амин қышқылдарының атымен аталады

                  және бірінші амин қышқылының атына «ил» жалғауы қосылады. Полипептидтердің құрылысы тізбекті болады, кез келген амин қышқылдары бір- бірімен әр түрлі қосыла алады.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 9; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.145.91.78 (0.01 с.)