Сас2 ® с2н2 ® с2н4 ® с2н5он ® с2н5оna
СаС2 ® С2Н2 ® С2Н4 ® С2Н5ОН ® С2Н5Оna
Неліктен фенол қышқылдық қасиет көрсетеді?
Фенол мен бром арасындағы реакциясының теңдеуін жаз.
№21,22 Зертханалық жұмыс
Альдегидтер мен кетондардың қасиеттерін зерттеу.
Жұмыстың мақсаты:а) альдегид тобына сапалық реакцияларды тәжірибе жүзінде жасау және оны түсіндіру; ә) ацетонның қасиетін зерттеу.
Реактивтер мен жабдықтар: формальдегид, этил спирті, фуксинкүкіртті қышқыл, күміс нитраты (АgNO3) ерітіндісі, аммиак (NH 3), натрий бисульфиті ерітіндісі, 10% NaOH
Ерітіндісі, ацетон, йод ерітіндісі, калий йодиді ерітіндісі, хром қоспасы ерітіндісі, пробиркалар, штатив, шыны таяқша, пемза үгінділірі, кинопленка, спирт шамы, газ жүретін түтікшелі тығын, мыс сымы, жұқа шыны, микроскоп.
1-тәжірибе. Этил спиртін тотықтыру арқылы сірке альдегидін алу.
Жұмыс барысы: Газ жүретін түтікшелі пробиркаға 2 мл хром қоспасы мен 2 мл этил спиртін құямыз. Газ жүретін түтікшені суы бар пробиркаға саламыз. Қоспаны абайлап спирт шамымен қыздырады. Түзілетін сірке альдегиді пробиркада сулы ерітінді түрінде жиналады, оны иісінен байқаймыз.
2-тәжірибе. Этил спиртін дегидрогенизациялау арқылы сірке альдегидін алу.
Жұмыс барысы: Пробиркаға 1 мл этил спиртін құяды. Спирт шамына мыс сымын қызыл болғанша қатты қыздырып, спиртке саламыз. Тәжірибені 5-6 рет қайталаймыз.
Реакция өнімі-сірке альдегидін иісінен байқаймыз.
СН3- СН2ОН ® СН3СНО + Н2
3-тәжірибе. Альдегидке сапалық реакция.
Жұмыс барысы:0,5 мл формальдегид ерітіндісіне 0,5 мл фуксинкүкірт қышқылды құяды. Бірнеше уақыттан кейін қызыл- күлгін түстің пайда болғанын көруге болады.
4-тәжірибе. Күміс айна реакциясы.
Жұмыс барысы:Пробиркаға 2 тамшы күміс нитраты ерітіндісі, 1 тамшы аммиак ерітіндісі, содан кейін 2 тамшы формальдегид құйындар. Қоспаны спирт шамында тез және абайлап қыздырыңдар, бірақ қайнауға жеткізбеңдер. Пробирка қабырғасында күмістің айна қабаты түзілгенде, қыздыруды тоқтатыңдар.
1) Қандай реакция жүреді? Реакция теңдеуін жазыңыздар.
|