Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

тәжірибе. Ацетонның қасиетін зерттеу. Йодоформ реакциясы.

Поиск

5-тәжірибе. Ацетонның қасиетін зерттеу. Йодоформ реакциясы.

Жұмыс барысы: реакцияға ацетонның әлсіз ерітіндісін қолданыңдар (0,5%).

Пробиркаға калий иодидіндегі йод ерітіндісінің (Люголь ерітіндісі) 1 тамшысына түссізденгенше NaOH құяды, сосын бірнеше тамшы ацетон ерітіндісін қосады.

Йодоформның ашық-сары тұнбасы түзіледі және оған тән иіс сезіледі.

6-тәжірибе. Ацетонның еріткіштік қасиеті.

Жұмыс барысы:Пробиркаға 5-6 тамшы ацетон құйып, оған кинопленканың кішкене бөлігін салыңдар. Шыны таяқшамен араластырыңдар. Пленканың еруін бақылаңдар.

Кинопленканың екі бөлігін ацетонмен ылғалдап, бір-бірімен жапсырыңдар.

Ацетонның еріткіштік қасиеті туралы түйін жасаңыздар.

7-тәжірибе. Ацетонның натрий бисульфитімен реакциясы.

Жұмыс барысы: Жұқа шыныға 1 тамшы қаныққан натрий бисульфиті (NaHSO3)

Ерітіндісін, содан кейін 1 тамшы ацетон қосып, капиллярдың балқытылған үшымен арластырыңдар.

Микроскоп арқылы әр түрлі бұрыс пішінді кристалдарды көріндер.

1)Ацетонның натрий бисульфитімен қосылу реакциясының теңдеуін жазыңыздар.

2)Микроскоппен байқаған кристалдың суретін салыңыздар. 

Бақылау сұрақтары:

1)Қалай жүзеге асыруға болады:

     RCHO ® R- COOH

1) Альдегид тобын қандай реактивтермен анықтауға болады?

2) Альдегидтің Сu2+ ионымен тотығу реакциясын жазыңыздар 

 

№ 23 Зертханалық жұмыс

Карбон қышқылының қасиетін зерттеу.

Күрделі эфир синтезі

Жұмыстың мақсаты: карбон қышқылдарының физикалық, химиялық қасиеттерімен

және күрделі эфир синтезімен танысу.

Реактивтер мен жабықтар:натрий ацетаты, амид спирті, сірке қышқылы, концентрлі күкірт қышқылы, олеин қышқылы, калий перманганатының 5%-тік ерітіндісі, 10%-тік натрий гидроксидінің ерітіндісі, этил спирті, СаСІ2 ерітіндісі, пробиркалар, штатив, спирт шамы, бөлгіш воронка, су моншасы, газ жүретін түтікшелі тығын, колба, стакан, мұз немесе қар.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 8; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.15.214.185 (0.01 с.)