Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Этилен алу және оның қасиеттері

Поиск

№ 2. Тәжірибе

Этилен алу және оның қасиеттері

Жұмыстың мақсаты: Этиленді зертханалық тәсілмен алуды игеру және оның қасиеттерін зерттеу, метанның қасиеттерімен салыстыру.

Реактивтер мен жабықтар: этил спирті (С2Н5ОН), күкірт қышқылы (Н2SO4 концентрлі), калий перманганатының (КмnO4) ерітіндісі, штатив, пробиркалар, газ жүретін түтікшелі тығын, пемза үгінділері, спирт шамы.

Жұмыс барысы: Пробиркаға 0,5 мл этил спиртін құйындар және оған абайлап 2 мл концентрлі күкірт қышқылын қосындар. Үстіне қыздырған кезде қоспа біркелкі қайнау үшін пемза түйірлерін салыңдар. Пробирканы баяу және ептілікпен қыздырындар.

Қыздырғанда пробиркадағы қоспа қарая бастайды, одан этилен газы бөлінеді.

Түтіктен шығып жатқан этиленді екінші пробиркадағы 1 мл калий перманганатының ерітіндісіне жіберіңдер. Не байқалады?

Бөлініп жатқан этиленді су астында жинап алып немесе газ түтігінің ұшында жағындар. Жалынның түсің байқандар. Қыздыруды тоқтатып, құралды суытыңдар.

№3. Тәжірибе

Ацетилен алу және оның қасиеттері.

Жұмыстың мақсаты: ацетиленді тәжірибелік жолмен алу және ацетиленнің химиялық қасиеттерін зерттеу.

Реактивтер мен жабдықтар:кальций карбиді калий перманганаты ерітіндісі, бром суы, фенолфталеинің 1%-тік спирт ерітіндісі, шыны пробиркалар, газ жүретін түтікшелі тығын.

Жұмыс барысы:Газ жүретін түтікшемен жабдықталған пробиркаға бір кесек кальций карбидін (СаС2) салып, 3-4 тамшы су құйыңдар. Пробирка ішіндегі кальций карбиді сумен әрекеттесіп, ацетилен түзіледі.

 

С

│││ Са + 2Н2О → Са(ОН)2 + НС ≡ СН

С

Газ түтігінен шығып жатқан ацетиленді түтік ұшында тұтатыңыздар, сонда ашық қызғылт түсті күйелі жалынмен жанады.

Содан кейін газ жүретін түтікшенің ұшын калий перманганатының ерітіндісі құйылған пробиркаға батырыңдар. Дәл осындай тәжірибені бром суы ерітіндісімен жүргізіңдер. Ацетиленнің бөлінуі аяқталған соң пробиркаға 1 тамшы фенолфталеиннің спирттегі ерітіндісін қосыңдар.

Бақылау сұрақтары:

Метан суда ери ме?

Метанның жану реакциясының теңдеуін жазыңыздар.

Метанның түзілу реакциясын жазыңыздар.

KMnO4 ерітіндісі арқылы метан өткізгенде қандай өзгеріс болады? Неліктен?

Зертханада этиленді алу реакциясының теңдеуін жазыңыздар.

Неліктен тәжірибеде қолданылған күкірт қышқылы концентрлі болуы керек?

Неліктен калий перманганатының ертіндісін түссіздендіреді?

Этилен жалынымен метан жалынының айырмашылығы неде?

Этиленнің жану реакциясының теңдеуін жазыңыздар.

Ацетиленнің жану реакциясының теңдеуін жазыңыздар.

Ацетиленді калий перманганаты ерітіндісі арқылы өткізгенде, қандай өзгеріс болады?

 

Реакция теңдеуін жазыңдар.

Ацетиленді бром суы арқылы өткізгенде, қандай өзгеріс байқалады? 

Реакция теңдеуін жазыңдар.

Бастапқы пробиркаға фенолфталеин ерітіндісін қосқанда, ерітінді түсінің өзгеруін 

түсіндіріңіздер.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 8; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.226.104.30 (0.008 с.)