Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Көміртегі,қалайы,қорғасын қосылыстары

Поиск

№1 Тәжрибе. Металдардың гидрокарбонаттарының түзілуі.Магний, кобальт және кадмий тұздарына (2-3 мл) 2-3 мл-ден натрий карбонатын құйыңдар. Тәжірибені үш пробиркада жасау керек. Бұл металдардың гидроксокар-бонаттарының тұнбасы түзіледі, газ бөлінеді. Реакциялар теңдеулерін жазыңдар. Реакциялар теңдеулерін молекулалық, иондық түрде жазыңдар. Реакция теңдеуінде суды көрсету керек.

№2 Тәжрибе.СО32- ионының кей тұздардың гидролизіне әсері.

Темір (ІІІ) және қалайы (ІІ) тұздарының ерітінділеріне (3-4 тамшыдан) 3-5 тамшы натрий карбонатын тамызыңдар.Газдың бөлінгенін және темір мен қалайының гидроксидтерінің тұнбаға түскенін көріңдер. СО32- қосылғанда гидролиз неге аяғына дейін жүреді. Бұл реакциялар теңдеулерін жазыңдар.

№3 Тәжрибе. Ерітіндідегі бояғыш заттарды соруы.Пробиркаға 4-5 тамшы лакмус ерітіндісін құйып, оған активтелген көмір салыңдар. Пробирканы саусақпен жауып 2-3 минут жақсылап шайқаңдар. Ерітіндіні біраз уақытқа қойыңдар, аздан соң ерітіндінің түсі түссізденеді.

№4 Тәжрибе. Қалайының қышқылдармен әрекеттесуі.Алты пробиркаға қалайының кішкене бөлшектерін салыңдар. Үш пробиркаға 4-5 см3 2н тұз қышқылын, азот және күкірт қышқылдарының ерітіндісін құйыңдар, ал үш пробиркаға 4-5 см3 концентрлі тұз қышқылының, азот және күкірт қышқылдарының ерітінділерін құйыңдар. Реакциялар суық күйінде қалай жүреді? Пробиркаларды су моншасында қыздырыңдар. Қыздырған кезде реакциялар қалай жүреді?

№ 5 Тәжрибе. Қалайы мен қорғасынның гидроксидтері және олардың қасиеттері.Екі пробиркаға 2-4 см3 қалайы (ІІ) хлоридінің ерітінділерін, екі пробиркаға азот қышқыл қорғасын тұзын құйыңдар. Бұл пробиркаға тұнбалар түзілгенге дейін 2н натрий гидроксиді ерітіндісін тамшылатыңдар. Алынған гидроксидтердің қасиеттерін зерттеңдер: қалайы гидроксиді мен қорғасын гидроксиді тұнбаларына 2н натрий гидроксидін құйып, тұнбаны ерітіңдер. Келесі екі пробиркаға, яғни қорғасын гидроксидіне сұйытылған азот қышқылын құйыңдар /неге тұз қышқылы не күкірт қышқылын құюға болмайды/ қалайы гидроксидіне сұйытылған тұз қышқылын құйыңдар. Тұнбаларды ерітіңдер. Тәжірибелер нәтижесінен бұл гидроксидтердің қасиеттері туралы қорытынды жасаңдар. Гидроксидтер диссоциациясын жазыңдар, олардың сілтіде, қышқылдарда еру реакцияларының теңдеулерін жазыңдар. Сілтілік ортада [Sn(OH)4]2- және [Pb(OH)6]4- комплекс иондар түзіледі.

№ 6 Тәжрибе. Қорғасының (ІІ) тұздарының гидролизі.

Пробиркаға 2-3 кристалл қорғасын нитратын салып, 4-5 см3 су құйыңдар. Кристалдарды толық ерітіп, лакмус ерітіндісін тамшылатыңдар. Нені байқадыңдар? Қорғасын нитраты ерітіндісінің реакция ортасы қандай? Ерітіндіні аздап қыздырып, оған натрий карбонаты ерітіндісін 4-5 см3 қосыңдар да, тағы қыздырыңдар. Мынандай қосылысқа сәйкес келетін 2PbCO3∙Pb(OH)2 тұнба түзіледі. Алынған тұзды қандай қышқылда ерітуге болады? Қорғасын нитраты гидролизінің бірінші сатысын жазыңдар. Натрий карбонаты бұл процеске қалай әсер етеді?

Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмысты қорғауға арналған сұрақтар:

1.Көміртегінің,қорғасынның және қалайының электрондық конфигурациясын жазыңдар. Қай электрондар мен орбитальдар валенттілікті көрсетеді?

2.Қалайы мен қорғасын құймаларының қолданылуы.

3.Мына қатардағы элементтердің Ge – Sn – Pb металдық қаситетінің күшейетінін көрсететін реакция теңдеулерін жазыңдар.

4. Қалайы және қорғасын тұз қышқылы, азот және күкірт қышқылдарымен (сұйытылған және концентрлі) қалай әрекеттеседі? Реакциялар теңдеулерін жазыңдар. Қай қышқылда қорғасын толық ериді.

5.Мына қатардағы иондардың Sn2+, Pb2+ тотықсыздандырғыш қасиеті мына қатардағы иондардың Sn4+, Pb2+ тотықтырғыш қасиеттері қалай өзгереді? Әлсіз тотықсыздандырғыш пен күшті тотықтырғышты көрсетіңдер. Тотығу-тотықсыздану реакциялар теңдеулерін жазыңдар.

6.Көміртегіде неге көп аллотропиялық түр өзгерістер бар?

7.Көміртегі қосылысының тек тотықтырғыш не тек тотықсыздандырғыш болатын қосылыстарын атаңдар.

8.Көміртегі (ІІ) оксидінің ағзаға тигізетін физиологиялық әсерін түсіндіріңдер.

9.Сілтілік-жер металдарының, қорғасынның карботнаттары суды көмір қышқыл газымен қанықтырса, суда жақсы ериді. Неге? Бұл жағдайдың табиғатқа қандай мәні бар?

10.Көміртегі (ІІ) оксидін алу жолының реакциялар теңдеулерін жазыңдар.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.221.183.34 (0.01 с.)