Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Спирттер мен фенолдардың қасиеттерін зерттеу.

Поиск

№ 20 Зертханалық жұмыс

Спирттер мен фенолдардың қасиеттерін зерттеу.

Жұмыс мақсаты: 1. Мысал ретінде этил спиртін алып, бір атомды қаныққан спирттердің физикалық және химиялық қасиеттермен танысу. 2. Фенолдың химиялық қасиеттерімен танысу.

Реактивтер мен жабдықтар: абсолюттік этил спирті натрий металы, газ жүретін түтікшелі тығын, фенолфталеин, пробиркалар, мыс сымы, калий дихроматы, концентрлі күкірт қышқылы, спирт шамы.

1-тәжірибе. Натрий алкоголятын алу және оның қасиеті.

Жұмыс барысы: Құрғақ пробиркаға 4-5 мл абсолютті этил спирттің құйып, оның үстіне тазартылған металл натрий түйірін салады. Пробирканы газ жүретін түтікшелі тығынмен жабыңдар. Бөлінген газды жағыңдар. Пробирканы суытқаннан кейін 1-2 мл дистилденген су қосып, фенолфталеин ерітіндісін тамызыңыздар

2-тәжірибе. Спирттердің тотығуы.

Жұмыс барысы: Пробиркаға 10 тамшы этил спиртін құяды. Мыс сымын түйіртпектеп қара түсті мыс оксидіне айналғанша қыздырады да пайда болған мыс (ІІ) оксидін спирті бар пробиркаға салады. Сонда сірке альдегидінің иісі сезіледі. Бұл кезде мыс (ІІ) оксиді мысқа дейін тотықсызданады. Оны мына реакциядан көруге болады.

2Сu + O2  ® 2CuO

CH3CH2OH + CuO ® H2O + CH3CHO + Cu

 

Пробиркадағы 3 тамшы этил спиртін, калий дихроматының түйірін және бірнеше тамшы концентрленген күкірт қышқылын құяды. Қоспаны баяу қыздырады. Сол кезде ерітіндінің түсі жойылып, сірке альдегидінің иісі сезіледі. Хром алты валенттіктен үш валентікке дейін тотықсызданады.

Жалпы теңдеу:

3С2Н5ОН + К2Сг2О7 + 4Н2SO4 ® К2SO4 + Сг2(SO4)3 + 7Н2О + 3СН3СНО

3-тәжірибе. Фенолдардың қасиеттерін зерттеу

Реактивтер мен жабдықтар:Пробиркалар, спирт шамы, 1% фенол ерітіндісі, концентрлі НNO3, 10% NaOH ерітіндісі, 1% ҒеСІ3 ерітіндісі, 10% HCI ерітіндісі, кристалдық фенол.

  а) Натрий фенолятын алу

Жұмыс барысы:Аздаған кристалдық фенолды 10% NaJ\OH ерітіндісінде ерітеді. Натрий феноляты алынады. Оған 10% HCI ерітіндісінің 1 мл қосады. Ерітінді майланып, бос күйінде фенол түзілгенін көрсетеді.

Ерітіндінің сыртқы түрі қалай өзгереді?

Неліктен ерітінді түссізденеді? Фенол мен сілті арасындағы реакция теңдеуін жазыңдар.

Фенол мен бір атомды спирттің сілтіге қатынасы арасындағы қандай айырмашылық бар?

ә) Фенолды нитрлеу реакциясы.

1 мл концентрлі азот қышқылына 1 мл ыенол ерітіндісін қосады және абайлап спирт шамымен қайнағанша қыздырады. Салқындатқаннан кейін пикрин қышқылының сары кристалдары түскенін бақылайды.

1. Реакция механизмін түсіндіріндер.

2. Реакция теңдеуін жазыңыздар.

б) Фенолға темір хлоридінің сапалық реакция. Пробиркаға 1 мл фенол ерітіндісін және 1 тамшы (ІІІ) хлоридінің ерітіндісін қосады.

1. Реакция нәтижесінде не байқалады?

Бақылау сұрақтары:

Натрий этилатының түзілу реакциясын жазыңдар.

Сутек бөлінуі тоқталған соң су қосқанда ақ тұңбаның жойылуын түсіңдір.

Этиленнен сірке альдегидін алу үшін жүргізілетін реакция теңдеулерін жаз.

Натрий пропилатының алу тәсілдерін көрсет.

Келесі ауысуларды жүзеге асыр.

 



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 8; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.16.130.96 (0.009 с.)