Заглавная страница Избранные статьи Случайная статья Познавательные статьи Новые добавления Обратная связь FAQ Написать работу КАТЕГОРИИ: АрхеологияБиология Генетика География Информатика История Логика Маркетинг Математика Менеджмент Механика Педагогика Религия Социология Технологии Физика Философия Финансы Химия Экология ТОП 10 на сайте Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрацииТехника нижней прямой подачи мяча. Франко-прусская война (причины и последствия) Организация работы процедурного кабинета Смысловое и механическое запоминание, их место и роль в усвоении знаний Коммуникативные барьеры и пути их преодоления Обработка изделий медицинского назначения многократного применения Образцы текста публицистического стиля Четыре типа изменения баланса Задачи с ответами для Всероссийской олимпиады по праву Мы поможем в написании ваших работ! ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?
Влияние общества на человека
Приготовление дезинфицирующих растворов различной концентрации Практические работы по географии для 6 класса Организация работы процедурного кабинета Изменения в неживой природе осенью Уборка процедурного кабинета Сольфеджио. Все правила по сольфеджио Балочные системы. Определение реакций опор и моментов защемления |
Ерітінділер. Ерітіндлер концетрациясы.Электролиттер.Содержание книги
Поиск на нашем сайте
№ 5 Зертханалық сабақ Ерітінділер. Ерітіндлер концетрациясы.Электролиттер. Жұмыстың мақсаты: Белгілі концентрациялы ерітінділер дайындап үйрену. Титрлер әдісі бойынша ерітінділер концентрациясын анықтау. №1 Тәжрибе.Ерітінді концентрациясын оның тығыздығы арқылыанықтау.Коценнтрациясын-анықтайтын ерітінділерді ~ 100 мл цилиндрге құйыңдар, оның температурасын анықтаңдар. Егер ерітінді температурасы 200С-қа тең болмаса, цилиндрді не жылы суға салып, не суық суға салып, ерітіндіні шыны таяқшамен араластырып, 200С жеткізіңдер. Ерітінді тығыздығын ареометр арқылы анықтаңдар. Таза, құрғақ сүртілген ареометрді ақырындап цилиндрдегі ерітіндіге түсіріңдер. Ареометр цилиндр қабырғаларына тимеу керек. Ерітінді ернеуіне сәйкес келген ареометр шкаласы ерітіндісінің тығыздығын көрсетеді. Тығыздықты анықтауды тағы да екі рет қайталаңдар.
№5 сурет Ерітінді тығыздығын анықтайтын ареометр. Ол үшін ареометерді 1-2см көтеріп, қайта ерітіндіге түсіріп, ареометрдің шкаласын жазыңдар. Үш рет өлшеген соң ареометриялық орта санын жазыңдар. №4 таблицадан [3] бұл тығыздыққа сәйкес келетін заттың ерітіндідегі массалық үлесін (%) анықтаңдар. Егер анықталған тығыздық таблицада екі тығыздық ортасына сәйкес келсе, массалық үлесті мына формула бойынша интерполяциялау арқылы табады: Сх = С1 + (С2 –С1)∙ ((ρх -ρ1)/(ρ2 -ρ1)) ρх- өлшеген тығыздық ρ1 және ρ2- таблицадағы өлшенген тығыздыққа жақын тығыздықтар; Сх, С1, С2- оларға сәйкес концентрациялар. №2 Тәжрибе.Массалық үлесі (%) белгілі тұздың ерітіндісін дайындау. Мұғалімнен тапсырма алыңдар. Қанша тұз және су керек екенін есептеңдер. Таразыда есептелген тұзыдың мөлшерін өлшеңдер де 300 мл колбаға салып ерітіңдер. Судың мөлшерін цилиндрмен өлшеңдер. Ерітінді жасау үшін суды аздап құйыңдар, ерітіндіні араластыра отырып тұзды ерітіңдер. Дайындалған ерітіндіні колбадан цилиндрге құйып, ареометр арқылы оның тығыздығын анықтаңдар. Дайындалған ерітіндінің молярлы, нормальды концентрацияларын және титрін анықтаңдар. Тәжірибе нәтижесін мына кестеге жазыңдар: Масса Ерітіндінің тығыздығы Дайындалған ерітіндінің концентрациясы тұз су молярлы нормальды Т, г/мл
№3 Тәжрибе.Электролиттердің электр өткізгіштігін тексеру. Көмір электродтарды стаканға салып, оны электр шамымен қосып, тоққа қосу керек. 1. Стаканға 20-30 мл дистильденген су құйыңдар. Шам жана ма? 2. Стаканға 2-4грамм қант салып дистильденген суда ерітіңдер. Шам жана ма? 3. Электродтарды жақсылап жуып құрғатыңдар да стакандағы құрғақ ас тұзына (NaCl) тигізіңдер. Шам жана ма? Енді 20-30 мл дистильденген су құйып тұзды ерітіңдер. Шам жана ма? Жеке дистильденген су және құрғақ тұз электр тоғын өткізбейді, ал ас тұзының ерітіндісі тоқ өткізеді. Неге? 4. Төрт стаканға 20-30 мл 0,1 н мына ерітінділерді құйыңдар: бірінші стаканға- тұз қышқылын, екіншіге- натрий гидроксидін, үшіншіге- сірке қышқылын, төртіншіге- аммиак ерітіндісін. Осы ерітінділердің электр өткізгіштігін тексеріңдер. Электродтарды ерітіндіге салған сайын алдын-ала жеке стаканда тұрған дистильденген сумен жақсылап жуып отыру керек. Тәжірибе кезінде шамның жарықтығына қарап, қышқылдар мен негіздердің күші туралы айтыңдар. 5. Соңғы екі стакандағы ерітінділерді (сірке қышқылы мен аммиакты) бір-біріне құйып, шамның жарықтығын салыстырыңдар. Неге шамның жарықтығы әр түрлі?
Өзін өзі бақылауға және зертханалық жұмыстарды қорғауға арналған сұрақтар: 1. Ерітінділер дегеніміз не? 2. Концентрацияның өлшем бірліктері қандай? 3. Электролиттік диссоциация дегеніміз не? 4. Көмір қышқылының диссоциациялану сатылап теңдеулерін жазындар.
№ 6 Зертханалық сабақ
|
||||
Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 8; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы! infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.133.153.224 (0.009 с.) |