Органикалық қосылыстардың сапалық анализі
№ 16 – Зертханалық жұмыс
Органикалық қосылыстардың сапалық анализі
Органикалық заттардың сапалық құрамы оның молекуласындағы қандай заттар болуымен сипатталады. Органикалық қосылыстарда көміртегіден басқа сутегі, оттегі, күкірт, галогендер, фосфор болады. Органикалық қосылыстардың құрамына енетін заттар бейорганикалық және аналитикалық химия әдістерімен анықталады.
Жұмыстың мақсаты: органикалық заттарды және олардың негізгі элементтерін ашу әдістерімен танысу.
Реактивтер мен жабдықтар: сахароза, Ва(ОН)2 ерітіндісі, СuO, штатив, пробиркалар, газ жүретін түтікшелі тығын, спирт шамы.
Жұмыс барысы:Пробиркаға 0,1 г зерттелетін затты және мыс оксидін салып, газ жүретін түтікшелі тығынмен жабамыз және оның ұшын көлемінің 1/3 бөлігіне барий гидроксидінің ерітіндісі құйылған екінші пробиркаға түсіреміз. Спирт, шамының жалынына қыздырғанда, зерттелген зат ыдырайды, көміртегі атомдары көмір қышқыл газының молекуласына ауысады. Көмір қышқыл газын барий карбонатының тұнбасы
түзілуінен байқауға болады. Зертелетін қосылыстағы сутегі атомдары су молекуласына айналады. Су пробирканың жоғары жағына және газ жүретін түтікшеде түзіледі.
Реакция теңдеуі:
С12Н22О11 + 24СuO → 12CO2 + 11H2O + 24Cu
Өзін-өзі тексеру және зертханалық жұмыстарды қорғауға арналған сұрақтар:
1. Органикалық затты бейорганикалық заттан ажыратудың қарапайым тәсілін атаңыздар.
2. Органикалық қосылыстардағы элементерді сапалық қалай анықтайды?
3. Барий гидроксидінде қандай реакция жүреді?
4. Органикалық заттарда көміртегі мен сутегінің болуы неге негізделген, түйін жасаңыздар.
2- тәжірибе. Азотты анықтау.
Реактивтер мен жабдықтар: натрий гидроксиді, органикалық зат (мочевина,
жұмыртқанның ақуызы), шпатель, спирт шамы, мақта, пробиркалар, лакмус қағазы, хлороформ, төртхлорлы көміртегі, мыс сымы.
Жұмыс барысы: Құрғақ пробиркаға натрий гидроксидін және аз мөлшерде зерттелетін затты (шпатель ұшыңда) саламыз. Пробирканы мақтамен жауып, үстіне ылғалды лакмус қағазын қоямыз.
Алдымен пробирканы спирт шамымен әлсіз, содан кейін қатты қыздырамыз.
Лакумус қағазының көк түске бояулы, азоттың барын көрсетеді. Тәжірибе шартында азот аммиакқа айналады.
|