Жоғарғы молекулалы қосылыстар.
Ақуыздар (белоктар).
Ақуыздар (белоктар) деп молекуласы бір- бірінен пептидтік байланыспен қосылған
α- амин қышқылдарының 20-ға жуық түрінің қалдықтарынан құралған жоғары молекулалы қосылыстарды атайды. Ақуыздар организм құрамының ең маңыздысы, олар өсімдіктер мен жануарлардың клеткаларының протоплазмасында және ядросында болады. Ақуыз жоқ жерде тіршілік жоқ, ол- тіршіліктің негізгі нышаны.
Табиғатта ақуыздардың көптеген түрлері кездеседі. Олардың атқаратын функцияларына және қасиеттеріне байланысты молекулалық массалары бірнеше мыңнан бірнеше миллионға дейін барады.
1839 жылы Голландия ғалымы Мульдер ақуыздарды «протеин» деп атауды ұсынды.
Ақуыздар бұлшық еттердің, қанның, сүттін, жұмыртқаның, өсімдіктердің, жүннің, жібектің және шаштың құрамына кіреді. Барлық ақуыздардың химиялық құрамы шамамен мынадай:
С- 50- 55 % О- 21,5- 23,5 % S- 0,2- 2,4 %
Н- 6,5- 7,3 % N- 15- 17 % Р- 0,8 %
Ғе- 0,4 %
Соңғы кезде ақуыздың құрамында басқа да элементтер (магний, кобальт, сынап, күміс, қорғасын, йод, мыс т.б.) болатыны анықталады.
Өзін-өзі бағалауға арналған сұрақтар:
1. Аминдердің номенклатурасы және структурасы.
2. Аминдердің физикалық қасиеттері.
3. Аминдердің химиялық қасиеттері. Аминдерді алу және қолданылуы.
4. Мына аминдердің формулаларын жазу керек: а. Метилэтил амин; б. Диметил амин
С. Анилин; д. 1,4-диаминобутан; е. Метанитроанилин.
5. Амин құрамында 53,33 % С, 31,11% N және 15,56 % H болса, амин формуласы қандай болады?
6. пара-нитротолуолға сутегімен ( катализатор қатысында ) әсер етсе, түзілетін заттың аты мен формуласын жазу керек.
№ 30 Дәріс
Жоғарғы молекулалы қосылыстар немесе полимерлер деп молекулалары жүздеген немесе мыңдаған көміртегі атомдарынан, соған сәйкес молекулалық массалары мыңдаған, тіпті миллиондаған массаның атомдық бірлігіне тең болатын және өзіне тән бірқатар қасиеттері бар қосылыстарды атайды. Полимерлердің атомдары бір- бірімен химиялық байланыс арқылы қосылады.
Полимерлер табиғи және синтетикалық болып бөлінеді. Полимерлер табиғатта кеңінен таралған. Өсімдік және жануарлар ағзаларының құрамына жоғары молекулалы қосылыстар: целлюлоза, ақуыз, крахмал, нуклеин қышқылдары кіреді.
Синтетикалық полимерлерге мономерлерден жасанды жолмен алынатын полиаминдер, полиэтилен, полистирол, синтетикалық талшықтар және т.б. жатады.
Ең қарапайым органикалық полимер- полиэтилен, ол этиленнің полимеризациялануынан түзіледі.
Н2С- СН2- Н2С= СН2 → СН3- СН2- СН =СН2
|