Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Химиялық қасиеттері.

Поиск

Химиялық қасиеттері.

Гликольдердің химиялық қасиеттері бір атомды спирттерге ұқсас, бірақ олар реакцияға бір немесе екі гидроксил топтары арқылы түседі.

Үш атомды спирттер.

Бұлардың ең қарапайым өкілі- глицерин.

СН2ОН – СНОН – СН2ОН

  

  Үш атомды спирттерді халықаралық номенклатура бойынша атау үшін, көмірсутектің атауына «триол» деген жалғауды қосып, гидроксил топтарының орнын көміртегі атомының нөмірімен көрсетеді.

Мысалы: СН3 – СНОН – СНОН – СН2ОН бутантриол- 1,2,3

Глицериннің химиялық қасиеттерін үш гидроксил топтары анықтайды. Көп атомды спирттердің бір қасиеті ауыр металдардың гидроксидтерін ерітеді.

 

Мысалы: Глицерин мыс (II) гидроксидтермен әрекеттесіп, көк түсті мыс глицератын түзеді.

СН2 – ОН                              СН2 – О

│                ОН                  │             Cu + 2H2O

CH – OH +              Cu → CH – O

│                OH                  │

CH2 – OH                               CH2 – OH

                                                            Мыс глицераты

Фенолдар.

Фенолдар деп бензол сақинасындағы сутегінің біреуі немесе бірнешеуі гидроксил тобымен алмасқан қосылыстарды айтады.

Құрамындағы гидроксил тобының санына қарай бір, екі, үш атомды фенолдар болып бөлінеді.

Бір атомды фенолдардың ішіндегі ең қарапайымы- фенол- С6Н5ОН

Гидроксил тобының электрондарының сақинаға ығысуына байланысты, фенол әлсіз қышқылдық қасиет көрсетеді.

Химиялық қасиеттері.

Фенолдар сілтілермен әрекеттесіп, феноляттар түзіледі.

 

С6Н5ОН + NaOH → C6H5ONa + H2O

                                   натрий феноляты

3. Нитрлеу реакциясы.

Фенолдар нитрлеу реакциясына жеңіл түседі. Егер фенолды концентрлі азот қышқылымен әрекеттестірсе, пикрин қышқылы (үш нитрофенол) түзіледі.

 

С6Н5ОН + 3НОNO2 → C6H2(NO2)3OH + 3H2O

                                        пикрин қышықлы

     Сондай- ақ фенолдар сульфирлену, галогендену, бірігу, жай күрделі эфирлер түзу реакцияларына қатысады.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1.Изомерия,номенклатура, мысалдар келтіру керек.

2.Физикалық, химиялық қасиеттері.

3.Алу, қолданылуы.

4.Мына қосылыстардың структуралық формулаларын келтіру керек: 3-пентен-2-ол;           2-хлор-1-пропанол; 3-метил3-пентанол; 

5.Егер бір негізді спирт құрамында 60% көміртегі болса, оның формуласы қандай болады?

6.Мына реакциялар теңдеулерін жазу керек: 1-бромбутаннан 1-бутанол алу; 2-бутеннен 2-бутанол алу; толуолдан бензил спиртін алу.

 

  Дәріс 24. Альдегидтер мен кетондар 

                                                                                                  О

Көмірсутек радикалдарымен байланысқан карбонил (- С         )



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 52.14.219.203 (0.007 с.)