Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Химиялық қасиеттері.

Поиск

            СН3- С ≡ С – СН3       бутин- 2

Химиялық қасиеттері.

Молекуласында үш байланысы (1σ , 2π) болғандықтан Ацетилен көміртектері қосылу, тотығу, полимерлену реакциясына қатысады.

 

1. Қосылу реакциялары:

а) сутегіні қосып алу. Платина, никель катализаторлары қатысында Ацетилен сутегін қосып алады.

                                  Ni                           Ni

      НС ≡ СН + Н2 → Н2С = СН2 + Н2  → СН3 – СН3

ә) галогенсутектерді қосып алу. Ацетилен галогенсутектермен баяу әрекеттеседі, нәтижесінде винилхлориді түзіледі.

 

      НС ≡ СН + НСI → H2C = CHCI винилхлориді

    Реакцияға тез түсетін ацетиленнің алкил туындылары үшін бұл реакция Марковников ережесіне сай жүреді.

 

в) суды қосып алу. (Кучеров реакциясы)

Ацетилен көмірсутектеріне судың қосылу реакциясы сынап тұздарының қатысуымен жүреді. Бұл реакцияны алғаш рет орыс ғалымы Кучеров ашқан, сондықтан Кучеров реакциясы деп атайды.

                                   Hg2+

   НС ≡ СН + НОН → СН2 = СНОН винил спирті

                                                         О

   CH2 = CHOH → CH3 – C         сірке альдегиді

                                                         Н

      Кучеров реакциясының практикалық маңызы зор. Өнеркәсіпте сірке қышқылын, этил спиртін алу үшін қолданылады.

 

2. Тотығу реакциясы. Алкиндер тотықтырғыш реагенттермен (калий перманганаты, қышқылдық ортадағы дихромат, озон) тотығады.

           Үш еселі байланыс бойынша молекуланың үзілуі жүреді де, алкин екі карбон қышқылына айналады.

     R – C ≡ C – R, → R – COOH + R, - COOH

Шеткі үш еселі байланыс бар алкин жағдайында карбон қышқылы мен көміртек диоксиді түзіледі. Мысалы:

                                            [O]

    СН3 – СН2 – С ≡ СН → СН3 – СН2 – СООН + СО2

     Бутин-1                              пропан қышқылы

3. Полимерлену реакциясы.

Ацетилен көмірсутектері бірнеше бағытта полимерленеді. Егер катализатор ретінде хлорлы мыс (II) қолданылса, онда ацетилен тізбектеліп полимерленеді.

                                   СuCI2

НС ≡ СН + НС ≡ СН → СН2 = СН – С ≡ СН

   Түзілген винилацетилен хлорлы сутекті қосып алып, хлоропрен түзеді. Хлоропрен синтетикалық каучук алу үшін қолданылады.

 

СН2 = СН – С ≡ СН + НСI → CH2 = CH – C = CH2



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 8; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 52.14.125.137 (0.008 с.)