Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Антигендердің анықтамасы мен олардың химиялық құрамын сипаттаңыз.Толық антиген және гаптенге сипаттама беріңіз.

Поиск

Антигендер – иммундық жауап туыдыратын, яғни ағзадан бөгде затты шығаруға бағытталған арнайы серпілістерге қатысатын, генетикалық бөгде зат болып табылатын, жоғары молекулалық химиялық қосылыстар. Иммундық жауап антигеннің барлық макромолекуласына емес, оның антигендік детерминант деп аталатын белгілі бір бөлігіне қарсылық көрсетеді.Антигендік детерминанттың қазіргі кездегі атауы – эпитоптар.Эпитоп – иммундық жауап кезінде түзілетін антиденелер мен эффекторлы Т-лимфоциттердің арнайлылығын қамтамасыз ететін жеке химиялық және құрылымдық сипаты бар антиген молекуласының бір бөлігі. В-лимфоциттермен танылатын және оларға қарсы антиденелер түзілетін эпитоптарды – В-жасушалық эпитоптар немесе гаптендер (синонимдер) деп аталады. В-жасушаларды әрбір клоны белгілі гаптенге әсер етеді.Антиген құрылымы мен химиялық құрылысын зерттеуге үлкен үлес қосқан Нобель сыйлығының лауреаты (1930ж.) К. Ландш-тейнер гаптен деген терминді енгізген. Гаптендер - өлшемі үлкен емес химиялық топшалар. Олар табиғи антиген молекулаларының құрамдас бөлігі немесе шығу тегі экзогендік болуы мүмкін, мысалы, дәрілік заттар және олардың метоболиттері, азық-түлік, ауыл шаруашылық, тұрмыстық және өнеркәсіптік өнімдер болып табылады. Гаптен нәруыз-тасмалдаушымен байланысқан кезде ғана иммуногендік қасиетке ие болады.

14.Антигендердің бөгделік, иммуногендік және спецификалық қасиеттеріне түсінік беріңіз.Заттарды антигендер ретінде сипаттайтын негізгі қасиеттерге жатады: бөгделік, антигендік, иммуногендік және арнайылық.Бөгделік- ағзаның әр түріне немесе жеке индивидумдарга арнағган антигеннің өзгешелігін көрсететін генетикалык, тағайындалған жеке қасиеті. Антигеннің берілген ағзаға бөгделігі, иммундық жүйенің ағзаны биологиялық агрессиядан қорғау сияқты негізгі қызметімен байланысты. Агрессия жиі микроағзалар, вирустар, паразиттер және олар бөлетін токсиндер түрінде байқалады; берілген микроағзалар және оның өнімдері жоғарғы тірі жандарға бөгделік болып табылады. Эндогендік агрессия (ісіктердің өсуі) жасушалардың белгілі бір бөгделік қасиетке (мысалы, ісік жасушаларының бетінде ісікерекшелік антигендердің экспрессиясы) ие болуымен де байланысты. Барлық жағдайларда антиген ағзага «өзіндік емес» ретінде танылуы қажет. Нәтижесінде антиген бөтен субстанция сияқты, ағзаға өте қауіпті молекула түрінде көрінеді. Р.В. Петровтың анықтауы бойынша, «антигендер бұл бөтен генетикалық бағдарлама алып жүруші биологиялық заттар мен молекулалар». Иммуногендік- антигеннің иммунитет тудыру қабілеті. Бұл ұғым негізінен, жұқпаларға иммунитет жағдайын қамтамасыз, ететін микроб және вирус антигендеріне қатысты айтылады. Мысалы, дизентерия қоздырғышының антигендігі өте жоғары, сондықтан өзіне қарсы күшті иммундық жауап туғызады, бірақ оған қарсы айқын иммунитет өндірілмейді, себебі ұзак өмір сүретін жерде жасушалары түзілмейді. Сүзек вакцинасының антигендігі мен иммуногендігі өте жоғары, оны енгізген кезде көп мөлшерде антиденелер түзіліп, қуатты иммунитет пайда болады.Антигеннің иммуногендігін көрсететін маңызды қасиеті молекула мөлшері. Полимерлік молекуланың салмағы жоғарлаған сайын, иммуногендігі артады. Антигендердің иммуногендігі олардың құрылысына (зарядына, қош иісті сақинаның болуына, қаттылығына) және мөлшері мен олардың ағзаға енгізу жолына байланысты.Арнайылық- бұл антигендердің бір-бірінен айырмашылығын көрсететін антигендік ерекшелік. Антигендердің иммундық ерекшеліктері макромолекуланың барлық денесімен емес, антигеннің бетінде болатын детерминанттардың қасиетімен, олардың саны және молекулаларда табиғи антигендердің орналасуымен анықталады. Ағзадағы әрбір жасуша өзінің антигендік ерекшелігімен анықтайтын жеке химиялық құрылыммен сипатталады.Антигендік арнайлықтың келесі түрлері ажыратылады: түр-аралық (типтік арнайылық), топтық, тіндік, сатылық, органоидттық.

15. Антигендік детерминант және эпитоп маңызын түсіндіріңіз.

Иммундық жауап антигеннің барлық макромолекуласына емес, оның антигендік детерминант деп аталатын белгілі бір бөлігіне қарсылық көрсетеді.Антигендік детерминанттың қазіргі кездегі атауы – эпитоптар.

Эпитоп – иммундық жауап кезінде түзілетін антиденелер мен эффекторлы Т-лимфоциттердің арнайлылығын қамтамасыз ететін жеке химиялық және құрылымдық сипаты бар антиген молекуласының бір бөлігі.

Антигендік детерминанттардың саны молекула құрылымы мен оның өлшеміне байланысты болады. Бір тасмалдаушыда бірнеше антигендік детерминанттар болуы, мүмкін, мысалы, жұмыртқа альбуминінің молекуласында кем дегенде 5 детерминант, күл токсиндердінің молекуласында – 8 детерминант, ал тиреотропин молекуласында – 40 детерминанттан көп болады.Эпитоптың құрылымы антидененің белсенді орталығына немесе Т-жасушалық рецепторына комплементарлы. Антиген мен антидененің әрекеттесуі негізінде кеңістік құрылымының сәйкестілігі жатыр, неғұрлым антиген мен рецептор арасында кеңістіктің сәйкестілігі көп болса, соғұрлым олардың әрекеттесу деңгейі жоғары болады. Мұнда антигендік эпитоптың және де антигенді байланыстырушы рецепторлардың белсенді орталығының өлшемдері үлкен рөл атқарады, өйткені рецепторлардың белсенді орталықтары ойық тәріздес, ол ойық антигендік детерминанттарымен толтырылады.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 8; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.117.145.11 (0.01 с.)