Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

HLA І молекуласының құрылысын түсіндіріңіз

Поиск

54. HLA І молекуласының құрылысын түсіндіріңіз

НLА жүйесінің I класс антигендері - екі ковалентсіз байланысқан полипептидті тізбектен тұратын полипеитидтер болып келеді; олардың бір тізбегі — ауыр, полиморфты, молекулалық деңгейі 45 кД НLА жүйенің гендерімен кодталған трансмембраналық гаикопротеидке жатады; екінші тізбегі - хромосоманың 15 жұбының жалғыз локусымен кодталған, молекулалық деңгейі 12 кД тұрақты Р-микроглобулин деп аталатын жеңіл тізбекке жатады. НLА-антигендердің I класының химиялық құрылысы ІІ класс антигендерінің құрылысынан біраз ерекшеленеді.

НLА I класс гендері трансплантациялық антигендердің синтезін шақырушы А, В және С локустарына бөлінеді. НLА I класс антигендері барлық ядролы жасушаларда экспрессияланған, соның ішінде, Т- лимфоциттерде және олар "өзінікін" тануда ең маңызды қызмет атқарады, өйткені Т-киллер антигендік детерминанталарды тек НLА I класс антигендерімен қосып таниды.

55. HLA ІІ молекуласының құрылысын түсіндіріңіз

НLА IIкласс гендеріне DQ, DP, DR – локустарының гендері кіреді. Ол гендердің арасында иммундық жауаптың гендері (иммунды жауаптық және иммунды супрессиялық — І r және І s-гендері), оның күшін реттейтін гендер жатады. НLА II класс антигендері көбірек В-лимфоциттерде, макроцагтарда, дендритті және Лангерганс жасушаларында, тағы басқа белсендірілген Т-лимфоциттерде, арнайылықтанған эпителиоциттерде, т.б. жасушаларда орналасқан. Иммунхабарлы жасушалардың жасушааралық байланыстағы маңызды рөлінең басқа, НLА II класс антигеңдері антигенді таныстыруда және иммунды жауап шақыруында маңызды рөл атқарады, бұл кезде НLА II класс молекулаларымен бірге таныстырылатын бөгде антиген тек Т-хелпер субпопуляциясымен танылады.

XX ғасырдың 60-жылдарында иммунды жауаптың гистосәйкестік антигендерімен байланысқан генетикалық рестрикция феномены ашылған. Оның негізі бойынша, Т-хелперлер бөгде антигенді тек өз организмнің НLА II класс антигендерімен комплекс түрінде ғана тануына кабілеті бар екені анықталған (28-ші сур.)

НLА II класс антигендері ковалентсіз байланысқан молекулалық деңгейлері 34 және 28 кД трансмембраналық гликопротендтен құралған (а және р-тізбектер) полипептидтерге жатады. Олар жасушаішілік молекулалық деңгейі 30 қД құратын трансмембраналық гликопротеидпен байланысқан.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.191.212.185 (0.01 с.)