Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Баяу дамитын жоғары сезімталдық клиникалық көрінісі

Поиск

.Баяу дамитын жоғары сезімталдық клиникалық көрінісі

Жоғары сезiмталдықтың баяу түрiне аллергенмен қайта

кездескеннен соң бiрнеше сағаттан немесе тәулiктен кейiн дамитын

аллергиялық серпiлiстер жатады. 

Бұл серпiлiстер туберкулез, қырылдауық, садын кездерiнде дамиды;

олар гемолитикалық стрептококктардың, пневмококктардың, вакцина

вирустарының әсерлерiнен дамиды. 

Аллергиялық серпiлiстiң баяу түрi терiнiң мүйiздi қабатын

зақымдануы сияқты түрлi жұқпалы аурулар (стрептококкты,

пневмококкты, туберкулез) кездерiнде байқалады. Аллергиялық

энцефаломиелит кезiндегi жүйке тiндерінің зақымдануы да БЖС серпілісі

бойынша дамиды. Баяу жоғары сезiмталдық өсiмдiктектес және 

өндiрiстiк, дәрiлiк аллергендерге байқалады. Олар терi химиялық

заттармен жанасқанда пайда болады – оларды жанасулық дерматит деп

атайды. БЖС серпiлiсi патогенезiнiң негiзi Т-лимфоцит және макрофагтың

қатысуымен жүргентiндiктен, бұл серпiлiс түрiн Т-тәуелдi аллергия деп

те атады. 

44. Жүйелі қызыл жегі ауруының клиникалық көрінісіне сипаттама беріңіз?

Жүйелі қызыл жегі – дәнекер ұлпаның және қан тамырларының диффуздық зақымдалуымен сипатталатын созылмалы аутоиммундық жүйелі ауру.

Әйелдер жиі ауырады (9:1), 80%-ы бала туу жасындағы әйелдер.

Жүйел қызыл жегінің даму факторлары:

l Генетикалық факторлар

l Сыртқы орта факторлары – күн сәулесі

l Гормондық факторлар - әйелдер

l Аутоантиденелер мен иммундық комплекстердің әсері, комплементтің тапшылығы

Т-лимфоциттер қызметінің бұзылуы

l Лимфопения – антилимфоциттік антиденелердің әсерінен дамиды

l Супрессорлық жасушалардың саны мен қызметі төмендейді

l Есте сақтау Т-жасушаларының саны азаяды

l Т-хелперлердің саны жоғарылайды

l Т-лимфоциттердің ИЛ-2-ге жауап беруі бұзылады

В-лимфоциттер қызметінің бұзылуы

l В-лимфоциттердің поликлонды көбеюі байқалады

l Цитокиндердің белсендіргіш сигналына сезімталдық жоғарылайды

l Моноциттердің ИЛ-1-ді өндіруі төмендейді



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 6; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.117.145.11 (0.008 с.)