Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Ісік жасушаларының қалыпты жасушалардан айырмашылығы, дәлелдеген ғалым

Поиск

57 Ісік жасушаларының қалыпты жасушалардан айырмашылығы, дәлелдеген ғалым

Ісік жасушалары ісікке шалдықтырған себептер тоқтаса да өсе береді. Көпшілік жағдайда ісік кәрі адамдарда пайда болатыны белгілі. Себебі адамның жасы ұлғайған сайын, оның иммундық жүйесінің жұмысы төмендеп, қауіпті ауруларға қарсы тұра алмайды. Көптеген онколог ғалымдар ісік аурулары өзінің өсу жолында екі сатыдан өтетінін дәлелдейді. Біріншісінде, канцерогендік заттардың әсерінен таза жасуша ісік жасушасына ауыса бастайды, бірақ ол белсенділік көрсетпей тыныш жатады. Екіншісінде, нағыз ісік түйіні пайда болып, ол өніп-өсе бастайды. Бұл екі сатының әрқайсысы организммен екі жақты қарым-қатынаста болады. Организмнің күш қабілеті, ісікке деген төзімділігі өте жоғары болса, онда бірінші саты ұзаққа созылып, екіншісінің болмауы да мүмкін. Кейде екінші саты біріншіге көшіп, кері процесс жүруі, сондай-ақ канцерогендер тікелей иммунитетке зиянды әсерін тигізіп, ісік ауруына әкелуі мүмкін

60-жылдардың ортасында Л.А.Зильбер ашқан вирусы-генетикалық теория жасушалардың қатерлі ісікке айналу себебін және оларды зерттеуге бағытталған жаңа механизмдерді түсіндіруде аса маңызды рөл атқарады. Бұл теорияның негізгі жағдайларыкейін бірқатар зерттеулермен дәлелденді. Қазіргі кезде, көбінесе, кездейсоқ пайда болған қатерлі ісіктер онкогенді вирустармен шақырылады деп саналады. Онкогенді вирустың жасушаға әсері – ДНҚ құрылымында өзгеріс шақырады. Бқл өзгерістер жасушаларды реттейтін жүйелер арасындағы қатынасты бұзады, соның әсерінен олар қадағалаудан шығып, реттеуге бағынбай дамылсыз өсіп-өніп ісік ұясына алып келеді.

58-Вакциналардың алыну әдісіне қарай жіктелуі

Француздың ұлы ғалымы Л. Пастер 100 жыл бұрын вакцинацияның ғылыми негiздерiн ашты және «вакцина» деген терминдi енгiздi. Иммунизацияның негiзiн қалаушы қағида – иммуногендер ретiнде микроорганизмдердiң әлсiз (аттенуацияланған) штамдарын қолдану. Вакцина тірі, өлтірілген, химиялық, анатоксиндер, ассоциацияланған болып ажыратылады.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 18.118.193.73 (0.01 с.)