Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Гуморалдық иммунитеттің анықтамысын жазыңыз.

Поиск

18.Гуморалдық иммунитеттің анықтамысын жазыңыз.

Гуморалды иммунитет жүйесі- антигендерге қарсы антидене синтездеу қызметін атқаратын арнайы жүйесі болып табылады. Оның функционалдық белсенділігі иммунитеттің Т-жүйесі және мононуклеарлы фагоциттер жүйесімен тығыз қарым қатынасуына байланысты болады.Гуморалды иммунитет жүйесінің негізгі жасаушалары антидене синтезіне жауапты В-лимфоциттері болып табылады. Антидененің гуморалды иммундық жауапта қатысуы еритін және корпускулалы антигендермен иммундық жауапта қатысуы еритін және корпускулалы антигендермен иммундық комплексі түзілуіне байланысты. Иммундық комплекстің құрамында антигендер оқшауланады және немесе жойылады. Бұл негізгі үш тәсілге байланысты: (нейтрализация), комплемент жүйесінің активтенуі және фагоцитоз.

Сонымен, антидене гуморалды иммунитет жүйесінің негізгі эффекторлы бөлігі болып табылады. Антидененің негізгі қызметі антиденді арнайы байланыстыру. Антиген мен антидененің арнайы әсерлесуі олардың арасындағы комлементарлық пен кеңістіктік сәйкестікке негізделген.Ең алғаш гуморалды жүйенің орталық мүшесі құстарда табылған, ол Bursa Fubricius мүшесі, сол себептен Bursaдағы лимфоциттер В-лимфоциттер деп, ал гуморалды иммуниттет жүйесі В-жүйесі деп аталған.

19.Біріншілік гуморальдық иммундық жауаптың факторларын атаңыз.

Антигендермен әрекеттесу бойынша иммундық жауап екіге бөлінеді:

1. біріншілік иммундық жауап

2. екіншілік иммундық жауап

 

Біріншілік иммундық жауап 4-7 күндері дамиды.Біріншілік гуморалдық иммундық жауаптың негізгі В-лимфоциттердің белсендірілуі және олардың антидене түзетін плазмоциттерге айналуы болып табылады.Антиденелердің басым көпшілігін IgM құрайды;жасушалық иммундық жауап – пісіп-жетілген эффекторлары Т-лимфоциттердің пайда болуымен белгіленеді.Антигенмен бірінші рет жанасқаннан кейін зерде Т-және В-жасушалары түзіледі.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 7; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.147.46.181 (0.01 с.)