Мы поможем в написании ваших работ!



ЗНАЕТЕ ЛИ ВЫ?

Жоғары сезімталдылықтың ІІ типінің ауруларын атаңыз және сипаттама беріңіз?

Поиск

41.Жоғары сезімталдылықтың ІІ типінің ауруларын атаңыз және сипаттама беріңіз?

Гемолитикалық анемия АгранулоцитозГепатотоксика-лыққасиет

Кумбс және Джеллдің жіктеуі бойынша жоғары сезімталдықтың екінші түрі –цитотоксикалық немес цитотоксикалық серпілістер.Олардың патогенезінде IgG және IgM қатысады.Бұл антиденелер жасуша бетіндегі антиген детерминатарына жабысып иммундық кешен түзеді. Әрі қарай комплемент жүйесінің класикалық жолмен белсенуі жүреді.Нәтижесінде түзілген лизистік кешен С5-С9, антидене жабысқан жасуша мембранасын бұзады,ал аралық өнімдер С2а, С3а, С5а, С5,6,7 жедел эксудациялық қабынуды тудырады .Осылайша деструкциялық-қабыну үрдісі дамиды.Пайда болған зақымданулардың орналасуы тек сәйкес антиген детерминантасы бар жасушалар және тіндермен ғана шектеледі.

.Цитотоксикалық аллергиялық реакцияның клиникалық көріністерін атаңыз.. II-түрі бойынша дамитын аллергиялық серпіліс мысалдарына дәрілік цитопения жатуы мүмкін, мысалы: анальгин қабылдағаннан кейінгі гранулоцитопения. Көптеген дәрілік заттарды қабылдағанда тромбоцитопения, лимфопения, анемия дамуы мүмкін. Олардың даму патогенезінің негізінде осы дәрілердің немесе олардың өнімдерінің қан жасушаларының нәруыздарымен кешенді антиген құруы жатады. Дәрілік гаптендерге қарсы түзілген антиденелер қан жасушалары бетінде жабысып, комплементті әсерлеу арқылы осы жасушаларды ерітіп жібереді.

42.Жоғары сезімталдылықтың ІІІ типінің ауруларын атаңыз және сипаттама беріңіз?

Иммуундық кешен ауруының даму себептерін атаңыз.

1.Фагоцитарлық жүйенің үнемі немесе бір уақытта қарқынды жүктемеден соң көп көлемде иммундық кешендердің түзілуі (жедел және созылмалы жұқпалар және аутоиммундық аурулар кезінде).

2.Майда дисперсиялық иммундық кешендердің көп мөлшерде түзілуі ,олар комплемент жүйесін белсендіре алмағандықтан ,фагоцитозға нашар ұшырасады.Майда дисперсиялық иммундық кешендер антиденелердің немесе антигендердің мөлшерде көп болған жағдайда түзіледі.

3.Қан ағысының баяулауы және микроайналымның бұзылуы.

4.Фагоцитарлық жүйенің жеткіліксіздіктері.



Поделиться:


Последнее изменение этой страницы: 2024-06-27; просмотров: 9; Нарушение авторского права страницы; Мы поможем в написании вашей работы!

infopedia.su Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав. Обратная связь - 3.22.27.41 (0.009 с.)